Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет65/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107

199 
 
Орын  ауыстыру  датчигі  бойынша  сигналдарды  қалыптастыру  əдісі 
бойынша джойстиктердискреттікжəне аналогты болып бөлінеді. 
Д и с к р е т т і к д ж о й с т и к т е р д е  сап  қозғалғанда  басқарудың  шығу 
сигналы екі мəн ғана қабылдай алады: 0 немесе 1; осы шектеу үшін олар тез 
ескіріп кетті. 
А на ло г т ы д ж о йс т икт е р шығу сигналын саптың бұрылуына бай- 
ланысты  бірсарынды  ауыстырады:  ауытқу  бұрышы  көп  болған  сайын, 
сигналдың  да  деңгейі  жоғарырақ  болады.  Түрлендіргіштер  ретінде  оларда 
потенциометрлер,  байланыссыз  магниттік  резистивтік  жəне  оптикалық 
датчиктер қолданылады. 
Джойстикті  гейм-порт  арқылы  қосу  үшін  15  қадауышты  жалғағыш 
қолданылады.  Қазіргі  ойын  порты  аналогты  сигналдардың  шағын  санын: 
бірқалыпты  ретеудің  төрт  осі  (Х1,  Y1,  Х2,  Y2)  жəне  төрт  батырманы 
қолдайды,  сондықтан  қазіргі  джойстиктерде  тұтқыштың  еркіндік 
деңгейлерін арттыру үшін USB перспективтік интерфейсін қолданады. 
Геймпад  (ойын  планшеті)  —  бұл  компьютерлік  ойында  екі  қолмен 
басқаруға  арналған  манипулятор.  Бұл  құрылғы  бейнеойындарда 
қолданылды: əдетте сол қолмен теледидар экранында объекттің қозғалысы 
бақыланды,  ал  оң  қолмен  батырмаларды  басу  арқылы  əртүрлі  əрекеттер 
орындалды.  Қарапайым  геймпадтардың  екімини-джойстигі,  бірқатар 
бағдарламаланатын  батырмалары,  жылжымалы  реттеуіш  жəне  жұмыс 
режимдерін ажыратып-қосу бар, бұл аркадалық ойындар үшін жеткілікті. 
Геймпадтар  үздіксіз  жетілдіріліп  отырады  жəне  соқтығыс  пен 
соққылардан  қайтарым  əсерін  құру  үшін  керібайланыс  жүйесі  бар 
симуляторлар  үшін  қолданылады.  Бүгінгі  таңда  дербес  көздерден 
қоректенетін  (гальвани  элементтерден  немесе  аккумуляторлардан)  сымсыз 
манипуляторлар қолданылады. 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1.  Пайдаланушы пернетақтаның көмегімен жасайтын негізгі 
әрекеттерді атаңыз. 
2.  Пернетақта пернелердің қандай топтарынан тұрады? 
3.  Пернетақтаға қандай талаптар қойылады? 
4.  Пернетақта жұмысының қағидаларын түсіндіріңіз. 
5.  Сіз қандай символдарды кодтау жүйелерін білесіз? 
6.  Манипуляторлар дегеніміз не? 
7.  Оптикалық тінтуірдің кәдімгі тінтуірден қандай айырма- 
шылығы бар? 
8.  Сіздерге таныс манипуляторға қысқаша сипаттама бері- 
ңіз. 


200 
 
    4.5.   
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР 
 
4.5.1. Дыбыстық тақшалар 
Дыбыстық  (акустикалық)  ақпаратты  өңдеу  жəне  дыбыстаудың 
аппараттық  құрылғылары  мультимедиа  технологиясын  (ағылш.multimedia, 
multi  —  көп  жəне  media  —  құрал)  жүзеге  асыру  үшін  негіз  болып  
табылады,  ол  мəтіннің,  фотоның,  суреттердің,  анимация  жəне  видеоның 
дыбыстық сүйемелденуін қамтамасыз етеді. 
Мультимедиялық  аппаратураның  негізгі  жиынтығы  дыбыстық 
тақшалардан,  акустикалық  жүйелерден  (колонкалар),  құлаққаптар  мен 
микрофондардан тұрады. 
Дыбыстық  тақшалар  əртүрлі  дыбыстық  сигналдарды  (фонограмма- 
ларды): музыка, сөйлеу жəне басқа акустикалық əсерлерді жазу, құру жəне 
дыбыстау үшін қолданылады. 
ДЭЕМ-да  дыбыстық  ақпаратмикрофоннан  немесе  дыбыстың  басқа 
көзінен, цифрлық сигналдан жəне музыканың ішкі синтезі есебінен сыртқы 
аналогты сигналдан қалыптастырылуы мүмкін. 
Аналогты  формада  дыбыс  адам  қабылдайтын  20  Гц-тен  20  кГц-ке 
дейінгі  диапазонда  өзгеріп  отыратын  амплитуда  мен  жиіліктегі  үздіксіз 
сигнал (акустикалық толқын) болып табылады. 
Аналогты ақпаратты ДЭЕМ-да өңдеуге жарамды ету үшін оны цифрлау 
қажет  —  кодтық  (цифрлық)  қиыстыруларға,  яғни  дискреттік  түрге 
айналдыру керек. 
Үздіксіз  ұсынылған  ақпаратты  біркелкі  дискреттеу  əдісінің  теориялық 
негізін 1933 ж. кеңес академигі В. А. Котельников əзірледі. 
Котельниковтың  теоремасына  сəйкес,  жоғарыда  F
max
  жиілігімен 
шектелген дыбыстық сигнал 2F
max
  кері  пропорционалды  интервалға  алшақ 
тұрған  ∆  tуақыты  сəттерінде  өз  мəндерінің  бірізділігімен  толығымен 
анықталады: 
 




 
 
2F
max 
 
Сондықтан дыбысты дискретті формаға айналдыруды уақыттың тиянақ- 
талған  сəттерінде  дыбыстық  сигналдың  амплитудасын  өлшеу  жəне  оның 
деңгейін кванттау — осы кодтың разрядтылығымен (тереңдік цифрлау) 


201 
 
шектелген  мəндер  жиынтығынан  оған  бір  мəнді  цифрік  код  беру  арқылы 
жүзеге  асырылады.  Дыбысты  кодтауда  оның  сапасы  уақыт  бірлігінде 
акустикалық  сигналды  өлшеу  сандарына  да  тəуелді,  яғни  дискреттеу 
жиілігіне тəуелді, ол 2F
max
 аспауы тиіс. 
Түрлендірудің  осы  əдісі  импульстық-кодтық  модуляцияPCM  (Pulse  
Code  Modulation  —  импульстық-кодтық  модуляция)  деп  аталады;  қазіргі 
таңда ол сөйлеу мен музыканы кодтауда ең кең тараған болып табылады. 
Типтікдыбыстық  карталар  цифрлау  тереңдігі  8  жəне  16  разрядты 
дыбысты  жазуға  мүмкіндік  береді,  ол  сигналдың  256  жəне  65  536  əртүрлі 
деңгейлеріне  сəйкес  келеді.  Разряд  көп  болған  сайын,  фонограмманың 
сапасы  да  жақсара  түседі  (мысалы,  8разрядтық  кодтаукассеталық 
магнитофонның,  ал  16  разрядтық  —  компакт-дисктің  дыбысталу  сапасын 
қамтамасыз етеді). 
Цифрланған  сигналдың 
разрядтығын  шығарылатын  дыбыстың 
динамикалық диапазоны — қатты дыбыс ақырын дыбысқа қарағанда қанша 
есе  көп  болатынын  анықтайды.  Динамикалық  диапазон  децибелмен  (дБ) 
өлшенеді,  олардың  саны  фонограммадағы  дыбыстың  қаттылығы  неше  есе 
ұлғаятынын немесе төмендейтінін көрсетеді. 
8  разрядтық  дыбыс  үшін  динамикалық  диапазон  48  дБ,  16-разрядтық 
үшінол  96  дБ-ға  жетеді.  Егер  жазылатын  дыбыстың  үлкен  қаттылық 
айырмалары  болса(симфониялық  оркестрдің  дыбысталуына  тəн),  оны 
жеткіліксіз  разрядтықпен  жазғанда  сигналдың  қатты  бұрмаланулары  орын 
алады.  Сондықтан  кəсіби  дыбыстық  карталардың  цифрлау  тереңдігі  20 
биттан аспайды. 
Қазіргі дыбыстық тақшалар 8,0...44,1 кГц дискреттеу жиілігін  ұстайды, 
ал  кейбіреуі  —  48  кГц,  22...24  кГц-дейінгі  жиілікте  аналогты  сигналдарға 
сəйкес  келеді,  одан  жоғары  сигналдарды  адамның  есту  қабілеті 
қабылдамайды.  Дыбысты  дəлірек  өңдеу  жəне  музыка  дыбысталуының 
табиғилығы үшін кəсіби дыбыстық тақшалар 96 кГц жəне одан да жоғары 
жиіліктерді ұстай алады. 
Цифрланған  дыбыс  шығарылатын  сигналдардың  жоғары  сапасын 
(шынайылығын)  қамтамасыз  етеді  жəне  жоғарылатылған  кедергіге 
төзімділікке  ие,  бірақ  сақтау  үшін  ДЭЕМ-ның  дисктік  жадының  үлкен 
шығындарын талап етеді. 
Мысалы, цифрлау тереңдігі 16 бит жəне дискреттеу жиілігі 44,1 кГц 1 с 
стереофониялық  аудиожазбаны  сақтау  үшін  көлемі  176,4  Кбайт  жады 
қажет. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау