Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет64/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107

196 
 
[F1]...[F12]  функционалды  пернелерін  пайдаланушылар  ДЭЕМ-ның 
анықтамасын  жəне  бағдарламаланатын  басқарылуын  шақыру  үшін 
қолданады. 
Мəтінмен жұмыс істеуде пернелердің белгілі бір тіркестері жиынтықты 
тиімді басқаруға жəне тінтуірсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Мəтінді  пернетақтада  теруді  басу  деп  атайды.  10  саусақты  қолдана 
отырып,  соқыр  теру  əдісі  деп  аталатын  мəтінді  тез  енгізуді  меңгеруге 
мүмкіндік  беретін  басу  техникасына  үйретудің  көптеген  əдістемелері  мен 
бағдарламалары бар. F/А жəнеJ/О əріптері бар пернелерге қолдарды дұрыс 
қою  үшін  сұқ  саусақтарды  орналастыру  үшін  нүктелер  немесе  сызықтар 
түрінде шағын дөңестіктер жасайды. 
Көптеген  заманауи  əліпбилік-цифрлық  пернетақталар  стандарттық 
жиынтықтан  басқа  қосымша  пернелермен  (əдетті  бір  өлшем  мен  пішінді), 
ажыратып-қосқыштардан  жəне  қозғалтқыштармен  жабдықталады,  олар 
ДЭЕМ-ның  кейбір  мультимедиялық  функцияларын  жеңілдетілген  басқару 
үшін арналған. Осындай пернелер жиі мультимедиялық деп аталады. Олар 
төмендегілерді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 
■  дыбысты; 
■  компакт-дисктерге арналған жетектегі науаны (дискті шығару, дискті 
қабылдау); 
■  аудиоойнатқышты; 
■  компьютердің желілік мүмкіндіктерін; 
■  жиі қолданылатын бағдарламаларды іске қосуды; 
■  операциялық жүйе терезелерінің күйін; 
■  ДЭЕМ-ның тосу жəне ұйықтау режимдерін, компьютерді өшіруді жəне 
т.б. 
Электронды  пернелікаспаптарда  (пианино,  рояль,  орган,  синтезатор) 
ойнау  үшін  музыкалық  пернетақталар(MIDI-пернетақталар)  шығарады. 
Олар  дыбыс  толқындары  генераторының  көмегімен  əртүрлі  аспаптардың 
дауыстарын келтіруге мүмкіндік береді. 
Қазірге  кезде  бактерияларға  қарсы  жабындысы  бар  суға  төзімді 
пернетақталар  қолданыла  бастады,  PS/2-ніUSBинтерфейсінежəне  сымсыз 
интерфейстергеауыстыру тенденциясы байқалады. 
 
 
4.4.2. Манипуляторлар 
Монитор экранында курсорды кеңістіктік басқару үшін манипуляторлар 
— қозғалыс еркіндігінің көптеген дəрежелері барқұрылғылар. 


197 
 
ДЭЕМ-даграфикалық  интерфейстерде  курсормен  жұмыс  істегенде 
пернетақтаны 
тиімді 
алмастыратын 
«тінтуір» 
манипуляторыжəне 
джойстиктер менгеймпадтар сияқты ойын манипуляторлары қолданылады. 
Тінтуірдің жұмыс істеу принципі оны жазық бетте жылжыту барысында 
өзінің  орналасуы  туралы  өзгерістерді  компьютерге  тиянақтау    жəне 
жіберуге негізделген. Тінтуірдің жылжуын дүркі-дүркін қадағалай отырып, 
арнайы бағдарлама монитор экранынң шегінде осы жылжудың бағыты мен 
қашықтығына  сəйкес  келетін  курсор  координаталарын  өзгертуді  орындап 
отырады. 
Типтік  тінтуір  пластмасс  корпусында,  пішіні  мен  өлшемі  алақанда 
ұстауға  ыңғайлы  етіп  жасалады.  Тінтуір  қалпын  анықтау  үшін  қозғалыс 
датчиктерін құрудың механикалық жəне оптикалық əдістері қолданылады. 
Механикалық  әдіс  координаталық  датчиктердің  шар  тəрізді  жетегіне 
негізделген.  Тінтуір  көлденең  бетпен  қозғалғанда  резеңке  жабындысы  бар 
ауыр  металл  шарының  домалауы  орын  алады,  ол  кез  келген  бағытта  еркін 
қозғала  отырып,  қысқыш  құрылғының  көмегімен  тінтуірдің  ішіндегі 
координаталық білікшелерді айналдыра отырып, оларға жанасады. 
Білікшелер саңылаулары немесе сəуле тəрізді тіліктері бар дискпен бірге 
өз  осьтері  бойынша  қозғала  отырып,  бір-біріне  перпендикулярлы 
орналасқан.  Әр  дисктен  ақпаратты  оқу  сəуледиод  жəне  екі  фотодиодтан 
тұратын  инфрақызыл  оптикалық  датчиктермен  жүзеге  асырылады.  Шар 
қозғалғанда  диск  айналып,  өз  тіліктерімен  жарық  ағынын  бөгейді  жəне 
өткізеді,  сондықтан  бірінші  фотодиод  дүркін-дүркін  тінтуірдің  жылу 
жылдамдығына  сəйкес  келетін  жиілікпен  сигналды  белгілейді;  біріншісіне 
қатысты  жылжытылған  екінші  фотодиод  дисктің  айналу  бағытын  анықтау 
қызметін  атқарады.  Механикалық  қозғалысты  электр  импульстеріне 
түрлендіруден 
алынған 
осы 
сигналдар 
алдын 
ала 
тақтаның 
микросхемаларымен  өңделеді  жəне  COM,  PS/2  немесеUSB  жіктері  
бойынша ДЭЕМ-ға түседі. 
Шар  тəрізді  жетектің  негізгі  кемшілігі  шар  мен  білікшелердің 
ластануымен  байланысты,  ол  курсордың  қозғалуының  тоқтауына  алып 
келеді.  Оларды  оқтын-оқтын  тазалап  тұру  үшін  тінтуірде  оңай  алынатын 
қақпақ көзделген.Тінтуірмен жұмыс істеу  үшін жазық тегіс бет қажет (осы 
мақсатта резеңке қосылған кілемшелер). 
Қазіргі  кезеңде  механикалық  тінтуірлер  қолданылмайды  жəне  толы- 
ғымен оптикалық тінтуірлерге ауыстырылды. 
Оптикалық  тінтуірлердефотосенсор  —  ЗБҚ  (зарядтық  байланысы  бар 
құрылғы)  қолданылады,  ол  кескіндемені  өңдеу  процессорымен  микро- 
схемада орналасқан. 


198 
 
ЗБҚ  оқтын-оқтын  тінтуір  астындағы  бетті  сканерлеп  отырады,    ол 
жиілігі  секундына  60  импульпен  сүйір  бұрышпен  қызыл  түсті  
сəуледиодпен  сəулелендіріледі.  Қозғалыс  барысында  ЗБҚ  кезеңдік 
(кадрлық)  өзгерістер  болады,  олар  бойынша  процессор  тінтуірдің  қай  
жаққа жəне қандай қашықтыққа жылжығанын анықтайды. 
Соңғы  кезде  оптикалық  тінтуірдің  кез  келген  беттерде  (оның  ішінде 
шыны жəне айналық беттерде) тұрақты жұмыс жасауы үшін сəуледиодтың 
орнына қуаты аз жартылай өткізгіштік лазер қолданыла бастады. 
«Тінтуір»  манипуляторларының  барлық  модельдерінің  бірден  үшке 
дейін батырмалары жəне қосымша басқару элементі (айналдыру дөңгелегі) 
бар, олардың қимылдары курсордың ағымдағы күйімен байланысты. 
Батырмалар  негізгі  қимыл-амалдарды  орындауға  арналған:  объектіні 
таңдау  (басулармен),  белсенді  жылжыту  (яғни  экранда  кесіндінің 
басталуын  жəне  соңын  салу  немесе  белгілеу  үшін  басылып  тұрған 
батырманы  жылжыту  үшін,  ол  тік  төртбұрыштың  диагоналі,  шеңберің 
диаметрі,  объектінің  жылжытуда,  мəтінді  қаралауда  бастапқы  жəне  соңғы 
нүкте ретінде түсіндіріле алады). 
Айыру  қабілеті  жалғыз  параметрі  болып  табылады,  ол  монитор 
экранындағы тінтуір көрсеткіші оны үстел бетінде 1 дюйм-ге жылжытқанда 
нүктелердің  қанша  санына  жылжитынын  көрсетеді.  Әдетте  тінтуірдің 
айыру қабілеті 600 dpi (дюймге келетін нүктелер саны) құрайды. 
Трекбол  жұмыс  істеу  принципі  мен  функциялары  бойынша  
механикалық  тінтуірге  ұқсас  (іс  жүзінде  бұл  төңкерілген  тінтуір). 
Трекболда шар жоғарыда орналасқан жəне құрылғы корпусын жылжытпай 
алақанмен 
немесе 
саусақтармен 
айналдырылады. 
Трекболдың 
құрастырылымышардың  өлшемдері  мен  орналасуымен  ерекшеленеді:  кей 
модельдерде ол қолдың бас бармағымен басқарылады, кей модельдерде — 
ортада  немесе  ортадан  оңға  қарай  орналасқан  жəне  сұқ,  ортаңғы  жəне 
шылдыр шүмек саусақтарымен басқарылады. 
Трекбол  тінтуір  сияқты  қозғалу  үшін  орынды  қажет  етпейді;  жұмыс 
барысында  білек  қозғалыссыз  болады,  ол  қолдың  шаршауын  айтарлықтай 
төмендетеді. 
Трекболдар  негізінен  ноутбуктарда  жəне  пернетақтаға  кіріктірілегн 
құралдар ретінде қолданылады. 
Компьютерлік  ойындарда  пернетақта  мен  тінтуірдің 
орнына 
жылдамырақ  жайғастырылатын  арнайы  манипуляторлар:джойстиктер  мен 
геймпадтар  қолданылады,олар  шынайы  объектілерді  басқару  органдарына 
ұқсатылған. 
Джойстик  қойғыштағы  тұтқыш  (сап)  болып  табылады,  ол  бірнеше 
жазықтарда  бұрыла  алады.  Тұтқыш  пен  қойғыштарда  əртүрлі  батырмалар 
мен ажыратып-қосқыштар орналастырылған. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау