77
PCMCIA стандартында алдымен CardBus шинасы қолданысқа енгізілді,
бұл 33 МГц жиілігінде жұмыс істейтін PCI 32-разрядты шинасымен
логикалық жəне электрлік тұрғыдан бір-бірімен сəйкес келеді. Қазіргі
уақытта ExpressCard формфакторының жаңа картасы PCIExpress бір
каналды шинасында пайдаланылады.
Ыңғайлы шағын компьютерлерді үстел үстіне орнатылатын ДЭЕМ-мен
байланыстыру үшін, сонымен қатар оған түрлі перифериялық құрыл-
ғыларды қосу үшін IrDA (InfraredDataAssociation — инфрақызыл сандық
қосылу) сымсыз технологиясы жəне Bluetooth*(көгілдір тіс) радио-
байланысы пайдаланылады.
IrDA адаптері 850...900 нм диапазонда жұмыс істейтін күші аз таратқыш
инфрақызыл жарықдиодымен жабдықталады. Мəліметтерді жіберу
фотодиод қабылданатын оптикалық сигналдардың біртіндеп сəулеленуі
арқылы жүзеге асырылады. Мəліметтер 10 битті блокпен беріледі, бұл 10
блок бастапқы бит, 8 ақпарат биті жəне тоқтату битінен тұрады. Осындай
байланыс кезінде көп энергия жұмсалмайды, зиянды жоғары жиілікті
сəулелену процесі болмайды, бірақ тура көріну шегінде ғана жұмыс істейді
жəне «нүкте-нүкте» режимінде орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта
IrDA
құрылғысы 115,2 кбит/с-дан 4 Мбит/с-ға дейінгі тарату
жылдамдығына ие, алайда байланыс каналы бірнеше метр жəне 30° дейінгі
тура көріну бұрышы қашықтығымен шектеледі. Инфрақызыл байланыс
негізінен Интернет желісінде жұмыс кезінде ноутбукты мобильді
телефонға қосу үшін пайдаланылды.
Bluetooth пакетті радиокоммуникация технологиясы 802.15 халықа-
ралық стандарты бойынша құрылған жəне дербес компьютер, перифериялы
жабдықтар, мобильді телефон жəне өзге де түрлі электронды құрыл-
ғылармен мəліметтерді сымсыз түрде жіберуге мүмкіндік береді. Bluetooth-
дің тура көріну немесе «нүкте-нүкте» қосылысын қамтамасыз ететін IrDA
интерфейсінен айырмашылығы – көп нүктелі радиоканал секілді қызмет
атқарады.
Bluetooth радиопротоколы 10...100 м.байланыс қашықтықты 2,4 ГГц
жиілікті диапазонда ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді жəне пайдала-
нушының оның жұмыс орны мен бөлмесі шегінде жеке жергілікті PAN
(PersonalAccessNetwork — дербес қолжетімділік желісі) желісін құруы
мүмкін. Желі көптеген тораптармен құрылып, жұмысты бір каналда сегіз
құрылғыға дейін жіберуі мүмкін. Bluetooth құрылғысы 2 Мбайт/с-дан
көбірек мəліметтер алмасуын қамтамасыз етеді, олардың қабылдағыштары
мен таратқыштарының өзара бағытталуын талап етпейді, пайдаланушыға
неғұрлым қолайлы
* «Көк тіс» деген лақап ат берілген Дания королы Гарольд II (Х ғ.) құрметіне
байланысты аталған.
78
жұмыс жағдайын тудырып, кабельді қосылудан жəне кеңістіктің шекте-
луінен босатады. Радиоалмасуды қорғау мақсатында мəліметтер Bluetooth
құрылғылары арасында құпияланады.
Қазіргі уақытта Bluetooth құрылғылары жəне адаптерлерімен барлық
қалта компьютерлері, көбінесе ноутбуктер, кейбір үстел үстіне орна-
тылатын ДЭЕМ, сонымен қатар перифериялық жабдықтардың (принтерлер,
сандық фотокамера т.б.) маңызды бөліктері жасақталған.
Интерфейстердің түрлі тарихи жолмен пайда болуы ДЭЕМ мен түрлі
өндірушілердің перифериялық жабдықтарының сəйкестігін қамтамасыз ету
үшін арнайы өткізу құрылғыларын жасап шығарудың қажеттілігін
тудырды.
Қазіргі уақытта өткізгіштердің мынадай түрлері бар: USB-LPT, USB-
COM, USB-SCSI, PS/2-USB жəне т.б.
Перифериямен үйлесімділігі неғұрлым маңызды болып келетін
ноутбуктер үшін PCСaгd-қа қосылатын сымды жəне сымсыз адаптерлер
болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. ДЭЕМ құрудың магистральді-модульді қағидасы неге не-
гізделген?
2. Дербес компьютердің аппараттық құралдарының құра-
мын және олардың тағайындамасын атаңыз.
3. ДЭЕМ-ның аппаратты бөліктері арасындағы ақпараттық
өзара әрекет негізі неден тұрады?
4. Солтүстік және оңтүстік көпірді не қамтамасыз етеді?
5. Жүйелік шина интерфейсінің негізгі стандарттарын ата-
ңыз.
6. Қазіргі заманғы ДЭЕМ Plug and Play технологиясын не
үшін пайдаланады?
7. Тоқтату жүйесі не үшін пайдаланылады?
8. Қандай толықтырғыштарды білесіз?
9. ЭЕМА-да толықтырғыштарды қосу үшін қандай интер-
фейстер пайдаланылады?
10. «Жедел» қосылу режимінің сипаттамасы және оны пай-
далану үшін қандай интерфейс рұқсат етіледі?
11. Қандай құрылғы перифериялық болып саналады?
12. Неғұрлым кең таралған енгізу-шығару порттарын атаңыз.
13. Клавиатура және тінтуірді қосу үшін қандай порттар пай-
даланылады?
79
14. Параллельді интерфейстердің бірізді интерфейске ауыс-
тыру үрдісі не үшін сақталған?
15. Сымсыз байланыс түрлерін атаңыз. Олардың өткізгіш ар-
қылы іске асатын байланыстан қандай артықшылығы
бар?
3.2.
ДЭЕМ-ның НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
3.2.1.Процессорлар
ДЭЕМ негізін орталық өңдеуші құрылғы – процессор (микропроцессор)
құрайды, ол мəліметтердің арифметикалық жəне логикалық тұрғыдан
өңделуі, ОЕҚ, ішкі толықтырғыштар, перифериялық құрылғылармен
жұмыс істеуді ұйымдастыру, есептеу процесінің барысын басқару
қызметтерін атқарады. Қазіргі уақытта бір-бірінен қызмет атқару
мүмкіндіктері, құрылымы жəне конструктивті орындаушылығы бойынша
ерекшеленетін процессорлардың көптеген түрлері бар.
Процессор сипаттамасы өндіріс технологиясы, архитектурасы, тактілік
жиілігі, регистр саны мен разряды, команда жүйесі, шина өлшемі, кэш-
жадымен орнатылған көлем, қуат күші, қалыпты температурасы жəне
корпусының түріне негізделген параметрлер жиынтығын анықтайды.
ДЭЕМ орталық процессорында толық командалы процессор, яғни жеке
операцияларды аппаратты түрде жүзеге асыратын CISC-процессоры
пайдаланылады.
Процессорлар арасында кең таралған айырмашылық – адрестер мен
мəліметтер разрядының санында: 8-, 16-, 32- жəне 64-битті. Дербес
компьютерлерде микропроцессорларды (МП) пайдалану іс жүзінде, IBMPC
ДЭЕМ-нің түрлі модификацияларында пайдаланған, 16- разрядты
үлгілерден басталды.
Тарихи тұрғыдан алғанда, неғұрлым кең таралған микропроцессор Intel
корпорациясының микропроцессоры болды, бұл алғашында мəліметтер
командасы мен форматы жүйесі бойынша қосылуды қамтамасыз ете
отырып, жобаланды.
Intel 8086 микропроцессоры IBM қосылғыш машинасы үшін базалық
аналог болды, сондықтан процессорлардың келесі шығарылған барлық
түрлері, негізінен оның тек архитектурасы мен командалық жүйесі
дамытыла отырып, процессор құрылымының идеологиясына негізделді.
Достарыңызбен бөлісу: |