Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет21/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107

65 
 
PCI  шинасы  тез  болып  саналса  да  графикалық  ақпараттарды  тиімді 
жіберуге  қабілетсіз.  Сондықтан  оны  жіберу  үшін  есте  сақтау  контроллері 
арқылы  ОЕСҚ-ға  тікелей  қолжетімділігі  бар  32-разрядты  бөлек  AGP 
(AcceleratecdGraphicsPort  —  тездетілген  графикалық  порт)  локальді 
шинасын қолданады. 
AGP тездетілген графикті порты үш өлшемді графиктің (3D-акселера- 
торлары) жұмысының тездетілген нəтижелілігіне қажет, мониторда сапалы 
сурет алу үшін үлкен көлемді видео жады қажет. AGP жақтауы графикалық 
ақпараттардың жіберілу жылдамдығын 1 Гбайт/с аса қамтамасыз ете алады. 
Қазіргі уақытта паралелльді шинадан реттікке көшу сөзбен айтылған үрдісі 
байқалуда, яғни ДЭЕМ-нің архитектурасында желілік шешімдерді қолдану. 
PCI шинасының орнына жаңа стандартты кезекті үлкен жылдамдықты 
PCIExpress шинасы келді. PCIExpress шинасы толығымен ДЭЕМ-нің 
ішіндегі үстелдік жəне ауыстырмалы PCI стандарттарын алмас- 
тырады. 
PCI-ға қарағанда жаңа шина əрқайсысы екі сигналды жолақпен «нүкте- 
нүкте»  байланысу  типін  қамтамасыз  ететін  тəуелсіз  (айырықшаланған) 
кезекті  (бір  разрядты)  топтардың  мəліметтерді  жіберудің  дуплексті 
каналдарынан тұрады. Стандартты болып PCIExpress шинасының 1, 2, 4, 8, 
16  жəне  32  каналдарын  қолданыуымен  қалыптастырылуы  қаралады,  ол 
мəліметтермен  алмасу  жылдамдығын  0,5...  16  Гбайт/с-қа  дейін  көбейтуге 
мүмкіндік береді. 
PCIExpress  шинасын  қолдану  ақпараттармен  алмасуды  он  есеге  
көбейтіп  қана  қоймай  көпірлердің  микросұлбаларында  контактілер  санын 
елеулі  түрде  қысқартуға,  ДЭЕМ-нің  жүйелі  тақтасының  ажыратуын 
оңайлатып AGP шинасын тиімді түрде ауыстырады. 
ДЭЕМ-нің  аппаратты  бөліктерінің  арасындағы  ақпаратты  өзара 
əрекеттіліктің  негізін  (3.1-суретті  қараңыз)  əр  түрлі  дəрежедегі  қисын- 
дастықты паралелльді шиналар жүйесі құрайды: процессорлар (FSB шина- 
сы), жүйелі шина (PCI стадратындағы шиналар) жəне ISA (LPC) шиналары, 
қызмет ету жинақтауыштары жəне енгізу-шығару құрылғылары. 
ДЭЕМ  ядросы  FSB  процессорлық  шинасымен  тікелей  байланысты 
процессор  мен  буферлық  жадыны  жасайды.  Процессор  басқа  құрылғылар 
қарым-қатынасында  кэш-жадымен  өзара  əрекеттесіп  ОЕСҚ-мен  жұмыс 
барысында үздік (абсолютті) басымдылыққа ие. 
Барлық заманауи процессорларда орнатылған бірінші (кей жағдайларда 
екінші)  дəрежелі  кэш-жады  болады,  сондықтан  3.1-суретте  көрсетілген 
кэш-жадысын үшінші деңгейлі кэш-жадыға жатқызуға болады. 


66 
 
Берілген буферлі жады процессормен ОЕСҚ-ның арасындағы мəліметтерді 
алмасуды  тездетуге  арналған.  Бастапқыда  айтылып  кеткендей  оперативті 
жадының динамикалық түріне қарағанда əлдеқайда жылдамырақ кэш-жады 
статистикалық ЗУ негізінде құралады. 
ОЕСҚ  модульді  қағидада  жасалынып  есте  сақтау  көлемін  4  Гбайт-қа 
дейін көбейтуге мүмкіндік береді. 
Компьютердегі  ақпараттармен  барлық  алмасу  бір  негізге  біріктіріледі 
жады  контроллерімен  –  коммуникацияланған  микросұлбамен  (солтүстік 
көпірмен). ДЭЕМ-нің мұндай орталық бөліктерінің құрылуы компьютердің 
функционалды  компоненттерін  оптималды  түрде  біріктіруге  мүмкіндік 
беріп,  олардың  тəуелсіз  модернизациясын  мүмкіндігінше  сақтайды. 
Мысалға, солтүстік көпірдің бір түрін қолдана отырып əр түрлі өндірістегі 
процессорларды 
қолдануға 
болады; 
көпірді 
алмастыра 
отырып 
процессормен  оперативті  жадының  мүлдем  əр  түрлі  түрлерін  қолдануға 
болады 
Процессор  бірнеше  слоттар  арасында  бір  уақытта  мəліметтерді  жіберу 
мүмкіндігін  қамтасамыз  ете  отырып  PCI  шинасына  қосыла  алады.  PCI 
слоттары  ДЭЕМ-нің  мүмкіндіктерін  унифицияланған  функционалды 
қосымша  модульдерді  –  дыбысты  жəне  модемді  тақта,  желілі  карта,  
шеткері  құрылғылардың  əр  түрлі  контроллерлерін  жəне  т.б.  пайдалан- 
ғанның арқасында үлкейтеді. 
ISA  немесе  LPC  шиналары  негізінен  жинақтауыш  контроллерлерді, 
пернетақтаны  жəне  енгізу-шығару  порттарын  біріктіру  үшін  пайдала- 
нылады. 
AGP  шиналары  тек  бір  құрылғыны  –  видеоадаптерді  –  солтүстік 
көпірдегі  AGP  контроллерімен  байланыстырады.  Осылай  шина  ОЕСҚ-ға 
графикалық  мəліметтер  үшін  видеоадаптерге  өзінің  бөлек  каналы  арқылы 
қарау  мүмкіндігіне  ие,  сол  арқылы  заманауи  3D  тездеткіштеріне  тек 
орнатылған жадыны емес, ДЭЕМ-нің жүйелі жадысын қолдануға мүмкіндік 
береді. 
ДЭЕМ-нің  барлық  құрылғысы  əр  түрлі  жиілікте  жұмыс  жасайды, 
сондықтан  керекті  синхронизацияланған  тактілі  жиіліктің  кестесін  дайын- 
дауға тактілер генераторын қолданады. 
ДЭЕМ  əр  қайсысы  процессормен  жəне  басқа  да  белсенді  құрыл- 
ғылармен  паралелльді  түрде  өзінің  контрольлерімен  басқарылатын  өзіне 
тəн функцияларын автономды негізде орындай алатын əр түрлі құрылғылар 
жиынтығынан  тұрады.  Бұл  жұмысты  бақылап,  ұйымдастырып  жəне 
қарастыратын  процессор  болып  табылады.  ДЭЕМ-нің  барлық  белсенді 
компоненттерінің оперативті қызмет етуіне процессорге олардың функцио- 
налды  процессінің  жағдайын  біліп  отыруы  қажет,  яғни  бұл  жағдайды 
мезгілді тексеру қажет. 


67 
 
Процессорды  бұндай  сауалнамалармен  тиемеу  үшін  штаттық  немесе 
критикалық  жағдайды  күту  кезінде  үзу  жүйесі  қолданылады.  Үзу  жүйесі 
процессорге  қазіргі  жұмысты  орындауға  мүмкіндік  береді,  тек  қажеттілік 
туған  кезде  пайда  болған  жағдайға  əрекет  ету  қажет  болған  кезде  ДЭЕМ- 
нің компоненттерінің жағдайын тексеру алаңдатады. Үзулердің қайнар көзі 
(сауалдармен)  болып  аппаратурадағы  жаңылулар  мен  түзетпеушіліктер 
болуы мүмкін; таймерлер сигналы, модульдер, ақпараттарды енгізу-шығару 
операцияларын  орындау  барысында  контролерлермен  периферилленген 
құралдар; бағдарламаны орындау барысындағы ерекше шарттарды ң пайда 
болуы жəне т.б. 
ДЭЕМ  256  əр  түрлі  нөмірленген  үзулерді  өңдей  алады,  сондықтан 
компьютерде  рұқсат  ету  мен  етпеу  мүмкіндігімен  анықталған  түрлі 
үзулерге  тыйым  салатын,  келіп  түсетін  сұратуларға  қызмет  етудегі 
басымдылық  реті  орнатылады.  Әр  үзуге  өзіндік  үзу  векторы  беріледі 
(адрес),  онда  процессордың  жұмысына  жəне  қызмет  ету  басымдылығына 
нақты  ұйғарым  сақталады.  Сондықтан  əр  үзуге  келген  əр  сұраныс  тиісті 
бағдарламаның ретімен үзуді оның кезексіз түсуі өңделеді. 
Үзулер  ішкі  (аппаратты  жəне  бағдарламалы)  жəне  сыртқы 
(периферилленген  құрылғылардан)  болып  бөлінеді.  Бағдарламалы  үзуге 
сұраныс шақырылатын үзудің нөмерінің көрсетілуімен арнайы командамен 
жүзеге  асырылады.  Аппаратты  үзуге  сұраныс  арнайы  электрлік  сигнал 
арқылы жасалады. 
Үзуге  сұраныс  келіп  түскен  кезде  процессор  жүріп  жатқан  бағдар- 
ламаны  өңдеуді  тоқтатып  тоқтатылған  процесстің  соңғы  күйін  сақтап, 
пайды  болған  жағдайды  өңдейтін  бағдарламаға  көшеді.  Қалдырылған 
бағдарламаның  жағдайы  процессордың  сəйкес  регистрларында  керекті 
жəне  жеткілікті  ақпараттар  жиынтығы  болып  бағдарламаның  тоқтатылған 
уақытынан бастап жүргізіледі. 
Үзулердің  басымдылық  топтарына  BIOS  бағдарламалары  жатады 
(BasicInput-OutputSystem — енгізу-шығару базалық жүйесі). Енгізу-шығару 
базалық  жүйесі  қуат  көзі  қосылғаннан  кейін  компьютердің  бастапқы 
қосылуына  арналған ДЭЕМ-нің  негізгі əуелгі  бағдарламасы.  BIOS  ДЭЕМ- 
нің  аппаратты  құрылғыларымен  түзетулер  тексерісін  жүргізетін  конфигу- 
рацияларының  негізгі  параметрлерін  сақтап,  операциялық  жүйенің  жүк- 
теуін қамтамасыз етіп, жүйелі үзулерге қызмет етеді. 
BIOS түзетулерді қамтамасыз ету үшін қайта бағдарламалатын тұрақты 
есте  сақтау  құрылғыларына  (ҚБТЕСҚ)  өндірістік  зауытпен  кіргізіліп  4 
Мбит-қа дейінгі көлемді қамти алады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау