Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша



жүктеу 5,05 Mb.
бет95/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс

Адам мәселесі - бүкіл философияның - сонау Конфуций, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылыкты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан, адам - жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға ұмтылған, баска тіршіліктен окшау тұрған Құдайға тұлға. Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны күнәға батырады, тіпті кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам хайуанның деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық — ол адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау болды.

Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін енгізген Джаноццо Манетти (1396-1459) болды. Өзінің «Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде» деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына токталып, сонымен қатар сол жаратылған Дүниенін ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай бүкіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.

Сонымен адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара - парлығы - Қайта өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.

Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшыл - ол Лоренцо Валла (1407-1457) болды. «Ләззат алу жөнінде» деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады», - деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы «өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару» сезімдік іс-әрекетсіз болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек. Ләззат - «жан мен дененің рахатқа батуы» ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың ортағасырлық аскеттікке (asketos - грек сөзі, кұмартудан бас тарту, адамның өзін-өзі шектеуі) карсы бағытталғанын байқау қиын емес.

Жастай өмірден кеткен талантты ойшыл Пико делла Мирандолланың (1463-1494 жж.) еңбектерінде Қайта ерлеу заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің «Адамның абыройы жөніндегі сөздер» деген еңбегінде ол: «Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды», - дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.

Оның ойынша, адам - бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер. Сонымен катар Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік еш нәрсе жоқ. Құдай адамды жаратқанда, оған әртүрлі өмірдің ұрықтарын салды. Адамның рухының ең ғажабы оның еріктігінде, оның алдындағы әртүрлі өмір жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, адам тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін.

Адамның таңдау еріктігі - ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны Сократтың айтып кеткен «өзіңді тани біл» деген жолынан іздеу керек, ол өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра көрсетеді.

Сонымен Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға апаратын жол деп түсінген Орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді.

Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып қалмай, керісінше, оның әрі қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне айналады.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау