3. Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, өмірде кездесетін бақытсыздықтар, ауру, өлім, жан-дүниенің қобалжып, денені қысуы, езуі т.с.с. мұның бәрі де - «алғашқы текті күнәнің» салдары, яғни моральдық бұзылудың нәтижесі. Августиннің айтуынша, «жан-дүниенің күнәлікке батуы бұзылған денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға батқан жан-дүние денені ауырлатып бүлдіреді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты.
Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
Дүниедегі зұлымдықтың түп-тамыры адамның еркінде болғаннан кейін, Августин оны егжей-тегжейлі талдап, еріктің тұрақсыздығын көрсетеді. «Ол мен едім, оны тілеген, сонымен бірге одан бас тартқан. Сонымен өз-өзіммен күресіп, өз-өзімді тырнадым», - дейді ойшыл.
Сократ уақытында: «Адамның зұлымдылыққа баруы - оның білмегенінде», - деген тұжырымға келген болатын.
Алайда адамдарды толғандыратын нәрсе - ол білім мен еріктің бір-бірінен алшақтығы. Жаксылық пен жамандықтың не екенін біле тұра, соңғыға ұмтылу -- адамдардың өмірінде жиі кездесетін құбылыс.
Августин бұл мәселеге «коперникандық төңкеріс» жасап, «бостандық - ақыл-ойдың емес, еріктің касиеті» деген пікірге келеді.
Ерік - ақыл-ойдың басқаша көрінісі. Ақыл-ойдың кабылдайтынынан ерік бас тартады. Ақыл-ой танып-біледі, ерік - таңдайды және оның таңдауы көбіне ақылға сыймайды.
Алғашқы тектік күнә - ол адамның тәкаппарлығынан шықты, ерік ауытқып, Құдай талабына сай келмеді. Адамның кеудесінде бос ұлылық пайда болып, менмендікке әкеледі, содан кейін тек өзін ғана мадақтап, өзін ғана сүйеді.
Августин: «Адамның еркі сонда ғана шынайы, егер ол зұлымдыққа бармаса», - дейді. Ондай талап адамға алдын ала қойылған болатын. Бірақ ол Құдайдың талабын бұзды, ал оның өзі оның еркін әлсіретті.
Сондықтан бірде-бір адам тек өз күшімен, қанша тырысса да, күнәлік шеңберден шыға алмайды, өйткені ол өз-өзіне жеткілікті емес. Оған әрқашанда Жаратушының көмегі керек.
«Адам тек өз күшіне ғана сеніп, Құдайдың қолдауынан бас тартса, ол әрқашанда күнәнің олжасы. Бірад әр адамның құтқарушысына сиынып, ерікті түрде Құдайдың сыйына жетуіне мүмкіншілігі бар. Адам әрқашанда Құдайына сену арқылы өзінің күш-жігерін зұлымдыққа қарсы күреске жұмсап қана нағыз еріктікке ие болады».
Енді біздің Августиннің қоғам мәселелерін қалай шешетіні жөнінде қарауымызға мүмкіншілік келді.
Достарыңызбен бөлісу: |