Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет49/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Эпикур философиясы

Эпикур (342-270 б.ғ.д.) - Демокриттің қолдаушысы. 306 ж. Афина қаласында өзінің мектебін ашты. Ол соңынан «Эпикур бағы» деген атақ алды. Мектептің қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, мұнда саған жақсы болады: мұнда ләззат алу - ең биік ізгілік».



Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол - каноника (таным теориясы), физика (табиғат жөніндегі ілім) және этика (мораль, әдет-ғұрып).

Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар шынайы қабылдауды туғызады, ал біздің баска мүшелерімізге кірсе, онда неше түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса, сезімдік таным бізді ешқашан алдамайды. Жалғандықтын қайнар көзі ақыл-ойда, тұжырымда. Өйткені ақыл-ой сезімдік танымға неше түрлі косындылар жасайды. Ал ой дегеніміз – ол сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате жібермес үшін, сөздердің алғашқы мағынасынан таймау керек. Эпикур адамдар, жалпы алғанда, Дүние және адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері жөнінде түсініктер жасайтынына күмән келтірмейді. Ал жеке ғылымдағы мәселелерге келер болсақ, онда әртүрлі пікірлер болуы мүмкін, тек әр адам өзінің ойын жақсы дәлелдей білуі керек.

Эпикур физикасьша келер болсак, оның негізгі қағидалары мынандай:

Еш нәрсе жоқтан пайда болып және жоқка кетпейді. Ғарыш әрқашанда осындай болған және болашақта да осындай болады, өйткені басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.

Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің сезімдеріміз айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас еді. Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі заттар кұрылған.

Ғарыштың көлемі шексіз - атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік жағынан алғанда да Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.

Оқырманның байқағанындай, мұндай көзқарас Демокритгін іліміне өте жақын. Тек Эпикурдың көзкарасының айырмашылығы — атомдарға көлемі мен бітімінен тыс салмақ косылады. Екінші негізгі Эпикурдың жасаған жаңалығы - өзінің салмағы аркылы кеңістікте құлдырап бара жатқан атом алғашқы бағытынан ауытқып кетеді. Олай болатын болса, бүл Демокриттің Дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген көзқарасына үлкен соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның ішкі қасиеттерінен шығады деп түсіндіреді.




жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау