Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет226/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 2. Жалқылық пен жалпылық

Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «Абсолюттік идея» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ойшылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактілік «материяны» көрген жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты талдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» бастап, эрі қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты.



Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қайсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен шартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қатар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінін байқайды. Осы ерекшелікті сезінудің нәтижесінде адамдардың санасында Даралық, жалқылық, ерекшелік, зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретіңде тамак ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қажет Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар мен құбұлыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мумкін.

Алғашқы уакытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын, бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір суру барысында сол қажеттіклітерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір қажеттілікті өтейді. Олардың бәрін салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін, айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыс жеміс деген ұғым пайда болады, ол - аталған және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір халықтың ойлау жуйесін әрі қарай дамытады...

Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен жалпылық болмыс категорияларын талдаудың бастамасы болып есептелуі керек. Тарихи-қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам практикасының, тәжірибесі дамуының негізінде пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс категориялары дүниеге келіп, өрби бастайды.

Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз - кеңістік пен уакыттың шеңберінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстар - дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайтыы, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығынан пішін-түрі жағынан ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардын әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқан

Қорыта келе, даралық, жалқылық дегеніміз шындық болмысының өмір сүру тәсілі болып шықты.

Сонымен қатар бұл Дүниеде екі бір-бірімен толық ұксастығы жоқ екі затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болатын болса, Дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен кұбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері арқылы ғана іске асады. Сонымен жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен үрдістердің өмір сүру заңдылығы болып шықты.

Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап калған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс тек өзіне тән, Дүниеде қайталанбайтын жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан, толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс ерекше - өз бойында қайталанбайтын, тек өзіне тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін көп мәселелердің шешімі осы аралық пен жалпылықтың диалектикасын жете түсінбеуден пайда болады.

Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болатын-ды. Оның «эйдос әлемі» - «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің Дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», - деп, оның өзінше өмір сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы -Құдай», - дейді.

Жалпылық пен жалқылық Орта ғасырдағы негізгі философиялық мәселеге айналып, реализм (rеаlіs - латын сөзі, шынайы) мен номинализм (nominis - латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. Негізгі мәселе - жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ - универсалиялардың) онтологиялық (болмыстық) статусың (мәртебесін) анықтауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардаң бөлек өмір сүреді деген пікірге келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі өмір сүреді деген пікірге келеді. Бірінішіден, ол Құдайдың ойынан шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық дегеніміз — заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді.




жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау