Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет109/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

ҚОСЫМША 4


«Жобалау қызметі нәтижесіндегі педагогикалық жүйенің өзгерістерін бағалау» әдістемесі

Білім беру ұйымын жобалау негізінде дамыту өзгерістері неден көрінетіні және қалай өлшенетіні қарастырылып, оның тиімді жолдары анықталады. Педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсатқа сәйкес даму өзгерістерінің деңгейін, динамикасын, жалпы нәтижелерін қорыту үшін «Жобалау қызметі нәтижесіндегі білім беру ұйымының өзгерістерін бағалау» әдістемесі мен оның өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей белгіленеді:


Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы;
Жүйедегі қызметтік (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау) және құрылымдық (басқару субъектілері, құралдары, мазмұны) компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін-өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;
Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.
Осылайша, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру негізінде педагогтарды ұжымның басты ресурстары ретінде дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей айқындалды:
А. Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы.
Көрсеткіштері:
басқарушы тарапынан кіші жүйе басшыларына, педагогтарға ұйымның даму стратегиясын, құндылықтық бағыттарын, мақсаты мен жоспарларын, күтілетін нәтижелерін хабардар етуі;
жүйені дамытудағы кіші жүйелер мен педагогтардың мақсат- міндеттері белгіленуі;
кіші жүйелермен кері байланыс ұйымдастырылуы;
кіші жүйелердің, педагогтардың жоспары болуы, оның жүйені дамыту мақсатымен сәйкес болуы;
педагогтар мен кіші жүйе нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына сәйкестігі;
білім беру нәтижелерінің педагогтардың әдіс - тәсілдерін анықтаудағы басым бағыттар ретінде пайдаланылуы;
нәтижелерді бағалау өлшемдері мен көрсеткіштерін бірлесе құрастырылған әдістемелері болуы, ішкі және сыртқы бағалау жүйелері жасалуы.
білім алушылар мен педагогтар нәтижелерінің мониторингі
В. Жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін- өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;
Көрсеткіштері:
Ұйымға қойылатын жаңа талаптарға сай педагогтар әлеуетін анықтау, жүйелеу және дамытуды жоспарлау;
ұйымның күнделікті және болашақ қажеттіктеріне орай педагогтардың әлеуетін дамытуды жүзеге асыру;
педагогтардың мақсат-міндеттерінің орындалуына, бастамаларын қолдауға, инновациялық қызметтерін жүзеге асыруға қолдау жасауы;
педагогтардың өзіндік анықталуына, өз бетімен білім алуына және өзін-өзі дамытуына жағдайлардың болуы;
жеке педагогтардың және топтардың танымдық әрекеттерін қолдау, оған мүмкіндіктер туғызу;
қосымша білім алу құрылымдары, зертханалар, мүдделі топтар болуы және адамдардаң қанағаттанғандық бағасы;
С. Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.
Шығармашылық бірлестіктердің, оған қатысушылардың саны өсуі;
Жалпы жүйені мен кіші жүйелерді дамытуда педагогтардың, білім алушылардың, ата-аналардың бастамалары туындауына, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер жасалуы;
Ұжым мүшелерінің жобалық өзгерістерді қолдауы;
Бірлескен ғылыми-әдістемелік, технологиялық жобалар ұсынылуы, ендірілуі;
Жаңа ізденістік жобалар нәтижелерін ендіру әдістемелері қалыптасуы;
Педагогтар мен білім алушылардың түрлі қауымдастықтары пайда болуы
Жобалар сайыстарына қатысушы педагогтар мен білім алушылардың көбеюі, нәтижелері.
Ұжым мүшелерінің түрлі деңгейлердегі жетістіктері, жүлделі орындары.
Сонымен қатар, аталған өлшемдердің деңгейлері белгіленді.
Төмен деңгей жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы алғашқы деңгейі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш қажеттікті анықтауға, тиімді шешімдер қабылдаудың жеткіліксіз деңгейін, ұжымды дамытудағы мақсаттар бірлігі болмауын, жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін- өзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға басқарушылардың ынтасы төмендегін көрсетеді. Сонымен қатар, жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың болмауы, жүйелі басқарудағы компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің арасындағы байланыстарды байқай алмаушылық та осы деңгейдің айқын көрінісін білдіреді.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау