5.5 Ақпаратты өлшеу жүйелері
Ақпараттарды алудың дәлдігі мен кешенділігіне талаптардың жоғарылауымен соңғы уақытта бірыңғай аспаптарды пайдаланудан өлшеу жүйелеріне, соның ішінде өздігінен орнатылатын жүйелерге өту тенденциясы байқала бастады. Ақпараттарды қайта өңдеу үшін өлшеу жүйелерінде микропроцессорлар қолданылды, активті басқару жүйесі жетілдірілді, жұмыс істейтін технологиялық комплекстерде (ЖТК) өлшеу жүйелері дамытылды, ақпаратты-өлшеу жүйелерінің (АӨЖ) пайда болуына алып келетін сандық бағдарламалы басқару (СББ) үрдістерді өлшеуде қолданылды.
Ақпаратты-өлшеу жүйесі – бұл объект дәлдігінің жағдайы туралы қажетті өлшеу ақпараттарын бір уақытта алуды қамтамасыз ететін өлшеу құрылғыларының жиынтығы.
АӨЖ-нің қызметі бөлек өлшеу құрылғысының қызметіне өлшеу объектісінің параметрлерін бөліп алу мақсатымен оларды жекеше түрде қабылдау емес, керісінше, объектінің барлық басты параметрлерін біріктіріп, оның толық сипаттамасын жасау болып табылады. АӨЖ-нің айрықша ерекшелігі – өлшеу объектісінің көптеген параметрлерін бір уақытта комплекстік түрде өлшейді және алынған мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде көрсететін бірыңғайландыру орталығына өлшеу ақпараттарын жібереді.
АӨЖ-н жасау жүйелік сұрақтарды: өлшейтін шама түрлеріне қатыссыз датчиктерді, түрлендіргіштерді, нұсқағыштарды және т.с.с – өлшеу құралдарын метрологиялық унификацияландыру, АӨЖ-не кіретін әртүрлі өлшеу құралдары арасындағы қателіктерді оптималды түрде бөлу, операторлардың алдында нұсқағыштарды мақсатты түрде орналастыру және т.б. шешумен байланысты.
Датчиктер өлшеу объектісінің әртүрлі параметрлерін қабылдайды және сигналдың байланыс каналдары бойынша мәліметтерді жинайтын бірыңғайландыру пунктіне жібереді.
Бағдарламалық құрылғы датчиктердің ақпараттарын қабылдайды және оны ақпараттарды алушыға жібереді.
АӨЖ-де бір уақытта аспаптардың барлық көрсеткіштерін бірден қабылдауға жиі жағдайы келе бермейтін, аса жүктелген буын бұл ақпаратты алушы болып табылады. Оның жұмысын жеңілдету үшін мнемотикалық сұлбалар қолданылады, яғни аспаптары шартты сигнал бергіштермен алмастырылған өлшеу объектісінің сұлбалық көріністері. Әдетте сигнал бергіштер тек нормадан ауытқығын өлшеу параметрлерін көрсетеді.
5.6. Координатты өлшеу машиналары
Машина жасау cаласында 60 пайыздан астам бөлшектерді жазықтықта, яғни 1 координаттық осьтен артық жағдайда өлшеу қажет. Осындай күрделі бөлшектерді бақылау компьютерді қолдану арқылы координаттық әдіспен жүргізіледі.
Осы әдіске негізделген координатты өлшеу машиналары (КӨМ) жеңіл қызмет көрсетуімен, эконмикалық тұрғыдан ақталғанымен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді (5.11–сурет).
КӨМ-ның негізгі сипаттамаларына кезкелген 3 жүйенің біреуінде: өлшеу басшалары орналастырылатын, осьтерге сәйкес келетін машиналық жүйеде, бөлшек осьтеріне сәйкес келетін қалыпты жүйеде, қалыпты жүйеге қатысты 3 координат бойынша орналастырылуы мүмкін көмекші жүйеде тікбұрышты координатты өлшеу мүмкіндігін жатқызады.
Қандай да болсын жүйеде алынған өлшемдер, кезкелген басқа жүйеге қайтадан тез саналуы мүмкін.
Математикалық базаландыру бағдарламасы КӨМ-ның кезкелген өлшеу жазықтығының жағдайында бөлшекті бақылауға мүмкіндік береді және қысу айлабұйымдары мен өлшеу құралдарының көмегімен қолдап базаландырудың қажеттілігін болдырмайды.
КӨМ-ның призматикалық пішіндегі бөлшектері үшін бөлшектің 5 жағына щуп келтірілуі мүмкін, бөлшек орнатылған 6 жағы өлшеу базасы болып табылады.
Күрделі бөлшектерді өлшеуде өлшеу базасын өзгертудің қажеттілігінің болмауы және бөлшекті көрсету КӨМ-ның артықшылығын құрайды.
КӨМ-да орналастырылуы фотоимпульстік жүйемен бақыланатын щупты өлшеу басшасы (5.12 -сурет) бар.
Өлшеу бетінің дәл орналаспауынан туындаған, басшаға қатысты щуптың нөлдік деңгейден ығысуы үшкоординатты датчиктің көмегімен дұрысталады. КӨМ-ның қолданылу облысы әртүрлі және 2 топқа: механикалық өңделетін бөлшектердің өлшемдерін бақылауға және үзіліссіз бетпен шектелген бөлшектердің пішінін бақылауға бөлінеді.
Бірінші жағдайда негізгі талап – алынған нәтижелерді шақтамаларды сақтағандағы номинал мәндермен (сызбада қойылған мәндер) салыстыру үшін, белгілі бөлшектердің өлшемдерін бақылау 5.11-сурет немесе салыстырып тексеру. Ол «бір нүктеден келесі нүктеге» өлшеу ретінде тұрқыларды, біліктерді, тісті дөңгелектерді және т.б. бақылау үшін қолданылады.
5.11-сурет 5.12-сурет
Екінші жағдайда негізгі талап – пішінін сақтап қалу үшін белгісіз дененің бетін өлшеу, сонымен қатар бұл пішінді талаптарға сәйкес графиканың көмегімен көрсету.
5.7. Өлшеу және бақылау үрдістерін автоматтандыру
Достарыңызбен бөлісу: |