Рсаң = 1 – Ркер = 1 – 0,6293 = 0,3707.
Центрлеу дәлдігіне жоғары талаптар қойылатын және үлкен, әсіресе, соғу жүктемесі мен дірілдерде үлкен орташа керілісті қондыруларды тағайындайды. қондырудың үлкен емес орта керілісі бар, үлкен күш салуды беретін діріл мен соғу бар біріктірулерде тағайындайды және шпонка, шлицтерді қолдануға мүмкіндігі жоқ жұқа қабырғалы төлкелерде және т.б. қолданылады. Біріктірулерді баспақтың көмегімен жинайды, ал бөлшектеу тек күрделі жөндеуде ғана жасалады. қондыруы керілісі аз, шамалы динамикалық, үлкен статикалық жүктемелерде тағайындалады. Құрастыру бірліктері жинауда күрделі және сыну мен бұзылу ықтималдығы жоғары болып, жиі бөлшектеу мен жинақтауды қажет ететін болса, соғұрлым керіліс аз қондырулары болуы керек. Мойынтіректер мен шпонкаларды орналастыру үшін қондыруының орта саңылауы нөлге жақын, центрлеуге жақсы. Шпонкалы біріктірулерде көбіне, саңылаулы қондыруы тағайындалады, бұйым жақсы жинақталады және бөлшектенеді.
3. Керілмелі қондырулар
Қосымша бекітусіз ажырамайтын сенімді біріктірулер үшін арналған, бөлшектеу тетік қиратылса ғана мүмкін болады, кейде сенімділік үшін шпонка немесе шлицалық біріктірулер қолданылады. Керілмелі қондыру есебі, білік іші кеуешек (2.17-сурет).
Керіліс N = d - D
Тетікті баспақтағанда тесік ND шамасына созылады және білік Nd шамасына қысылады, N = Nd + ND.
мұнда N – есептеу керілісі, p – керіліс бетіндегі қысым, Dном – номиналды диаметр, Е1, Е2 – тесік пен білік материалдарының серпімділік модулі. С1 және С2 коэффициенттері былай анықталады:
,
мұнда μ1, μ2 – Пуассон коэффициенттері (μ = 0,3 болат үшін; μ = 0,25 шойын үшін).
Осьтік күш түйіндесу жерінде пайда болатын күштен кем немесе тең деген шарттан керіліс таңдалады:
бұдан ,
мұнда l – біріктіру ұзындығы, f1 – тетіктердің тіркелуінен пайда болған үйкеліс коэффициенті.
Біріктіруді айналдыру моментімен жүктегенде бұл шарт келесі түрде болады:
, бұдан ,
мұнда f2 – айналдыру кезіндегі үйкеліс коэффициенті, f1 = f2 = 0,08-0,14 болат пен шойын үшін.
Өсьтік жүктеме кезіндегі номиналды есептеу керілісі:
,
Өсьтік айналдыру кезіндегі номиналды есептеу керілісі: .
Керілісті қондыру тесігі бар тетікті баспақ астында қыздырумен жасалады, бөлшектеу көбіне құрастыру бірлігінің қирауымен бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |