Алдыңғы қатардағы әлемдік деңгейге сәйкес өндіріс пен қызмет көрсету саласының нормативтік базасын құру. ДСҰ мүше болу тілегі Қазақстанды прогрессивтік экономикалық заңдарды қабылдауға жетеледі. Біріншіден, бұл «Техникалық реттеу туралы» заң, патенттік заңға енгізілген өзгерістер, салық кодексі, « Теміржол көлігі туралы», «Білім туралы» заңдар, ИСО 9000 сапа жүйесін сертификаттау, ИСО 14000 экологиялық, OHSAS 18001 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі халықаралық стандарттарын енгізу. Қазақстан сырттан әкелінген өнімдер мен кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды қатайтты. Мысалы, өндірілген жанармай сапасын көтеру, автомобильдер үшін қатаң ережелер- Euro 2, 4, 5.
Білім және ғылым деңгейін көтеру. ДСҰ кіру шарттарының бірі біздің білім жүйесін Болон конвенциясының талаптарына сәйкестендіру. Орта мектепте 12 жылдық білім беру, жоғары оқу орындарында үш деңгейлік білім беру, ғылыми кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізу. Мамандарды даярлау жақсартылады және замануи талаптарға сәйкес жүргізіледі, ғылым мен техникадағы шетел жетістіктерін тез игереміз. Білім саласында Қазақстан Болон конвенциясына қосылды.
Әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылу. ДСҰ мүше-мемлекеттеріне азаматтарымыздың көшіп-қонуы жеңілдейді.
ДСҰ қаржылық, салықтық есеп беру талаптарын қабылдау біздің экономиканың тиімділігін арттырады және жемқорлықтың деңгейін төмендетеді.
Қазақстан Республикасына ДСҰ-ға Ресеймен бірге кіру қажет. Мұндай қадам екі жаққа да тиімді, өйткені біздің елдер арасындағы экономикалық байланыс Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕураАзЭС) аумағында бұрыннан бар. Біздің елдер ДСҰ аумағының бірінші кезеңінде өздеріне біраз жеңілдіктерге иек артады, атап айтсақ, энергия тасымалдаушыларға өз бағасын қою және елінің ауылшаруашылық өндірушілерін қорғау. 2009 жылдың маусым айында Қазақстан, Белорусь және Ресей Федерациясы арасында Кедендік Одақ құрылды, осы жағдайда біздің мемлекеттер ДСҰ мүшелігіне бірге өтуге мүдделі.
ДСҰ мүше болу отандық өндіріске, ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлерге нағыз емтихан болмақ. ДСҰ мүшелігі барлық мемлекеттерге басқа мемлекеттердің тауарлары мен қызметтеріне өз территориясында қандайда болмасын кедергі тудырмауын жүктейді. Кедендік, салықтық капиталдың жылжуына және басқада кедергілерді қоюға рұқсат етпейді. Демпингпен айналысуға, тауарды төмендетілген бағамен сатуға болмайды.
Экономикалық дамудың замануи доктринасы отандық өнім өндірушілерге ерекше жағдай жасауды қаламайды, теңдей және адал бәсекелестік болуы қажет. Бұл күрестің негізгі биі – тұтынушы, кімнің тауары немесе қызметі оны қанағаттандырса, ол соны таңдайды. Бірақ бір айта кететін жағдай, ДСҰ мүшесі болу ережесінде өз өнім өндірушілерін қолдаудың шаралары мен ережелері қарастырылған, нақты бір өнім нарқында отандық өндірушілер үлесі нормативтік түрде анықталады, кейбір тауар және қызмет бойынша жағдайлар әрбір ДСҰ мүше-мемлекетпен жеке анықталынады. Бұл үлес нормативтік шамадан түссе, ДСҰ үлес мәнін нормативтік шамаға дейін көтеруге шара қолданады.
Республикамыздың ДСҰ кіру жұмыстарын орындау үшін 1997 ж. 7 тамызындағы № 1229 «Стандарттардың Мемлекеттік қорын қалыптастыру және дамыту туралы концепциясы» ҚР Өкіметі Қаулысы, 1998 ж. 2 қазанындағы № 991 «1998-2000 жылдары ҚР мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіру бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Өкіметі Қаулысы және «ДСҰ саудасындағы техникалық кедергілер бойынша келісімнің» 10 бабына сәйкес, Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын негізінде ДСҰ-мен өзара байланыс Орталығы құрылды.
ДСҰ ынтымақтастығы ақпараттық Орталығы техникалық реттеу және метрология бойынша Комитеттің базалық торабы болып келеді және өзінің іс-әрекетін Мемлекеттік стандарттар қорымен байланыстырады. Ақпараттық орталықтың ДСҰ қарым-қатынас байланысы Қазақстанның ДСҰ кірудегі саудадағы техникалық кедергілер бойынша Келісімі (ТБТ) мен санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Келісімі (СФС) талаптарын толық көлемде орындауға бағытталған.
ДСҰ ынтымақтастығы орталығы, ДСҰ Секретариаты және қатысушы мемлекеттер ұлттық ақпараттық орталықтары саудадағы техникалық кедергілер бойынша, Келісім мен санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Келісімдермен анықталған процедуралары аумағында ақпаратты бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |