|
Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)
|
бет | 110/147 | Дата | 05.12.2022 | өлшемі | 6,41 Mb. | | #40466 | түрі | Оқулық |
| Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif3.4. Процестерді басқару
Процестерді сауатты басқару соңғы өнімді алуға дейінгі өндірістің барлық сатыларындағы өнім сапасының тұрақтылығы мен қолжетімділігіне кепілдік береді.
Сертификатталатын ұйымда өнім сапасына әсер ететін барлық процестерге бекітілген үлгідегі жұмысшы ережелер дәл, нақты болуы керек. Жұмысшы құжаттар процеске арналған қажетті құрылғыларды, өндірістік ортаны, нормативтік құжаттарды, сапа бойынша жоспарларды анықтауы керек.
Қолданылатын құрылғылардың оларды пайдалануға қойылатын талаптарын анықтайтын расталған жұмысшы ережелері болуы қажет. Бұл ережелер бекітілген талаптарға сәйкестігін сақтау мақсатымен кезеңді түрде қайта қаралып отырады. Сондай-ақ жұмысшылар үшін берілген ережелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың уақытында қаралуы мекеме басшылығының міндеттеріне кіреді.
3.5. Тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, қаптау және жеткізу
Бұл бөлімде өнімнің тиеу-түсіру жұмыстарымен, сақталуымен, қаптау және жеткізуімен байланысты барлық әрекеттер толығымен құжаттандырылуы керектігі қарастырылады. Оған бірнеше бөлімшелер кіреді:
Тиеу-түсіру жұмыстары. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу әдістері өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Олар құжат түрінде рәсімделеді және персоналдың оқытылуын қарастырады.
Сақтау. Мекеме бұзылуға, шығынға немесе араласып кетуіне жол бермеу үшін өнімнің және материалдың сенімді сақталу тәсілдерін жасау және қолдану қажет. Құжаттандырылған процедуралар мен әдістемелер материалдардың сақталуын кепілдендіру үшін сақталатын материалдардың кезекті бағалануынан құралуы қажет.
Қаптау. Операциялар қаптау мен таңбалаудың құжат түрінде рәсімделген процедуралары арқылы жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге қаптау бойынша ережелердің, нұсқаулардың құрамына өнімді бұзылудан сақтау әдістері кіреді.
Жеткізулер. Өнімді жеткізу арнайы келісімшартқа байланысты жүргізіледі. Ұйым тағайындалған орынға жеткізуге дейінгі өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі керек. жеткізу әдістері мен олардың тәжірибелік іске асыруы сәйкес құжаттармен қамтамасыз етіледі, ал олардың қатысушылары осы тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|