Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет96/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189
стратегиялық менеджмент

Басқару ғылымының мәні
Басқару  ісі  қарым-қатынастың  көптеген  жағын  (саяси, 
әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды.
Егер 
өндірістік  үрдістер  мен  қатынастардың  мазмұны 
өндірісте  материалдық  игіліктерді  тікелей  өндірудің  еңбегін 
ұйымдастыруды  бейнелейтін  байланыстарды  құрайтын  болса, 
онда басқарушылық үрдістер мен қатынастардың мазмұны – бұл 
өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін 
байланыс.
Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.
Қорытындысында  адамдардың  бір  бөлігі  материалдық 


153
игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, 
басқа  біреулері  –  басқару  ісімен  шұғылданады.  Өндірісте  осы 
екі  топтағы  адамдардың  арасында 
өндірісті  басқару  қатынасы
 
ретінде  сипатталуы  мүмкін  белгілі  бір  қарым-қатынас  орнайды. 
Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара 
ықпалдасуының жиынтығы 
басқару субъектілері мен объектілері 
арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.
Басқару  қатынасы  қандай  түрге  немесе  типке  жататынына 
қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері 
арасындағы қатынас ретінде болады.
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы 
мен  басқарылушының  бірлігі  ретінде  қарастырылады.  Оның 
алғашқысы  басқару  аппаратының  қызметкерлерін,  басқару 
органдарын  –  мемлекетті,  үкіметті,  министрліктерді  және  т.б. 
қамтитын  басқару  субъектілерін  білдіреді.  Ал  екіншісі  жалпы 
түрдегі  халық  шаруашылығындағы  салаларды,  аймақтарды, 
кәсіпорынды және т.б. білдіреді.
Жұмыс  орнына  келетін  болсақ,  мұнда  басқарудың  басқа  түрі 
–  Ф.  Энгельс  заттарды 
басқару
  деп  анықтаған 
еңбек  құралдарын 
басқару
 жүзеге асырылады.
Осылайша, 
өндірісті басқарудың
 екі түрі бөліп көрсетіледі:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
ә) еңбек құралдарын (затты) басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қ
осалқы жүйемен 
басқарылатын  тікелей  өндіріс  үрдісін  білдіреді.
  Басқарудың 
қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша 
айтқанда, 
өндірісті  басқару  –  бұл  өз  кезегінде  еңбек  құралдарын 
басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Қоғамдық  өндіріс  саласындағы  басқарудың  айрықша 
ерекшелігі, оның  қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен 
айналысуында.
Мұның  себебі,  адам  өндірістік  үрдісте  бірлескен  еңбек 
үрдісінің  тек  қатысушысы  ғана  болып  қалмайды,  сонымен    бірге  
ол    бір  мезгілде  әлеуметтік  тұлға  да.  Ал,  адам  әлеуметтік  тұлға 
болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. 
тән болады.
Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік 
құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.


154
К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам – қо¬ғамдық 
қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.
Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.
Басқару  қатынасы  басқару  ғылымының  мазмұны  болып 
табылады.
  Өндірісті  басқару  қатынасы  басқарумен  ықпал 
ету  үрдісінде  адамдардың  және  ұжымдардың  тұрақты  өзара 
байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.
Өндірісті  басқару  қатынасы  сипаты  мен  түрлері  бойынша 
жіктеледі.
Олар мыналарға бөлінеді:

  басқарушы  және  басқарылушы  қосалқы  жүйелерінің 
арасындағы қатынасқа;

  басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару 
сатылары және деңгейлері арасында);

  басқарудың  әрбір  буынындағы  басқарушылар  мен 
бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация қатынасы).
Өндірісті  басқару  қатынасы  сипаты  бойынша  мыналарға 
бөлінеді:

  тұлғалар арасында;

  жүйелер арасында;

  аралас.
Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:
а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;
ә) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
б)  салааралық,  яғни  әр  түрлі  салалардағы  ұйымдардың 
арасындағы қатынас;
в)  аймақаралық,  яғни  әр  түрлі  аймақтардағы  ұйымдардың 
арасындағы қатынас;
г) территориялық-салалық қатынас.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойын¬ша 
жай және күрделі деп бөлуге болады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау