69
өткізу нарығы стандарттарының тиісті талаптарына сай, ішкі
және сыртқы нарықта сапалы және бәсекеге қабілетті тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жобалау мен өндіру
үшін
жағдайлар жасау;
- шет елдермен сауда жасағанда кезігетін технологиялық
кедергілерді болдырмау арқылы отандық тауар шығарушылардың
экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ету және осы негізде
Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігіп-кірігу (интеграциялану)
мәселелерін шешу;
- сала мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік беретін құқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасау.
- сапа ауқымындағы мөлшерлік құқықтық базаны жетілдіру.
Бағдарлама сапалы өнім шығаратын (қызмет көрсетін) тауар
өндірушілердің экономикалық мүдделеріне және мемлекеттік
реттелуін ұтымды үйлестіру принциптеріне негізделеді.
Сапа ауқымындағы мемлекеттік басқару республикада
мөлшерлік құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-бөлу
әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асуы тиіс, бұл әрекет
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін аса маңызды.
Сапа төңірегіндегі мемлекеттік басқарудың экономикалық
формалары шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекетін
ынталандыру арқылы және шығарылатын өнім мен көрсетілетін
қызметтің сапасын жақсарту, өндірушілер мен сатушылардың
сапасыз өнім шығару мен сату үшін экономикалық жауапкершілігін
арттыру жолымен орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру-бөлу
формалары
мемлекеттік
басқару
органдарынан өздерінің өкілеттіліктеріне орай өнім сапасы мен
бәсекеге мүмкіншілігін арттыру, халықтың сапа ауқымындағы
ақпаратын және тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің
тұтыну ерекшеліктерін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысуын
қамтамасыз етуі тиіс.
Сапа нарықтық бәсеке жағдайында қам-қарекет жасаудың
жалғыз жолы екендігін мойындаған кәсіпорындар өздерінің сапа
жүйелерін жасауда және сапаға жұмсалған күш-жігер, қаражаттан
қайтарым ала бастайды.
Тауар және жұмыс, көрсетілетін қызметтің сапа мәселелерін
шешетін тиімді құралдары – стандарттау, метрология мен
сертификаттау мемлекет қолында.
70
9000 (бұдан былай – ИСО серия 9000) сериясындағы халықаралық
ұйымның халықаралық стандарттары бойынша сапа жүйесін енгізу
мен сертификаттау процесіне көп көңіл бөлуге тұрарлықтай.
Дүние жүзі елдеріндегі көптеген фирмалар мен компаниялар
өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттарға
сәйкестігін тіркеді.
Өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру көбіне өнімді өңдеу
мен өндіру кезіндегі басқарудың озық формалары мен әдістерін
енгізуге байланысты болады.
Сапа мәселесін шешуде өнім сапасын басқарудың қазіргі
заманғы әдістерін тәжірибеде қолдануға қабілеті жоғары білікті
кадрлардың бар болуы міндетті шарт болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: