Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет4/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
стратегиялық менеджмент

Стратегия - басқару 
теориясының негізгі бөлігі
Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен 
жоғары  деңгейдің  айырмашылығын  көрсетеді.  Оның  көптеген 
анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, 
басқарудың жоғарғы деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті 
қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйымдардың қоршаған 
ортамен  өзара  қатынастарын  басқару  барысындағы  ұйымдардың 
мақсатын жүзеге асыру миссиясы (Хиггенс). Стратегиялық басқару 
–  ол  ұйымның  өз  алдына  қойған  мақсатына  жетудегі  шешімдер 
жиынтығы  мен  әрекеттері  (Пирс  және  Робинсон).  Стратегия  – 
ол  негізгі  мақсаттарға  қол  жеткізудегі  басымды  мәселелер    мен 
ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы (Кунц). 
Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың 
көңілін  өз  мүддесіне  аудару  және  онда  болып  жатқан  үдерістерді 
реттеу.  Қазіргі  менеджментте  стратегиялық  және  тактикалық 
аспектілерін  атауға  болады.    Стратегиялық  мәселелерге  ұйымның 
мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары 
мен  қарсыластарын,  өз  артықшылықтарын  анықтау  жатады. 
Құжаттардың  айналу  технологиясы,  өнімді  тұтынушылармен 
жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады  
Стратегиялық  басқарудың  нысандарына  коммерциялық 
фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар 
жатады.  Стратегиялық  басқарудың  субъектілеріне  ұйымдық 
басқару  жатады.  Мұнда  басқарудың  жүйелік  субъектілері  бар, 
олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративтік стратегия, 
бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия 
(жүзеге асыру стратегиялары).
Стратегиялық    менеджменттің  негізгі  мазмұнын  мыналар 
құрайды:  фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; 
фирманың  сыртқы  ортасын  талдау;  оның  ішкі  жағдайын  талдау; 
фирманың  шаруашылық  аймағы  деңгейінде  стратегияны  таңдау  
мен  дайындау;  әртараптандырылған  фирманың  портфелін  талдау; 
оның  ұйымдық  құрылымын  жобалау;  компания  стратегиясы  мен 
нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құрылымды 
және басқаруды жетілдіру.
Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; 
стратегиялық  қожалық  ету  аймағының  деңгейі;  функционалдық 


12
деңгей; төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).
Өндірісті  басқару  ғылымының  міндеті  –  өндірісті  басқару 
қатынастарының  тетіктерін  түсіндіру  және  нақты  міндетті  тиімді 
шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті  басқару  теориясы  –  кешенді  білім  жүйесі.  Ол  мына 
бөлімдерден тұрады:
- Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың 
мәні,  оның  мазмұны,  басқарудың  үрдістері,  заңдылықтары  және 
қағидалары қамтылады.
-  Өндірісті  басқару  жүйесі  туралы  ілім.  Бұл  бөлімде  басқару 
жүйесінің  ұйымдастыру  формаларын,  басқару  функциялары 
мен  құрылымын,  басқарудың  әр  түрлі  деңгейлерін  ұштастыру 
мәселелерін қарастырады.
- Ықпал етудің тетіктері мен құралдарының жиынтығы ретіндегі 
басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім.
-  Басқару  процестері,  олардың  ерекшеліктері,  динамикасы, 
әдістері туралы ілім.
-  Басқарудың  сапасы  мен  тиімділігі  туралы  ілім.  Мұнда 
басқарудың  стилі  мен  мәдениеті,  басқару  шеберлігі,  сондай-ақ 
тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары қаралады.
Өндірісті  басқару  теориясының  мазмұны  объектілері  арқылы 
анықталады.  Басқару  ісі  қарым-қатынастың  көптеген  жағын 
қамтиды  (саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  этикалық  және  т.б.). 
Басқару  үрдісіне  қатысушыларды  екі  топқа  бөлуге  болады:  бірі 
материалдық  игіліктерді  өндіретін  еңбекпен  айналысатын  болса, 
екіншісі  басқару  ісімен  шұғылданады.  Өндірісте  осы  екі  топтағы 
адамдардың  арасында  өндірісті  басқару  қатынастары  орнайды. 
Бұл қарым-қатынас басқару субъектілері мен объектілері арасында 
қалыптасады.
Басқару  қатынасы  қандай  түрге  немесе  типке  жататынына 
қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері 
арасындағы қатынас ретінде болады.
Басқару  стратегиясының  объектілері  жеткілікті.  Бірақ  соның 
ішінде  ең  күрделі,  барлық  әлеуметтік-экономикалық  үдерістерге 
тікелей  қатысы  бар  және  шешуші  рөл  атқаратын  объектілерін 
атап  көрсеткен  жөн.  Көптеген  объектілерді  топтастырып  жіктеу 
қажет.  Осы  тұрғыдан  алғанда  оларды  мынандай  топтарға  бөлуге 
болады: 1. Макроэкономика деңгейі; 2. Мезоэкономика деңгейі; 3. 


13
Микроэкономика деңгейі. 
Стратегиялық басқарудың негізгі объектілері осылар. 
Әлдеқайда  ғаламдық  сипаттағы  басқару  объектісіне 
макроэкономика  жатады.  Бұған  экономикалық  саясаттың  күллі 
объектісі  жатады.  Макроэкономика  –  экономикалық  теорияның 
бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық 
саясаттың  мақсаттары  қалыптастырылып,  оларды  жүзеге  асыруға 
қажетті экономикалық құралдар анықталады.
Егерде  стратегиялық  басқаруға  классикалық  экономикалық 
теория  негізінде  қарайтын  болсақ  оның  ең  жоғары  сатысында 
күрделі  объект  ретінде  кеңейтілген  ұдайы  өндірістің  үдерістері 
жатуы тиіс. Ешқандай қоғам сол объектінің кезеңдерінсіз (өндіріс, 
бөлу,  айналым,  тұтыну)  өмір  сүруі  өте  қиынға  түседі.  Басқару 
тәжірибесінде  бұлардың  әрбіреуі  жеке  объект  және  күрделі 
объектілер  болып  табылады.  Олардың  ішінде  (ортасында)  жүріп 
жатқан  үдерістерді  жөнді  басқармайынша,  қоғам  дұрыс    әрі  бай 
өмір сүреді деп айту қиын.
Макроэкономикалық  тәсілдеме  ұлттық  деңгейде  немесе  үлкен 
секторлар  деңгейінде  экономиканың  жағдайы  мен  қозғалысын 
зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы 
экономикамен  айналысатындықтан  біріктірілген  экономикалық 
көрсеткіштермен    сипатталады  (жалпы  ұлттық  өнім,  жалпы  ішкі 
өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.).
Экономиканың бұл аспектісі стратегиялық басқару теориясына 
апаратын  басты  аспект  болып  табылады.  Өйткені  оны  халық 
шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің 
бастапқы сәтін анықтауға болады. Мұны кәсіпорынның (бастапқы 
буын)  барлық  халық  шаруашылық  жүйелерінің  ажырамас  бөлігін 
құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Стратегиялық  басқарудың  бір  объектісі  –  мезодеңгей.  Мұнда 
басқару пәндеріне өндіріс ұйымның, технологияның әртүрлілігімен 
байланысты  өзіндік  ерекшелігі  бар  салалар,  аймақтар  жатады. 
Аймақтарға  олардың  экономикалық  дамуының  алғышарттары 
мен  кеңістіктегі  орналасқан  орнына,  тарихи-географиялық 
факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. 
Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы 
экономикалық  байланыстар,  аймақтық  жүйелер,  өндірістік 
күштердің  орналасуы  жатады.  Аймақ  басқару  объектісі  ретінде 


14
мемлекет  пен  ұлттық  экономиканың  аймақ  мемлекеті  сыңайлы 
болады:  аймақ-нарық,  аймақ-әлеумет  ретіндегі  оқшауланған 
қосымша жүйені білдіреді.
Стратегиялық  басқару  теориясында  да,  күнделікті  тәжірибеде 
де  микродеңгей  шешуші  объект  болады.  Кәсіпорынды,  жеке 
өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын 
заттай-материалдық  құндылықтарды  өндіретін  салаларды  басқару 
объективті  қажеттілік  болып  табылады.  Яғни  басқарудың  осы 
деңгейі  барлық  басқару  жүйесінің  басты  назарында  ұстайтын 
объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар 
мен  қатынастардың  жиынтығын  толық  қамти  алмайды.  Өндірісті 
басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының 
біртұтас  жүйесін  құрайтын  қоғамдық  басқа  да  өндірістік  және 
тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау