Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Стратегиялық басқарудың ерекшеліктері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет6/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
стратегиялық менеджмент

Стратегиялық басқарудың ерекшеліктері.
Стратегиялық басқарудың мүмкіндіктері шексіз. Стратегиялық 
басқаруды пайдаланудың бірнеше шектеулері бар.
Біріншіден,  стратегиялық  басқару  өзінің  мәніне  қарай 
болашақтың дәл және егжей-тегжейлі суретін бермейді және бере 
де  алмайды.  Стратегиялық  басқаруда  жасалынатын  ұйымның 
қажетті болашағын бейнелеу – бұл оның ішкі жағдайы мен сыртқы 
ортадағы орнын  егжей-тегжейлі емес бейнесі, дұрысында ол ұйым 
болашақта қандай жағдайда болуы қажет, нарықта және бизнесте 
ол қандай орын алуы керек, қандай ұйымдық мәдениеті бар болуы 
қажет және т.б. деген сұрақтардың жиынтығы. Сондай-ақ осының 
барлығы  ұйымның  болашақта  бәсекелестік  күресте  жеңіске  жете 
ме, жоқ па екенін анықтауы қажет.
Екіншіден,  стратегиялық  басқару  ескі  ережелер  мен 
процедуралардың  тәртібімен  жүргізіле  алмайды.  Оның  белгілі 


16
бір  міндеттерді  шешу  кезінде  немесе  белгілі  жағдайларда  нені 
және қалай жасайтынын белгілейтін теориясы жоқ. Стратегиялық 
басқару – бұл бизнес пен менеджменттің белгілі бір философиясы 
немесе идеологиясы. Яғни әр менеджер стратегиялық басқаруды өз 
білімімен және біліктілігіне сай қабылдап, жүзеге асырады. Әрине, 
стратегияны  таңдау  мен  оның  проблемасын  талдаудың,  сондай-
ақ  тәжірибеде  жүзеге  асырудың  бірқатар  ережелері,  сызбалары, 
ұсыныстары  бар.  Ал  тұтастай  қарастырғанда  тәжірибеде 
стратегиялық басқару, бұл:
-  жоғарғы  басшылықтың  ұйымды  стратегиялық  мақсаттарға 
алып барудың интуициясы мен өнерінің симбиозы;
-  ұйымның  ортамен  байланысын,  ұйымның  және  оның 
өнімінің  жаңаруын,  сондай-ақ  ағымдағы  жоспарлардың  жүзеге 
асуын  қамтамасыз  ететін  қызметкерлердің  кәсіпшілігі  мен 
шығармашылығы;
-  барлық  жұмысшыларды  ұйым  міндеттерін  жүзеге  асыруға, 
мақсаттарға жетудің өте жақсы жолдарын іздеуге белсенді енгізу.
Үшіншіден,  ұйымда  стратегиялық  басқару  процесі  жүзеге 
асырыла  бастау  үшін  уақыт  пен  ресурстардың  үлкен  шығыны 
және  белгілі  бір  күш  жұмсау  қажет  болады.  Қоршаған  ортаны 
зерттеуді және ұйымды қоршаған ортаға енгізуді жүзеге асыратын 
бөлімшелерді жасау қажетті. Маркетинг, қоғам мен байланыс және 
т.б. бөлімдер ерекше маңыздылыққа ие болуда және елеулі қосымша 
шығындарды қажет етеді.
Төртіншіден,  стратегиялық  алдын  ала  болжаудың  қателерінің 
теріс салдары тез күшейеді. Аз уақыт ішінде мүлде жаңа өнімдер 
жасалады, салымдардың бағыттары ауыстырылады.
Бесіншіден,  стратегиялық  басқаруды  іске  асыру  кезінде  екпін 
стратегиялық  жоспарлау  алдыңғы  қатарға  шығады.  Алайда,  бұл 
аз,  себебі  стратегиялық  жоспарлау,  алға  қойған  міндеттердің 
сәтті  орындалуын  қамтамасыз  етпейді.  Шынында  стратегиялық 
басқарудың  маңызды  құрастырушысы  болып  стратегиялық 
жоспарды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Ал  бұл  ең  алдымен 
стратегияны  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін  ұйымдық  мәдениетті 
жасау,  еңбекті  мотивациялау  және  ұйымдастыру  жүйесін  жасау, 
ұйымда  белгілі  бір  икемділікті  жасау  және  т.б.  Өмірде  орындау 
процесі  жоспарлаумен  қарама-қайшылықта  болады.  Орындау 
кезеңінің  маңыздылығы  артады.  Стратегиялық  жоспарлау  қанша 


17
жақсы жүргізілгенімен, оның жүзеге асуы алғышарт емес. 

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау