Мотивация
1. Менің бағыныштыларымның мұқтажы неде?
2. Ұйым мақсатына жету үшін бұл мұқтаждықтар қалай
қанағаттандырылады?
3. Өнімнің көбеюі және жұмысшылардың жұмыспен
қанағаттануына не әсер етті?
4. Одан әрі өнімді көбейту үшін не істеу қажет?
Бақылау
1. Жұмыс нәтижесін өлшеуді қалай қадағалау қажет?
2. Қорытынды қалай бағаланады?
3. Мақсатқа жету үшін біз қанша еңбектендік?
4. Қойылған мақсатқа жеткіліксіз жылжысаң, неге олай болады
және қандай өзгерістерді енгізу қажет?
Ұйымдық шешім - дегеніміз лауазымды адамдардың өздеріне
берілген міндеттерді орындаулары үшін таңдау қабілеттіліктерінің
болуы. Оның мақсаты ұйымның алында тұрған мәселелер
қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім
деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.
Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп
бөлуге болады. Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерді
қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкестілігін
жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады немесе іс-қимылдың
айқын, белгілі бір логикаға сәйкес нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.
Мұнда баламаның мүмкіндік саны шектеулі және таңдаулар
ұйымдар белгілеген бағыттарда жүзеге асырылады.
Мысалы, аурухана инспекторы, медбикелер мен санитарлар
жұмысының кестесін жасағанда қызмет көрсететін персоналдар
мен емделушілер санының бір-бірімен сәйкестігін талап ететін
формулаға сүйенуі мүмкін. Егер бес емделушіге бір медбике болса,
онда шешімдер автоматты түрде қабылданады.
Бағдарлау – тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші
құралы.
Бағдарланбаған шешімдер. Мұндай шешімдер белгісіз
фактормен ілесетін анықталған өлшемде, жаңа болатын жағдайларда
талап етіледі. Солай болғандықтан алдын-ала қажетті қадамдардың
нақтылы реттілігін құру мүмкін емес.
265
Бағдарланбағандар санына мына типтегі шешімдерді жатқызуға
болады: ұйым мақсаттары қандай болуы керек, өнімді қалай
жақсарту керек, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет,
бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.
Басқару проблемаларын зерттеу жөніндегі маман ретінде Роберт
Кац былай деді: «Әрбір шешім соншама бағалы қайшылықтарды,
мақсаттарды және белгілерді теңгеруі керек. Ол көзқарас жағынан
үйлесімдіден төмен болады. Ұйымдарға әсерін тигізетін әрбір
шешім немесе таңдаулар (ұйғарымдар) оның қайсы бір бөлігінде
негативтік салдар ретінде қарастырылады».
Шешімдерді қабылдау үрдістерін қарастыра отырып, ондағы
екі мәселені немесе жағдайды қарастырған жөн. Оның біріншісі,
шешім қабылдау қиын емес, бұл кезекте адам барлық іс-қимылын
таңдауға негіздейді. Жақсы шешім қабылдау қиын.
Ал, екіншісі, шешім қабылдау – психологиялық үрдіс. Адамның
іс-қимылы, әрекеттері әрқашанда қисынды бола бермейді. Бізді
кейде қисын (логика) билесе, кейде сезім билеп кетеді. Басшы
қабылдаған ұйғарымдарға осындай екі тұрғыдан қараған дұрыс.
Әрине, нақтылы бір ұйғарымда аталған екі түрдің тек біреуіне
жатқызу дұрыс болмас. Екеуі де қатар қолданылуы мүмкін.
Дегенмен, мәселені тек сезім арқылы ғана шешем деген адам
күтпеген көптеген кедергілерге тап болады.
Статистика мынаны анықтаған, қисынсыз (логика) қабылданған
ұйғарымнан шығатын нәтиже шамалы.
Сезуге негізделген шешімдер – бұл оның дұрыс екендігінің
түсінігі негізінде жасалған таңдау. Шешім қабылдаушы бұл жағдайда
«қостаушылар» және «қарсыластар» сапалы өлшемдерімен
айналыспайды, санаспайды. Ол тек талдау істейді.
Пікірлерге негізделген шешімдер кейде интуициялық болады,
солай болғандықтан олардың қисыны айқын емес.
Пікірлерге негізделген шешімдер бұл біліммен немесе
жинақталған тәжірибеге келісілген таңдау. Пікір ұйымдық шешімнің
негізі ретінде пайдалы, сондықтан ұйғарымдарды көптеген
жағдайлардың жиі қайталану үрдісі бар.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде кәсіпорындардағы
өндірістік үрдістер мен әлеуметтік-экономикалық қарым-
қатынастардың күрделілігі, мейілінше алуын түрлі шешімдер
қабылдау қажеттігін туғызады. Алайда, кейбір елеулі белгілерді
266
пайдалана отырып, басқарушылық шешімдерді жүйе-жүйеге
жіктеп, олардың негізгі түрлерін бөліп көрсетіп, сипаттауға болады.
Басқарушылық шешімдерді жіктеудің елеулі белгілеріне
мыналарды жатқызу керек:
1) шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі (ауқымдылығы);
2) қабылданған шешімдердің істе көрінуі (жүзеге асырылуының
ұзақтығы);
3) қабылданған шешімдердің ықпал ететін обьектісі;
4) шешімдердің функциялық сипаты.
Шешілетін мәселелердің ауқымдылығы жағынан басқарушылық
шешімдердің жалпы және жеке түрлері бөлініп көрсетіледі. Жалпы
шешімдерге жататындар – тұтас алғанда бүкіл шаруашылыққа
қатысты шешімдер. Жеке шешімдерге жататындар – өндірістің
жекелеген жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын
қамтитын шешімдер.
Жалпы және жекелей шешімдердің арасында тығыз байланыс
бар. Әдетте, жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді
нақтылаудың және оларды орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып
қызмет етеді.
Шешімнің істе көріну (жүзеге асырылу) ұзақтығы
жөнінен шешімдердің мынадай негізгі түрлерін: ұзақ мерзімді
(перспективалық), орта мерзімді (ағымдағы), қысқа мерзімді
(оперативті) шешімдер деп бөлу керек.
Ұзақ мерзімді шешімдерге жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды
керек ететін шешімдер жатады.
Орта мерзімді шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады
және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады.
Қысқа мерзімді шешімдер мәселелердің шағын тобын қамтиды
да өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.
Ықпал ету обьектілері жөнінен сыртқы және ішкі шешімдер
деп бөлуге болады. Сыртқы шешімдер белгілі бір шаруашылықтың
жоғарғы ұйымдармен, басқа бір кәсіпорындармен қарым-
қатынастарын қамтиды.
Ішкі шешімдер шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын
қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі бір тобын орындамайынша
ішкі шешімдер, көбінесе жүзеге асырылмай қалады.
Функциялық сипаты жөнінен экономикалық, технологиялық,
қаржылық, әкімшілік шешімдер болады.
267
Экономикалық шешімдер жоспарлардың, нормалар мен
нормативтердің, еңбекақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен,
бағамен, өнімді өткізу, табыстарды бөлумен байланысты.
Технологиялық шешімдер өндіріс үрдістерін ұйымдастыру
мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді
технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.
Қаржылық шешімдер жоспарлық және есеп беру қаржы
теңгерімдерін белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер
алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп
айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.
Әкімшілік шешімдер әдетте басқару аппаратының өзінің
жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың,
бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға,
олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін
белгілеуге бағытталады.
Басқару саласындағы шешімдердің сапасына қойылатын негізгі
талаптар:
Ғылыми жағынан негізделуі: шешім экономикалық және басқа да
әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірістің нақты
жағдайларына талдау жасау арқылы қабылдануға тиіс. Басқару
обьектісінің жай-күйі туралы дұрыс, орнықты, сапасы толымды
хабарлама негізінде әзірленіп қабылданған шешім ғана ғылыми
негізделген болуы мүмкін. Шешім өндірісте ғылыми-техникалық
прогресті тездету талаптарына сай болуы тиіс.
Бірлік. Белгілі бір міндетті шешер кезде әдетте басты
міндеттер келіп туатын бірқатар қосалқы, екінші дәрежелі
міндеттермен де айналысуға тура келеді. Олар шешім қабылданып
отырған басты міндетке бағындырылуы тиіс. Екінші дәрежелі
міндеттер негізгі міндеттермен сәйкестендіріліп, және олар өзара
үйлестіріліп отырады. Шешімнің барлық қағидалары да өзара
байланысты тұжырымдалады, сондай-ақ бұрын қабылданған және
қазір басшылыққа алынып жүрген шешімдермен үйлестіріліп,
сәйкестендіріледі.
Өкілдігі болуы. Шешім басшыға берілген құқықтар шеңберінде
ғана қабылданады. Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен
адамдардан ғана шығуы тиіс.
Бағытталуы. Әрбір шешімнің нақты бір бағытталуы және
268
орындаушы адамдарға түсінікті болуы тиіс. Шешім тұжырымдамасы
айқын ойда құрылуы керек және түрлі мағынада болмауы керек.
Айқындық шешімге іскерлік сипат береді, өмірдің мағынасын
түрліше түсіндіруге, бұрмалауға жол бермейді. Ақпаратпен жұмыс
істеу уақытын үндеу шешімнің қысқаша түрде тұжырымдалуы
туралы ұдайы екерүді талап етеді.
Мерзімнің нақтылығы. Басты бағынышты адамға тапсырманы
берген уақытта оның орындау мерзімін міндетті түрде көрсету керек.
Шешімде нақты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып, орындалуына
жауапты адамдар және орындалуы мерзімдері белгіленуі қажет.
Оперативтілік. Шешім өндіріс жағдайы нақ соны талап еткен
күнде ғана қабылдануы тиіс. Кеш қабылданған шешім де, асығыс
қабылданған да бірдей зиянды. Шешімдер өндіріс жағдайларының
өзгеруін бейнелеп көрсетуі тиіс.
Тәуекел элементтерінің болуы. Экономиканың үздіксіз өзгеруі,
тұрақтанбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді
шешімдер күтілетін нәтижелерді, мейілінше, дәл қарастыруы
мүмкін емес. Сондықтан, белгілі бір тәуекелді және жағдай үшін ең
оңтайлы шешімді таңдай білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |