291
3. Сыртқы ресурстарды ішкі пайдалану үшін өзгерту,
түрлендіру.
4. Белгіленген мақсаттардан едәуір ауытқуларды тексеру.
5. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін бұл бұрмалауларды
түзеу.
Басшы-менеджер бұл жүйеге жүйелі түрде ықпал жасайды,
оның мақсаттарына да, жұмысына да өзгерістер енгізеді. Басқаруда
дәл сондай ашық типтегі жүйелер қажет, өйткені ұйымға көптеген
өзгермелі шамалар әсер етеді.
Қорытынды бақылау.
Қорытынды бақылау төңірегінде
кері байланыс жұмыс орындалған соң ғана қолданылады. Не
бақыланатын қызмет біткен соң бірден, не болмаса алдын ала
белгіленген уақыт кезеңі өткен соң іс жүзінде алынған нәтижелер
талап етілетіндермен салыстырылады.
Профессор Уильям Нъюменнің пікірінше, қорытынды
бақылаудың екі функциясы бар.
1. Олардың бірі – бақылау, ұқсас жұмыстарды болашақта жүргізу
деп болжанса, жоспарлауға қажетті ақпаратты басшылықтың
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Іс жүзінде алынған және талап
етілетін қорытындыларды салыстыра келе, басшылық жасаған
жоспарлардың қаншалықты шынайы екендігін жақсырақ бағалау
мүмкіндігіне ие болады.
2. Қорытынды бақылаудың екінші функциясы – туғызу. Егер
ұйым басшылығы мотивациялық марапаттауларды нәтижеліліктің
белгілі бір деңгейіне жетумен байланыстырса, онда бәлкім, іс
жүзінде жеткен нәтижелілікті объективті түрде дәл өлшеу керек.
Бақылау процедурасында анық ажыратылатын үш кезең бар:
- стандарттар мен белгі-өлшемдерді (нақты мақсаттарды) жасау;
- жеткен нәтижелерді белгіленген стандарттармен салыстыру
(болуға болатындай ауытқулар ауқымын болдырмау жүйесі –
бақылау жүйесі стандарттардан айтарлықтай ауытқу болғанда ғана
жұмыс істеуі тиіс);
- қажетті түзету іс-әрекетін жасау.
Менеджер мінез-құлық, тәртіптің үш желісінің бірін таңдауы
тиіс:
-
ешқандай әрекет жасамау;
-
ауытқуларды жою;
- стандартты қайта қарау.
292
Тиімді бақылаудың сипаттамасы:
- стратегиялық бағытталу (ұйымның жалпы басым бағыттарын
көрсету мен оларды қолдау);
- нәтижелерге орай бағдарлану (ақпарат жинау, стандарттар
белгілеу мен кемелді мәселелерді анықтау);
- іске сәйкес болу (бақыланатын қызмет түріне сәйкес болу);
- бақылаудың дер кезінде жүргізілуі;
-
бақылаудың икемділігі;
-
бақылаудың қарапайымдылығы;
- бақылаудың үнемділігі;
- халықаралық деңгейдегі бақылау (ұйым шет елдерде өзінің
бизнесін жасаған кезде).
Достарыңызбен бөлісу: