Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет150/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   189
стратегиялық менеджмент

Жүйеге келтірілген ақпарат
 дегеніміз көрсеткіштердің құралы, 
хабардың  бағыттылығы,  дүркінділігі  мен  мерзімдері,  ұсынылу 
қалыптары (бірыңғайланған қалыпында құжатталынатын) бойынша 
адамға  күні  бұрын  белгіленген  мазмұн  мен  тәртіп  бойынша, 


255
келісілген мерзім мен айтылған уақытқа түсіп тұрады.
Жүйеленген  ақпаратқа  жататындар:  бекітілген  статистикалық 
есеп,  өндіріс  жұмыстарының  барысы  туралы,  ресурстардың 
жұмсалуы, т.б. туралы күнделікті (оперативті) ақпарат.
Жүйеге  келтірілмеген  ақпарат
  –  бұл  сипаттамалар  бойынша 
толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл, әдетте ауық-
ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше оқиғалар жөніндегі 
ақпарат. 
Басқару  үрдісінде,  құжатталынған  және  құжатталынбаған 
ақпарат деп бөлінеді.
Құжатталынған  ақпарат
  –  есептер,  анықтамалар,  мәжіліс 
хаттамалары,  баяндау  жазбалары,  хаттар,  қаулылар,  жоспарлау, 
бұйрықтар, жөн сілтеулік нұсқаулар және т.б. түрінде болады. 
Құжатталынбаған ақпарат
 – бұл көбіне телефон арқылы, жеке 
әңгімелесуде, кеңесте, т.б. ауызша түрде берілген ақпарат. Бұл бөлу 
ақпаратты жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген түрлеріне 
бөлумен байланысты, бірақ онымен бірдей емес. Жүйеге келтірілген 
ақпараттың  барлығы  да  құжатталынады,  ал  жүйеге  келтірілмеген 
ақпарат ішінара құжатталынады. 
Белгілі бір басқару органына қатысы бойынша ақпарат сыртқы 
және ішкі болып бөлінеді, ал сыртқысы өз кезегінде кіретін (кіруші) 
және шығатын (шығушы) ақпаратқа бөлінеді. 
Ақпарат  бағыты  бойынша  бір  дәрежедегі  органдарды 
байланыстырушы,  ақпараттың  көлденең  толқындарына  және 
әр  түрлі  дәрежеден  органдарды  байланыстырушы  тік  (жоғары 
көтерілуші  және  төмен  түсуші)  тасқындарына  бөлінеді. 
Жоғары 
көтерілуші  тасқындар
  –  бұл  бағынушы  органдардан  кіретін 
ақпарат  пен  жоғары  ұйымдарға  жіберілетіні  –  шығатын  ақпарат. 
Төмен түсуші тасқындар
 – бұл жоғары органдардан түсетін кіру 
ақпараты мен бағынатын ұйымдарға жіберілетін шығу ақпараты. 
Басқару  қызметінің  қандай  түрі  ақпаратты  құрайтынына 
байланысты оның бөлінуінің де маңызы бар. Осы белгі бойынша 
жоспарлау  үрдісінде  құрылатын  жоспарлық  ақпарат,  мөлшерлеу 
негізінде – нормативтік,  есеп алу негізінде – есептеу, бақылау және 
т.б. ақпараттарға бөлінеді. 
Өндірісті  басқару  үрдісінде  пайдаланылатын  ақпаратты  оқып 
үйренген кезде, оны алу және жұмсау тұрғысынан қарағанда үш ірі 
топқа бөлуге болады. 


256
Ғылыми-зерттеу  үрдісінде  әр  түрлі  техникалық  қондырғылар 
конструкциясына  және  технологиялық  үрдістерді  ұйымдастыруға 
қолданылатын  техникалық  шешімдер  нәтижесінде  алынатын 
ақпарат.  Мұндай  ақпарат  ғылыми  және  техникалық  әдебиетте, 
патенттерде, жобалау – конструкторлық және технологиялық құжат 
жүргізуде кездеседі. Оны 
ғылыми- техникалық ақпарат
 деп атайды.
Басқару  үрдісінде  тікелей  алынатын  ақпарат.  Оған  жоспарлар 
жобаларында  және  әр  түрлі  мерзімдерге  бекітілген  жоспарларда, 
материалдық  ресурстарға  берілген  тапсырыстарда  шаруашылық 
шарттарды, ресми жарлық беру құжаттарында және тағы басқаларда 
болатын жоспарлық, нормативтік және басқа ақпарат жатады. Мұны 
басқару ақпараты
 деп атауға болады. 
Өндіріс үрдісінде болып өткен фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік- 
экономикалық  және  өндірістік-шаруашылық  үрдістерінің  шын 
мәніндегі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашылығын 
басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының рөлін атқарады. 
Бұл ақпаратты 

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау