Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет153/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   189
стратегиялық менеджмент

35.Менеджменттегі шешімдер теориясы
Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты
Ұйымдастыру  шешімдерін    қабылдайтын  және  оларды  басқа 
адамдар  арқылы  жүзеге  асыратын  адамдарды  ғана  менеджер  дей 
аламыз. 
Шешім қабылдау ақпаратпен алмасу сияқты кез-келген басқару 
функциясы  қызметінің  бір  құрамдас  бөлігі.  Шешім  қабылдау 
қажеттілігі  басқарушының  алға  қойған  мақсатының  қалыптасуы 
және сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. 
Кез-келген  басқару  өнерін  игерем  деген  адам  үшін  шешім 
қабылдау табиғатын түсіну аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге 
көмек  ретінде  басқарушылардың  шешім  қабылдау  түрлерін, 
қолданылатын  тәсілдерін,  осы  үрдістің  тиімділігін  арттырудағы 
ғылыми әдістерін және басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі 
факторларға көңіл аудару қажеттігін қарастыруға болады.
Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол 
басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтайды. 
Адамдардың  есейе  келе  тәжірибе  жүзінде  шешім  қабылдау 
үрдісін түсіне, ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты 
шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын 
ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған 
шешімдерді қабылдаймыз. 
Шешім дегеніміз – бұл баламалы таңдау. Балама – мүмкін болған 
ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. 
Жеке  өмірге  қарағанда,  басқарудағы  шешім  қабылдау  өте 
қатты  жүйеленген  үрдіс.  Жеке  адамның  бөлек  таңдауы  алдымен 
өзінің  өмірінен  және  онымен  қарым-қатынаста  жүрген  адамдарға 
байланысты  болады.  Менеджер  іс-қимыл  бағытын  тек  өзі  үшін 
ғана  емес,  сонымен  бірге  ұйымдар  мен  басқа  жұмысшылар  үшін 
де  таңдайды.  Ірі  ұйымдардың  жоғарғы  деңгейіндегі    басшылар 
миллиондаған шешімдерді қабылдайды. 
Көңіл  аударарлық  мәселе,  бұл  басқару  шешімдері  жетекші 
қабылдаған  шешімдер  арқылы  жұмыс  жасайтын  адамдардың 
өміріне ықпал етулері мүмкін. 
Маңызды  шешімдерді  қабылдаудағы  жауапкершілік  –  бұл 
сапалы  ауыртпалық  болып  табылады.  Егер  басшы  бағыныштыны 
жұмыстан  шығарса,  соңғысы  қатты  күйзелуі  мүмкін,  егер  нашар 


263
жұмысшыны  дер  кезінде  ескертпесе  ұйым  күйзелуі  мүмкін. 
Сондықтан  басшылар  ойланып,  қарастырылмаған  шешімдерді 
қабылдай  алмайды.  Басшының  іс-әрекетін  неғұрлым  ұтымды 
және жүйелі түрде түсіну үшін жалпылама шешім қабылдау, оның 
басқару  үрдісімен  қарым-қатынас  және  ұйымдық  шешімдердің 
мінездемелеріне тоқталу қажет. 
Коммуникациялық  шешім  сияқты  шешім  қабылдау  да 
басқарудың барлық аспектілерінен орын алады. 
Профессор Фрэнк Харрисон былай деген: «Шешімдер қабылдау 
– бұл кез-келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі». 
Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте 
болатынын атап көрсеткен. Кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің 
бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді 
жүргізуші маман. 
Әрбір  басшы  маман  осы  бейнелер  арқылы  өз  жұмысын 
толықтырып отырады. 
Әрбір  басқару  қызметі  (функциясы)  өмірде  жүзеге  асыруды 
талап ететін жалпылама, тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен 
байланысты. 
Олардың кейбіреулері төменгі кестеде көрсетілген:
Жоспарлау
1.  Сіздің  бизнесіңіздің  табиғаты  қандай  және  оның  жоғарғы 
мақсаты неде?
2.  Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?
3.  Сыртқы ортада қандай өзгерістер болуы мүмкін және олар 
ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін?
4.  Қойылған мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе 
тактиканы таңдап алу керек?
Қызметті ұйымдастыру
1.  Ұйым  жұмысын  қандай  үлгіде  құру  қажет?  Орындалған 
жұмыстардың одағын мақсатқа сәйкес қалай кеңейту қажет?
2.  Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек?
3.  Жетекшілерге  және  ұйымдардың  мүшелеріне  қандай 
қабылдаған шешім сенімді?
4.  Сыртқы  орта  өзгерісіне  байланысты  ұйым  құрылымын 
өзгерту қажет пе?


264
 

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау