56
Алайда, ағзаға ендірілетін барлық тосын денелері (қан сарысуы, ақуыздар,
ферменттер, гормондар жəне т.б) көбінесе аралас құрамдағы антигендерінен
тұрғандықтан, оларға қарсы көптеген антиденелер бөлініп шыға бастайды. Мысалы,
адамның қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер) тек қана А (ІІ) жəне В (ІІІ) қан
топтарына ғана емес, сонымен бірге резус факторға да антиген болып табылады.
Сол сияқты бактериялардың жасуша қабаттары мен вирустар капсидтерінің
ақуыздары да əртүрлі антигендер ретінде əрекет етіп, түрлі антиденелердің бөлінуін
қоздыра алады. Яғни, иммундалған малдардың қан сарысуы əртүрлі клондардың
бөліп шығаратын антиденелері арқасында, əрдайым аралас болып келеді. Бірақ та,
зерттеу жұмыстарына антиденелерінің тек бір ғана типі кездесетін –
моноспецификалық сарысу (моноспецифическая сывортка) немесе моноклональді
антидене (моноклональные антитело) деп аталынатын дəрмегін (препарат) қолдану
нəтижелері өте тиімді келеді.
Болашақта қажеттілігіне байланысты спецификалық иммуноглобулиндерді алу
мүмкіндігі артады. Нобель сыйлығының лауреаты австралия ғалымы Френк
Бернеттің тұжырымы бойынша, əртүрлі антигендерге тек қана өзіндік лимфоциттер
ғана сезімтал болады. Былайша айтқанда, əрбір лимфоцит тек қана белгілі бір
антиденелер береді. Мысалы, қандай да бір лимфоцит А-бактериясына қарсы
иммуноглобулин жасап шығарса, онда келешекте осы лимфоциттің барлық
ұрпақтары да дəл сондай иммуноглобулиндер шығарады. Бір жасушаның ұрпақтары
клон деп аталатыны белгілі. Сондықтан, қандай да бір антигенге сезімтал
лимфоидты жасушадан таралған клондар, осы антигенге қарсы ұқсас əрекет
жасайды. Ағзада қандай да бір антигеннің əсері нəтижесіне, тек соған қарсы əрекет
ететін лимфоидты клондар белсенділік көрсетіп, зиянды антигенге қарсы
иммуноглобулиндер жасап шығарады. Осы клонның көбеюі – ағзаның белгілі бір
ауруға қарсы тұратын иммунитетінің пайда болуына алып келеді. Сол себепті,
Ф.Бернетт ұсынған теориясын
клониалды-селекциялық
деп атады.
Моноклональді антидене
деп – бір жасуша клонымен бөлініп шығарылатын
антиденелері айтылады. Френк Бернетт ұсынған теория бойынша, жасуша
культураларында алынған əртүрлі ß-лимфоциттер клондары арқылы моноклональды
антиденелер алып, солардың көмегімен ауруларды дəл диагностикалап, тиісті ем
қолдану мүмкіншілігі ашылады. Алайда бұған қарсы жаңа қиыншылық туындады.
Ол – антидене құрушы жасушалардың жасанды қоректік ортадаға өмір сүру мерзімі
өте аз, яғни небары 10 күн аралықтарына дейін екендігі болатын. Сондықтан
бұлардың өсіп-көбеюін ұзарту мақсатындағы зерттеу жұмыстары өз жалғасын
тапқан еді. Кейіннен бұл əдіс те ойлап табылды, яғни ол гибридома деген заттың
шығуына байланысты мүмкін болды.
Осындай зат алу мақсатында швейцарлық ғалымдар алғаш рет 1975 жылы
тышқанның лимфоциті мен жасанды ортада өсірілген сүйек миының қатерлі ісік
жасушаларының гибридтерін алуға қол жеткізді. Осы гибридтер
Достарыңызбен бөлісу: