Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет127/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   216
биотехнология кітап (2)

4. Мұнай өндіруде қолдану
Биогеотехнология 
жетістіктерінің 
мұнай 
шығымдылығын 
арттыруда
қолданылуы – əртүрлі  микроорганизмдерді  пайдаланудан  тұрады. Қазіргі  кезде
мұнайдың  негізгі  энергиялық  жəне  химиялық  өнімдерінің  шикізат  көзі  екендігі
белгілі. Алайда, кейбір  болжауларға  қарағанда, оның  дүние  жүзіндегі  қоры  жақын
50 жылдықта  таусылуы  қауіпі  бар. Сонымен  бірге, қазіргі  кезде  мұнай  өндіруде
қолданылатын технологиялар, кен орнындағы барлық мұнай қорының тек жартысын
ғана  алуға  мүмкіндік  береді  екен. Бұл  жағдай, мұнай  шикізатының, онымен
араласып жатқан жер қабаттарымен мықты байланыста болуынан қалыптасады. Тек
қана  осы  байланысқан  мұнайлардың 10-15% өндіру  мүмкіндігі  туылса, бұл  жаңа
мұнай  кенін  ашумен  пара-пар  болар  еді. Сондықтан  қазіргі  кезде  бұрынғы  мұнай
көздерін  екіншілік  өндірудің  амалдары  мен  əдістерін  іздестіруге, осы  саланың
мамандары көп қызығушылық танытуда.
Мұнай өндірудің шығымдылығын көмірсутегілерін тотықтыратын жəне метан
түзетін  бактерияларды  пайдалана  отырып  арттырудың əдісі, осындай  мұнайлы  кен
қабаттарына  скважина  арқылы  жіберілетін  жер  үсті  суларымен  бірге  араласып
түсетін  микробтардың  геохимиялық  активтілігін  арттыру  болып  табылады.
Жоғарыда  аталған  микробиологиялық  үдерістердің  қарқындылығын  арттыру
жұмыстары, мұнай  көздеріне  жіберілетін  суларды  оттегімен  байыту  жəне  олардың
құрамына азот жəне фосфордан тұратын минералдық тұздарын қосу арқылы жүзеге
асырылады. Табиғи  жағдайда  көбінесе  осы  минералдық  тұздарының  жетіспеуі
салдарынан, микрофлораларының  белсенді  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасалмайды.
Сондықтан, оттегімен  жəне  минералды  тұздармен  байытылған  сулар  жеткен
мұнайлы  қойнаулардағы  скважина  маңында  қолайлы  жағдай  жасалуы  себепті, сол
аймақтардағы  мұнайды  көмірсутегілерін  тотықтыратын  жəне  метан  түзуші
микробтарымен  ыдырату  үдерістері  белсенді  түрде  жүре  бастайды. Аталған  үдеріс
оттегісі  бар  мұнай  қойнауы  аймақтарында  көмірқышқыл  газы, сутегі  жəне
төменмолекулалы  органикалық  қышқылдарының  жиналуына  ұласады. Бұл  жерде
олар  метан  түзуші  бактерияларының  көмегімен  метан  газына  айналады. Мұнайлы
кен  қойнауларындағы  мұнай  молекулаларының  ыдырауы  жəне  газдардың  пайда
болуы, қою  мұнайдың  сұйылуы  мен  қойнаудағы  газ  қысымының  артуына  алып
келіп, ал ол өз кезегінде, скважиналардағы өндірілетін мұнай шикізатының көбеюіне
мүмкіндік жасайды.


179

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау