Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Табиғаттағы  сутегін  алу  көздері



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет117/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   216
биотехнология кітап (2)

Табиғаттағы  сутегін  алу  көздері.
Жасыл  өсімдіктердің  хлоропласт
қабатында  жарық  энергиясының  көмегімен  электролиздеу  үдерісіндегі  сияқты,
сутегі  молекуласының  ыдырайтыны  белгілі. Сондықтан, жасыл  өсімдіктер
хлоропластарындағы  сутегі  молекуласының  ыдырауы –
фотолиз
деген  атқа  ие
болды.
Жасыл  өсімдіктерде  жарық  энергиясы  əсерімен, фотосинтез  нəтижесінде,
оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Ал мұндағы сутегі қайда кетеді? Оның, ерекше
тасымалдаушылар  көмегімен, көмірқышқыл  газының  қант  түзілуіне  тікелей
қатынасатыны  анықталған. Мұнда  хлоропластардан  бос  күйіндегі  сутегін  шығару
үшін  міндетті  түрде  ерекше  фермент –
гидрогеназаның
  болуы  шарт  екені
анықталған. Сондықтан, құрамында  гидрогеназа  ферменті  бар  микроорганизмдерді
жапырақтан  бөлініп  алынған  хлоропласт  суспензиясына  қосу, хлоропластардың
жарық энергиясы көмегімен сутегін шығаруына мүмкіндік туғызады.
Алғаш  рет 1961 жылы  фотосинтез  саласының  белгілі  маманы  Д. Арнон  өз
зертханасында  алдын-ала 5 минуттай 50
0
С-қа  дейін  қыздырылған  шпинат
өсімдігінің  суспензиясына  цистеин  амин  қышқылын  қосқаннан  соң, сутегін  бөліп
шығара бастайтынын байқаған. Алайда, бұл үдеріс хлоропластың қызмет мерзімінің
қысқа  өтетіні  жəне  гидрогеназаның  оттегінің  əсерімен  нейтралдануы  салдарынан
ұзақ  уақыт  жүре  алмайтыны  анықталды. Сондықтан, ғалымдар  көптеген
микроорганизмдер  ішінен  сыртқы  əсерлердің  факторларына  төзімді  ферменті  бар


166
тіршілік  иесін  табуға  күш  жұмсады. Ізденістер  нəтижесінде  мұндай  бактериялар
табылды. Атап айтқанда, осындай бактерия қатарына пурпурлық күкірт бактериясы

тиокапса
 жататыны анықталды. Осы бактерия құрамынан сыртқы ортаның оттегі
жəне  жоғары  температура  жағдайларына  шыдамды  келетін  гидрогеназа  ферменті
бөлініп  алынған. Бұл  тиакапсадан  бөлініп  алынған  гидрогеназа  ферменті  мен
құрамында  темірі  мол
ферредоксин
  ақуызын  қосқан  шпинат, темекі, бұршақ  жəне
жүгері  хлоропластары 3-6 сағат  аралықтарында  тұрақты  түрде  сутегін  бөліп
шығаратыны  анықтаған. Бұл  үдеріс  тек  жарықта  жəне  оттегін  сорып  алатын  жүйе
бар болғанда ғана жүзеге асады.
Ғалымдар  сутегін  алудың  басқа  да  тиімді  жолдарын  қарастыруда. Соның
нəтижесінде  кейбір  мұхиттарда  жəне  өзендерде  өсетін  балдырлардың  да  жарықта
сутегін бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардың қатарына, оттегі мен сутегін бөліп
шығаратын, микроскопиялық  балдырлар  мен  ыстыққа  шыдамды  анаэробты
цианобактериялар  жатады. Бұл  микроорганизмдер  арасында  бір-бірінің  өндірген
өнімдері  екіншілеріне  қоректік  орта  болып  табылатын  қарым-қатынас  орнайды.
Мысалы, жарықта балдырлардың жасушалары көміртектері мен бос оттегін түзсе, ал
цианобактериялар осы көміртектерін пайдалана отырып, гидрогеназаның көмегімен
оларды  сутегі  түзе  ыдыратады. Сондықтан  осындай  екі  микроорганизмдердің
бірлесе  жұмыс  істеуі  нəтижесінде, оттегі  мен  сутегін  бөліп  алу  мүмкіндігі
туындайды.
Бензин  құрамына  сутегін  қосу  автомашиналардың  ауаға  шығаратын зиянды
заттар  мөлшерінің  күрт  төмендеуіне  алып  келеді. Мысалы, 5% сутегі  қосылған
бензиннің  жану  дəрежесінің  артуы  себепті, қоршаған  ортаға  бөлінетін  улы  газ  бен
зиянды  заттардың  бөлінуі  азаяды. Сонымен  бірге  бензин  шығымының 40%-ға
үнемделетіні анықталған.
АҚШ-да құрамында целлюлозасы бар əртүрлі өндіріс қалдықтарын (қоқыстар,
қағаз  қалдықтары, қалдық  сулар, өсімдіктер  жəне  т.б.) биотехнологиялық  жолмен
өңдеу арқылы глюкоза алып, оны əрі қарай өңдеу арқылы, сутегін алу əдістері ойлап
табылған. Бұл  қалдықтарды  целлюлаза  ферменттері  арқылы  гидролиздейді. Сонан
соң құрамында 0,5-20,0% глюкозасы бар гидролизат өніміне өз тіршілігі барысында
көміртегі  мен  сутегі  түзетін  микроорганизмдерді  сеуіп  тастайды. Осындай  жолмен
үдеріс бір аптаға созылады. Кейіннен, құрамындағы көмірқышқыл газын адсорбция
арқылы  сорып, сутегінен  ажыратып  алады. Осы  əдіспен  дайындалған  өнімде
сутегінің шығымы 60-90%-ға дейін жетеді.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау