VІІ тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Өсімдіктердің кішкене бөлшектері мен жекелеген мүшелерін алғаш рет өсіруді
бастаған ғалымдар кім?
2. Өсімдіктерді өсіруге қажетті толыққұнды құрамды жасанды қоректік ортаны
алғаш рет кімдер жасады?
3. Жасушалық селекция дегеніміз не? Өсімдік шаруашылығындағы жасушалық
селекцияның мəнісі неде?
4.
In vitro
жағдайында өсірген өсімдік жасушаларының басты артықшылықтары
неде?
5. Клондық микрокөбейту əдісінің негізгі бастамасы не? Тотипотенттілік қасиет
дегеніміз не?
6. Жаңа сорттарды шығару қандай принципке негізделеді?
7. Жасушалық (клеткалық) инженерия дегеніміз не жəне тірі жасушаларды өсірудің
негізгі бағыттары қандай?
8. Өсімдік ұлпаларын жасанды ортада өсіріп-көбейту əдістері қалай жүзеге
асырылады?
9. Парасексуалды гибридтер алудың мүмкіндіктері мен болашағы қандай деп
ойлайсыз?
10. Өсімдіктер өнімділігін жоғарылату мақсатында қандай жұмыстар мен əдістер
қолданылады?
11. Жасушалық дақылдау жұмыстарында қандай бағыттағы жаңа технологиялар
жасалынуда?
12.Апикальды меристема дегеніміз не жəне ол қандай қызмет атқарады?
13.Жасушалық жəне гендік инженерия негізінде жасушаға геномды, немесе жеке
генді енгізу үшін қандай əдістемелік мəселелерді ескеру керек болады?
161
14. Жекеленген протопластар дегеніміз не?
15.Протопластарды біріктіру əдісі қалай жүзеге асырылады жəне оның болашағы
қандай деп ойлайсыз?
16. Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда
қолданудың басты артықшылықтары қандай?
17.Қоректік суспензияда екі протопластардың өздігінен қосылуын жеделдету үшін
қандай зат қолданылады?
18.Цибридтер деген атау қандай жағдайда қолданылады?
19. Жасушалық жəне генетикалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сорттарын
шығарудағы маңызы қандай
?
20. Қоректік ортаның каллустарды өсірудегі маңызы қандай?
21. Интрондар дегеніміз не жəне қандай қызмет атқарады?
22. Генетикалық инженерияны өсімдік шаруашылығында қолданудың болашағы
қандай деп ойлайсыз?
23. Сомалық гибридтеу əдісінің мазмұны не? Сомалық гибридтеу үшін зерзат
ретінде не алынады?
24.Протопластарды қандай əдістер арқылы алуға болады? Олардың ерекшеліктерін
айтыңыз.
25.Гетерокариоттық сомалық гибридтерін қалай бөліп алуға болады?
26.Протопластар арқылы оңай регенерацияланатын өсімдіктерге қандай түрлер
жатады?
27.Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер дегеніміз не? Қазіргі кезде
көп шығарылатын ГМ өнімдері қатарына қандай өсімдіктер жатады?
28.Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктерді шығарудағы басты қауіп
неде деп ойлайсыз? ГМ-өсімдіктерді шығарудың болашағы қандай?
29. Гендік инженерия əдісімен ГМ өсімдіктерінің гербицидке төзімділіктерін
арттыру қандай жағынан пайдалы?
30.Күшті əсері бар гербицидтерді неге ұшақ арқылы ауадан шашуға болмайды?
31.Глифосат пен глюфосинатты қолданудың басты артықшылықтары неде?
32.Ауткроссингтің қатері қандай деп тойлайсыз? Оның таралу мүмкіндігі шынайы
ма?
33. Көп жылдардан бері қолданыстағы инсектицидтердің қандай түрлерін білесіз?
34.(Bt) ақуызын бөліп шығаратын
Bacillus thurinqiensis
топырақ бактерияларының
пайдаланудың қандай əсері бар?
35.«Биодиверсанттарды» ендіру əдісінің мəні неде?
36.Микробты инсектицидтер дегеніміз не жəне оны алу үшін қандай ағзалар
пайдаланылады?
37. Өсімдіктердің патогендерге төзімділік қасиеттерін арттырудағы басым бағыттар
қандай?
38.Дақылды өсімдіктердің төзімділіктерін қандай жолдармен арттыруға болады?
39.Өте төзімді жəне шыдамды культураларды көптеп шығарудың қауіпі барма?
40.Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттырудың мəнісі неде?
41.ГМ технологиясы арқылы жасалынған құнарлығы жоғары өсімдіктердің қандай
түрлерін білесіз?
42.T-GURT технологиясы дегеннің мəні неде?
162
43.Терминаторлық технология дегеніміз не? Оны не үшін қолданады?
44.Ауа құрамындағы азотты өсімдіктер сіңіре алуы үшін оларды қандай күйге
айналдыру қажет болады?
45.Азот тыңайтқыштарын себуді азайтудың биотехнологиялық жолы ретінде
қандай амалдар ұсынылады?
46.Симбиоздық қабілет дегеніміз не? Симбиоздық қабілетке негізделген үдерістерді
астық өнімділігін арттыруда қолданудың мысалдарын келтіріңіз.
47.Мал шаруашылығында биотехнологиялық əдістерінің қолданылуына қандай
биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді?
48.
Малдар гаметасының биологиялық банкін құру қандай мүмкіндіктер береді?
49.
Бір аналық жұмыртқасынан дамитын егіздердің биологиялық зерттеулер үшін
маңыздылығы неде?
50.Малдардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру мақсатында
қандай биотехнологиялар қолданылады?
51. Көбею биотехнологиясында қандай əдістер қолданылады жəне мұндағы басты
мақсат?
52.Генетикалық инженерияның негізгі міндеттері қандай?
53.Генетикалық
трансформация
жұмыстарында
атқарылатын
міндеттерді
саралаңыз.
54.Қазіргі кезде адамдардың тағамдық қолданылуы үшін шығарылған генетикалық
модификацияланған жануарлардың қандай түрлерін білесіз?
55.Биоинженерияның мал шаруашылығында қолданылуының қандай мысалын
білесіз?
56.Биотехнология жетістіктерін ауылшаруашылығында қолданудың пайдасы мен
қауіп туғызатын тұстары мен болашағы қандай деп ойлайсыз?
57. Жануарладың жасушаларын гибридизациялау əдістерінің ашылуы қай жылдан
басталады
жəне
қазіргі
кезде
ғылымда
қолданылатын
жасанды
гибридизациялаудың негізгі əдістері қандай?
58. Табиғи жағдайда қой мен ешкі еркін ұрықтана ала ма? Гибридті ұрпақ кейіннен
өздігінен көбейе ала ма? Себебін түсіндіріңіз.
59.Монозиготалы егіздері алудың қандай маңызы бар жəне оны дайындау қандай
кезеңде атқарылады?
60.Тотипотенттілік дегеніміз не? Оның маңызы қандай?
61.
Силос дайындауға қандай өсімдіктер қолданылады жəне оны дайындаудың
технологиялық үдерістеріне сипаттама беріңіз?
62.
Силостауда қандай бактериялар белсене қатысады жəне оның құндылығын
анықтағанда қандай белгілерге назар аударылады?
63.
Сенажды дайындаудың технологиялық үдерістеріне сипаттама беріңіз?
64.
Хайуандар өнімдерінен алынатын қандай малазықтық заттарды білесіз?
163
Достарыңызбен бөлісу: |