Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет84/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

4. Ресейдің салық жүйесі
Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 
1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады.


209
Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конститу-
циясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды Ре-
сей Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік 
қадағалайды;
Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық 
жүйесінің негізгі қағидалары:
1. Салық төлеуші болып табылатын əрбір тұлға салық 
заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.
2. Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессио-
налдық жəне т.б. осындай критерийлер негізінде қолданыла ал-
майды.
3. Ресей Федерациясы салық жүйесін бұзатын салықтарды 
енгізуге болмайды.
4. Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөл -
шерлемелерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат етіл-
мейді.
Ресей Федерациясы субъектілерінің салықтары мен алым-
дары:
Жергілікті салықтар мен алымдар. Федералдық салықтар 
Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. 
Оған мынадай салықтар жатады: 
•  қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
•  жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
•  бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын 
салық;
• кеден 
баждары;
•  ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
•  мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын салық;
•  ойын бизнесіне салынатын салық;
пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;
•  жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем;
• мемлекеттік 
баж;
•  су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық;
•  спиртті алкогольді өнімдерді, этил спиртін өндіру жəне ай-
налым құқығы мен лицензия беру үшін алынатын алым.
  Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық 
жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. Қосылған құнға 
салынатын салықты мынадай заңды жəне жеке тұлғалар төлейді:


210
• ұйымдар;
• жеке 
кəсіпкерлер.
Ресейдің Кеден Кодексіне сəйкес, Ресейдің кеден шекара-
сынан тауарлар өткізетін тұлғалар. Заңды тұлға болып табыл-
майтын коммерциялық кəсіпорындар жəне  де  салық салуда 
оңайлатылған жүйеге  көшкен  шағын кəсіпорындар төлемейді. 
Заң жүзінде салық кəсіпкерден алынады, бірақ шын мəнінде 
оның төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу 
барысындағы құнында төленеді. Салық салу объектісі болып мы-
налар танылады:
•  Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;
•  Жеке тұтынуы үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау;
• Импорт 
операциялары.
Негізінен,   қосылған   құнға   салынатын   салық   үш   түрлі 
мөлшерлемемен: 0%, 10% жəне 20% мөлшерлемемен алынады. 
Нөлдік мөлшерлеме:
а) мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияла-
рына;
ə) ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жұмыстар;
б) бағалы металдардың мемлекеттік қорына, Орталық банк-
пен екінші деңгейдегі банктерге бағалы материалдар өндіретін 
салық төлеушілер;
в) дипломатиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға 
теңестірілген тұлғалардың жəне олардың отбасыларының жеке 
жəне ресми пайдалануына əкелген тауарларына қолданылады.
10% мөлшерлемемен салық салынады:
•  тірі салмақтағы мал, құс;
•  деликатес, шұжық, консерві өнімдерінен басқа ет жəне ет 
өнімдері;
•  жеміс-жидек негізінде жасалған балмұздақтан басқа сүт 
жəне сүт өнімдері;
•  жұмыртқа жəне жұмыртқа өнімдері;
•  өсімдік майы, маргарин жəне азық-түлік өнімдері;
•   балалар тауарлары;
•  мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;
•  отандық жəне шетелдік дəрі-дəрмектер,медициналық құ-
ралдар;
Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық мөл-
шерлемемен қосылған құнға салынатын салық.


211
Егер салық төлеушінің бір тосқауылды тауар өткізуден 
түсірген табысы 1 млн рубльден кем болса, онда салық əрбір 
есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 20-шы жұлдызына дейін, 
одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан 
кейінгі айдың 20-шы жұлдызына дейін төленуі керек.
Қосылған құнға салынатын салықты төлеуден мыналар боса-
тылады:
• тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке аса 
қажет болып табылатын отандық жəне шетелдік дəрі-дəрмектер, 
құрал-жабдықтар;
• 
косметологиялық жəне мемлекеттік ветеринарлық
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен басқа медициналық 
қызмет көрсетулер;
•  халықты əлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жəне жергілікті 
органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп 
бағумен байланысты қызметтері;
• мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, 
студиялары;
•  такси жəне маршрутты такси мен жолаушы тасымалы; 
• 
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, əдет-ғұрып 
қызметтері.
• əскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты 
əлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясында жүргізілген 
жұмыстар;
•  бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған тау-
арлар;
•  Ресейдің əуе жайлары мен əуе кеңістігінде, əуе кемелерінде 
көрсетілетін қызметтер;
• дəріхана ұйымдарының дəрі-дəрмек жасау,  оптикалық 
көзілдіріктерді жасау жəне жөндеу, есту жəне қозғалу аппаратта-
рын жөндеу жұмыстары;
•  инкассациядан басқа банктік операциялар;
•  сақтандыру, қайта сақтандыру жəне өзара сақтандыру опе-
рациялары;
• орман өрттерін сөндіру жұмыстары жəне т.б. Ресей салық 
заң 
намасына сəйкес акциздерді мынадай заңды жəне жеке 
тұлғалар төлейді.
• ұйымдар;


212
• жеке кəсіпкерлер;
•  Ресейдің Кеден Кодексіне сəйкес, кеден шекарасынан тауар-
лар өткізетін тұлғалар. 
Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:
•  коньяк спиртінен басқа этилді спирті;
• құрамында 9 пайыздан артық этилді спирті бар спирттік 
өнімдер;
• 270 млн аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық 
органнан мемлекеттік тіркеуден өткен парфюмерия - косметика 
өнімдері;
• сыра;
• медициналық мақсатта қолданылатыннан басқа спиртті 
өнімдер;
•  алкоголь жəне темекі өнімдері;
• двигатель қуаты 112,5 кВт-тан жоғары жеңіл автокөліктер 
мен мотоциклдер;
• дизельді отындар;
•  табиғи газ жəне тағы басқалар. 
Акцизделген минералды шикізатқа табиғи газ жатады. Дербес 
салық төлеуші болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелердің 
акцизделетін тауарларды өзара берілуі, салық төлеушілердің 
мұнай өнімдерін өткізуі, табиғи газды өзінің технологиялық 
мақсаттары үшін пайдалануы жəне тағы басқа акциз салығын 
төлеуден босатылады. Акциз салығының тұрақты, немесе 
адвалорлық мөлшерлемелері əрбір акцизделетін тауар түрлері 
бойынша дербес тағайындалады. Акцизделетін тауарлар мен 
акцизделетін минералды шикізаттарға қолданылатын салық 
мөлшерлемелері.
Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, 
акцизделетін минералды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз 
салығы есептен кейінгі айдың 25-не дейін төленуі керек. Көтерме 
сауда жасау куəлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті 
айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау 
куəлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейінгі айдың 10-на 
дейін салық төлеуі керек.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің 
резидент немесе бейрезидент жеке тұлғалары төлейді.
Салық салу объектісі болып резидент – жеке тұлғалардың 
Ресейдегі жəне Ресейден тыс жердегі көздерден алган табыстары, 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау