Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет42/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

114
АЛТЫНШЫ  ТАҚЫРЫП 
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
 Франция елінің экономикалық жағдайына жалпы 
шолу, əлемде алатын орны мен ерекшелігін анықтау, сондай-ақ 
қаржы жүйесінің жалпы құрамына кіретін: бюджет, салық, банк 
жүйесін анықтау жəне олардың Франция еліндегі ерекшеліктерін 
анықтап, зерттеп білу. 
Дəріс жоспары:
1. Франция мемлекетінің экономикасына шолу.
2. Францияның бюджет жүйесі.
3. Францияның банк жүйесі.
4. Францияның салық жүйесі.
Негізгі түсініктер:
 ЖІӨ, экспорт, транспорт, бюджет жүйесі, 
біріккен бюджет, бюджеттік процесс, банк жүйесі, іскерлік банк, 
депозиттік банк, салық жүйесі, корпоративті салық, қосылған құн 
салығы, жеке табыс салығы, салық базасы, салық мөлшерлемесі.
  
Тақырыптың мазмұны.
 Франция – өнеркəсіптік өндірістің 
көлемі бойынша əлемде алдыңғы қатарда дамыған индустриалды-
аграрлы ел. ЖІӨ үлесі 2009 жылы 1,9 триллион евроны (2,6 трил-
лион доллар) құрады. ХВҚ болжамы бойынша Францияда 2015 
жылы ЖІӨ үлесі 21%-ға өседі.
2006 – 2009 ж.ж. ЖІӨ динамикасы жəне оның негізгі 
элементтері:
2006
2007
2008
2009
ЖІӨ
2,3
2,1
0,7
-2,4
Халықтың тұтынуы
2,1
2,0
0,7
0,5
Инвестициялардың жалпы көлемі
8,4
6,3
0,1
-6,9
Оның ішінде: компанияның
8,6
6,6
2,4
-7,2
Халықтың
6,8
5,5
-1,4
-8,9
Экспорт
4,8
2,5
-0,6
-11,1
Қорлардың өзгеруі
0,0
-0,3
-1,6


115
 Франция – АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Ұлыбританиядан 
кейінгі əлемдегі алтыншы экономикалық держава. Метрополияда 
551 602 км
2
 территориясы мен 64 млн тұрғындарымен теңіздің 
ар жағындағы территорияларды қоса алғанда Франция «ірі» ел 
ретінде саналмайды. Сонымен қатар, оның экономикалық үлесі 
халықаралық аренада басты рөлде ойнауға мүмкіндік береді. 
Франция Еуропаның орталық географиялық орналасуынан ба-
стап Батыс Еуропаның (Жерорта теңізі, Ла-Манш, Атланти-
ка) басты коммерциялық трассасына шығуына ие бола отырып 
өзіндік артықшылықтарды қолдануда. Осыған сəйкес, 1957 жылы 
құрылған Жалпы еуропалық нарық – француз кəсіпорындары 
үшін нағыз сəті түсті. 
Өнеркəсібі. Темір мен уранды рудалар, бокситтер өндіріледі. 
Өңдеуші өнеркəсіп саласынан – машина жасау, оның ішінде авто-
мобиль жасау, электротехникалық жəне электронды (теледидар, 
кір жуғыш машина жəне басқалары), авиация, кеме жасау (танкер-
лер, теңіз паромы) жəне станок жасау жағынан алдыңғы қатарда. 
Франция – əлемде химиялық жəне мұнай-химиялық өнімдерді 
(оның ішінде каустикалық сода, синтетикалық каучук, пластмас-
са, минералды тыңайтқыштар, фармацевтикалық тауарлар жəне 
басқалары), қара жəне түсті (алюминий, қорғасын жəне цинк) 
металдарды өндіру жағынан ең ірілердің бірі. Əлемдік нарықта 
үлкен атақтылықпен француздық киімдер, аяқ киімдер, зерттеулік 
бұйымдар, парфюмерия мен косметика, коньяк, ірімшіктер (ша-
мамен 400 сорттары өндіріледі) жоғары сұранысқа ие.
Ауыл шаруашылығы. Франция – Еуропадағы ауыл шаруа-
шылық өнімдерін өндіру жағынан дамыған елдердің бірі жəне 
де ірі мүйізді мал басы, шошқа, құстар санымен сүт, жұмыртқа, 
ет өндіру жағымен əлемде басты орындардың біріне ие. Ауыл 
шаруашылығының үлесіне ЖІӨ-ң шамамен 4%-ы жəне ел тұр-
ғындарының 6%-ы тиесілі, алайда ол ЕО өнімдерінің 25%-ын 
құрайды. Əлеуметтік-экономикалық құрылымдардың сипатта-
масының ерекшелігі – жеткілікті түрде шаруашылықтың ұсақ 
өлшемдері болып табылады. Пайдаланылатын жердің орташа 
алаңы – 28 гектар, бұл ЕО елдерінің сəйкес көрсеткіштерінен 
асып түседі. Жер иелігінде үлкен бөліктер белгіленген. Шаруа-
шылықтың жартысынан көбі өзінің жерлерінде орындалады. 
Өндірістің басты күші болып ауқымды шаруашылық саналады. 


116
Ауыл шаруашылығы жерлерінің 52%-ы шаруашылықта 50 гек-
тардан жоғары өлшемде келеді, яғни бұл олардың жалпы санының 
16,8%-ын құрайды. Олар өнімнің 2/3 бөлігін қамтиды, яғни ауыл 
шаруашылығының іс жүзінде барлық салаларының өндірісіндегі 
басым жағдайға ие. Ауыл шаруашылығының басты саласы – ет-
сүтті бағыттағы мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында 
дəнді шаруашылық басым, негізгісі – бидай, арпа, жүгері. Жүзім 
шаруашылығы (əлемде шарап өндіруден алдыңғы орында), 
көкөніс шаруашылығы мен бақ шаруашылығы, гүл шаруашылығы, 
балық шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылығы – өнімдер: 
бидай, дəнді дақылдар, қант қызылшасы, картоп, шарапты жүзім; 
сиыр еті, сүт өнімдері, балық. Ауыл шаруашылығы жоғары 
индустрияланған. Химиялық тыңайтқыштарды қолданумен бай-
ланысты техникалардың қанықтылығы бойынша тек Нидерланды, 
ГФР, Данияға орын береді. Техникалық жабдықтау, агромəдениет 
шаруашылығын жоғарылату – елдің ауыл шаруашылық өнімде-
рінде өзіндік қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауына əкеледі. 
Бидай, қант бойынша 200%-ға жоғарылатады, кілегейлі май, 
жұмыртқа, етке 100%-дан жоғары.
Шарап жасау. Шарап өндірісі бойынша Франциямен тек Ита-
лия елі бəсекелесуде. Əрбір провинцияда (шет аймақта) жүзімнің 
өзіндік сорттары өсіріледі жəне шараптардың өзіндік сортта-
ры өндіріледі. Құрғақ шараптар басым келеді. Мұндай шарап-
тар əдетте жүзімнің сорты бойынша аталады – Шардоне, Со-
виньон Блан, Каберне Совиньон жəне т.б. Шараптар жүзімнің 
сорттарының қоспасынан жасалынғандар жергілікті жері бой-
ынша аталады. Францияда шампандар, анжуйді, бордосты жəне 
бургундты шараптар ерекше сипатқа ие. Басқа танымал сусын 
– коньяк. Бұл брендидің немесе жүзімді арақтың бір түрі. Басқа 
да түрлері бар, мысалға – арманьяк. Францияда тек Коньяк 
қаласының аумағында жасалған сусын ғана коньяк деп санала-
ды. Нормандияда тағы бір ащы сусынның бір түрі – кальвадос 
таралған. 
Энергетика жəне пайдалы қазбаларды өндіру. Францияда 
жыл сайын шамамен 220 млн тонна отынның əртүрлі түрлері 
қолданылады, осыған байланысты энергия өндірісінде ба-
сым түрде – АЭС орын алады, олардың саны 59 жəне де елде 
электроэнергияның  80%-ы өндіріледі. Францияда электро желі-


117
лердің барлығы «Électricité de France» мемлекеттік компания-
сына бағынышты. Францияның гидроэлектростанция желісі 
Еуропадағы ең үлкен болып саналады. Оның территориясында 
шамамен 500 СЭС орналасқан. Франциядағы гидроэлектрлі стан-
ция 20 000МВт қуаттылықты өңдейді. 
Франция темір рудасы, уран рудасы, боксит, калий жəне та-
сты тұз, көмір, цинк, мыс, қорғасын, никель, мұнай, ағаштың 
белгілі қорларына ие. Көмір өндірудің басты аймағы – Лотарин-
гия (9 млн тонна). 1979 жылдан бастап көмір бойынша импорт 
өндіруді жоғарылатты. Қазіргі кезде бұл отынның түрі бойын-
ша ең ірі жабдықтаушылар – АҚШ, Австралия жəне ОАР. Мұнай 
жəне мұнай өнімдерінің негізгі қолданушылары болып транс-
порт, ТЭС табылады, осыған сəйкес Франция мұнайды Сауд 
Арабиясынан, Ираннан, Ұлыбританиядан, Норвегиядан, Ре-
сейден, Алжирден жəне т.б. елдерден импорттайды. Газ өндіру 
3 млрд. куб м-ден аспайды, Францияда газдың ең ірі шыққан жері 
– Пиренеядағы Лак мекенінде көп бөлігімен таусылды. Газдың 
басты жабдықтаушылары Норвегия, Алжир, Ресей, Нидерланды, 
Ұлыбритания, Нигерия мен Бельгия. «Газ де Франс» − Еуропадағы 
ең ірі газды компаниялардың бірі. Компания қызметінің негізгі 
бағыттары болып барлау, өндіру, өткізу жəне табиғи газды бөлу. 
Транспорт. Францияда теміржол транспорты өте қарқынды 
дамыған. Жергілікті жəне түнгі поездар, оның ішінде TGV 
(«Trains à Grande Vitesse» - жоғары жылдамдықты поездар), аста-
наны елдің барлық ірі қалаларымен, сондай-ақ Еуропаның көрші 
елдерімен байланыстырады. Бұл поездардың жүру жылдамдығы 
– 320 км/сағ. Франциядағы теміржол желісі 29 370 км құрайды 
жəне Батыс Еуропа елдері арасында ең ұзын теміржол желі бо-
лып табылады. Теміржол хабарламасы Андоррадан басқа, 
барлық көрші елдерде бар. Франциядағы метро Парижде, Ли-
онда, Марселде, Лилде, Тулуада, Реннада бар. Руанда – жерасты 
жылдамдықты трамвай бар. 
Автомобиль жолдарының желісі елдің барлық территориясын 
жеткілікті түрде тегіс жабады. Автожолдардың жалпы ұзындығы 
– 951 500 км. Францияның негізгі жолдарын келесі топтарға 
бөледі:
– автотрасса;
– ұлттық жолдар;


118
– департаментті жолдар.
Қалада рұқсат етілетін жылдамдық – 50 км/сағ. Қауіпсіздік 
қайыс белдігін қолдану – міндетті. 10 жасқа дейінгі балаларға ар-
найы орындарда отырғызылуы тиіс. 
Францияда шамамен 475 əуежай бар. Олардың 295-і 
асфальтталған, қалған 180-і – жер асты. Ең ірі француздық əуежай 
– Руасси-Шарль-де-Галль əуежайы, Париж қаласының маңында 
орналасқан. Ұлттық француздық авиатасушы Air France əлемнің 
барлық елдеріне авиарейстер жүргізеді. 
Сауда жəне қызмет көрсету. Экспорт: машина жасау өнімі, 
оның ішінде транспорттық құрал-жабдықтар (14%), автомобиль-
дер (7%), ауыл шаруашылық жəне азық-түлік тауарлары (17%), 
химиялық тауарлар жəне жартылай фабрикаттар жəне басқалары.
Франция – жоғары дамыған ел, ядролық жəне ғарыштық мем-
лекет. Экономиканың жалпы көлемі бойынша Еуропалық одақта 
алдыңғы қатарда жəне əлемдік одақтың құрамына кіреді.
Француздық экономикалық саясаттың дəстүрлі ерекшелігі 
– мемлекеттік сектордың үлкен үлесі, əсіресе стратегиялық 
маңызды аумағында – мұнай-газды өнеркəсіпте, транспортта. 
Жоспарлау нормативті емес, индикативті сипатқа ие. Экономи-
када шетелдік капиталдың үлесі жоғары (өнеркəсіпте 40%-ға 
дейін, жылжымайтын мүлік шамамен 27,5%, сауда − 20%, қызмет 
көрсету сапасы − 9%). Шетелдік капиталды кəсіпорындарда 
20%-дан жоғары жұмыскерлер жұмыс істеуде. Əсіресе шетелдік 
капиталдың информатикада жəне басты технологияның басқа са-
лаларында (50%-дан жоғары) үлесі жоғары. 
ЖІӨ-нің көп бөлігін өнеркəсіптік өндіріс − 20% құрайды, ол 
30% жұмыс орындарымен, 40% инвестициямен, 80% экспорт-
пен қамтамасыз етеді. Франция пайдалы қазбалардың белгілі 
қорларына ие: темір жəне уран рудалары, боксит, калийлі тұздар 
жəне т.б. Бұл тау-кен жəне ауыр өнеркəсібі үшін база құрады. 
Түсті металлургияның даму деңгейі бойынша əлемдік рейтинг-
те алғашқы орындарға ие, болат құю бойынша Бат Еуропа-
да үшінші орынға ие. Негізгі салалары: машина жасау (əлемдік 
өндірістің 2,6%), химиялық (əлемдік экспортта 4-ші орында), 
авиағарыштық (Франция Еуропалық ғарыштық агенттікке басты 
рөл атқарады), автомобильді (машина шығару бойынша əлемде 
3-ші орында), тамақ (экспорт көлемі бойынша əлемде АҚШ-тан 


119
кейінгі 2-ші орында), радиоэлектронды, информатика, кеме жа-
сау, электротехникалық. Экономикаға тиісінше маңызды болма-
сада, сəнді заттарды сату мен өндірісі елдің беделі үшін маңызды 
болып табылады. Атом-энергетика саласы бойынша энергияның 
75%-ын АЭС-қа қолданылады. Өндірістік өнімнің көлемі бойын-
ша кейінгі 3-ші орында. Бұл бидай, май, сиыр еті, ірімшік бойын-
ша ірі еуропалық өндіруші. Өнімнің 50%-ын мал шаруашылығы 
береді. Экспортта шараптардың үлесі жоғары.
Бюджет жүйесі. Францияның қаржы жүйесі көп салалығымен 
ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, 
біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар жəне 
мемлекеттік кəсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық жəне 
əлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі са-
ласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігі-
нің, бірі – біріккен бюджеттер.
Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы қызметтерге байланы-
сты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен олар-
ды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер саль-
досы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің 
қаражаттары жеткіліксіз болса, субсидиялар жалпы бюджеттен 
бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік 
кəсіпорын қаражаттарынан, займдардан жəне т.б. түсімдерден 
тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар санала-
ды, барлық түсімдердің 90% салықтардан тұрады.
Жалпы Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады жəне ол 
3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты – бюджет жо-
басын құру, экономика жəне қаржы министрлігінің бақылауымен 
тоғыз ай бойы жүргізіледі. Бюджет процесі кезінде қаржылық 
бақылауды жүзеге асырып отырады. Мемлекеттің бақылаудың 
арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын ала, 
ағымдағы жəне кезекті бақылауларды орындайды.   
Францияның банк жүйесі. Францияда банк 1800ж. жеке 
акцио нерлік компания ретінде құрылған. XIX ғ ортасына дейін 
елде жалғыз акционерлік банк болды. К.Маркстың айтуын-
ша, Францияда банк XIX ғ. 30-шы жылдарында «қаржылық 


120
аристократияның шіркеуі» болды. Оның ресурстары рекреацион-
ды үкіметті қолдау үшін қолданылды. Банктің қаржылық көмегі 
кезінде Париждік Коммун таратылды. Екінші дүниежүзілік соғыс 
кезінде банк фашистік Германияға оккупациялық алым төлеп 
тұрды, ал соғыстан кейін мемлекеттік бюджеттің дефицитін 
қаржыландырды. 145 жыл бойы Францияның банкісі жеке 
акционерлік банк болып қалды, алайда əрқашан да мемлекетпен 
байланысты болды.
Францияда 25 іскерлік банк қызмет етеді. 1945ж. 2 желтоқсанда 
бекітілген заңға сəйкес «іскерлік» атау – құрылтайшылық 
қызметпен жəне кəсіпорынды ұзақ мерзімді несиелеумен байла-
нысты банктерге қатысты. 
Іскерлік банктердің тобына негізінен бұрынғы банктік үй-
лер кірді. Іскерлік банктерге: «Вормс банкісі», «Луи Дрейфус 
банкісі», «Лазар жəне К ағайындыларының банкісі» жəне т.б. жа-
тады. Іскерлік банктердің концентрация дəрежесі өте маңызды:
5 ірі банктердің үлесіне барлық банктердің жиынтық балансының 
64%-дан жоғары келеді.
1) Іскерлік банктердің ресурстарының жалпы саласында 
меншікті капиталдың үлесі депозиттік банктерге қарағанда жо-
ғары.
2) Іскерлік банктердің депозиттер құрамында жедел салым-
дардың үлесі маңызды
3) Депозиттік банктердің есеп-ссудалық операциялар іскерлік 
банктерге қарағанда маңызды рөл атқарады; қор операцияларының 
үлесі депозиттік банктерге қарағанда іскерлік банктерде жоғары.
Алайда француздық банктердің мамандануы тиісті сипатқа 
ие: банктердің барлық үлкен универсализациясы қадағаланады. 
Бір жағынан, іскерлік банктер депозиттік операцияларды 
кеңінен дамытуда жəне салымдарды орналастыру жағынан жəне 
есеп-ссудалық операциялар қатысында да депозиттік банкпен 
бəсекелесуде. Екінші жағынан, депозиттік банктер қысқа мерзімді 
несиелік операциялармен ғана шектеліп қоймай, өнеркəсіпті ұзақ 
мерзімді несиелеу мен қаржыландыру бойынша операцияларды 
кеңінен дамытуда. 
1945 жылғы заңға сəйкес депозиттік банктерге басқа кəсіп-
орындардың капиталына қатысуына шектеулі болды. Депозиттік 


121
банктер үшін салымдардың соңғы мерзімі 2 жылға шектеулі, ал 
оларға жеткізілген несиелердің соңғы мерзімі – 5 жыл. 
1966 жылы банктердің универсализациясына əсер еткен 
банктік реформа жүргізілді. Олар келесідей:
Депозиттік банктер салымдарды қабылдауда 2 жылдан жоғары 
мерзімге құқық алды, ал іскерлік банктер – салымдарды талап ет-
кенге дейін қабылдау құқығын алды;
Депозиттік банктер үшін берілетін несиелердің соңғы мерзімі 
5 жылдан 7 жылға ұзартылды, сонымен қатар іскерлік банктер 
ұзақ мерзімді сияқты, қысқа мерзімді несиелер беруге құқық 
алды;
Депозиттік банктердің сауда өнеркəсіптік кəсіпорындарда 
капи талының 20%-ына дейін қатысуына құқығы кеңейтілді.
Сол жəне басқа француздық банктердің заңдық мəртебесі 
əлі де заттардың фактілік жағдайларын сипаттамайды. Мыса-
лы, «Париждік одақ банкі» – бұрын іскерлік банк болып та-
былса, қазіргі уақытта «депозиттік» болып саналады, алайда 
кəсіпорындарда ірі ұзақ мерзімді жəне орта мерзімді салымдары-
на ие. 
Францияның банк жүйесінің ерекшелігі – ұзақ уақыт бойы ко-
лониялы банктердің болуы. Олар Францияда XIX ғ. пайда бола 
бастады, алайда ХХ ғ. басында өз дамуын ала бастады. 1904 
жылы 20 колониялы банктердің 136 бөлімшелері, ал 1950 ж.  40 
колониялы банктердің 708 бөлімшелері болған. 
Француздық колониялы банктер үшін займдарды шығару
жолы – ссудалық капиталды Францияға əкелуінің кеңеюіне 
əсер етті. Ішкі сауда колониясын несиелендіру жолымен олар 
француздық компанияға арзан шикізат алуға мүмкіндік берді. 
Сонымен қатар бұл банктер колониядағы қолда бар банктік опе-
рацияларды монополиялап, өзіндік несиелік жүйені жəне ұлттық 
өнеркəсіптің дамуына ықпал жасады. Екінші дүниежүзілік 
соғысқа дейін колонияда ұлттық эмиссиялық банктер болмады 
жəне банкноттардың эмиссиясы француздық колониялы банктер-
мен жүргізіледі.
Франциядағы ірі колониялы банк – Үндіқытайлық банк – 
Үндіқытайдың тау-кен жəне басқа өнеркəсіпті кəсіпорындарының 
барлығын, сондай-ақ ауыл шаруашылық плантацияларының 


122
маңызды бөлігін өз бақылауына алды. Ол сонымен қатар басқа 
да француздық колониялы банктерді бақылап отырды. Фран-
цияда колониялы империяның құлауы – колониялы банктердің 
қызметіне байланысты. Біріншіден, олар өздерінің эмиссиялық 
артықшылықтарынан айырылды, бұл − ұлттық-эмиссиялық 
банктердің қолына өтті. Екіншіден, ұлттық банк ісінің дамуының 
нəтижесінен ығыстырылған, колониялы банктер шетелдік бан-
ктер деген атауға ие болды.   
Салық жүйесі. Францияның салық жүйесі орталықтанған-
дығымен ерекшеленеді. Басты салықтар республика бюджетіне 
тікелей төленеді, жергілікті салықтар  департамент пен қауымның 
үлесінде қалады.
Франция əлемдегі əлеуметтік жағынан бағытталған мемле-
кеттердің бірі болып саналады. Екінші дүниежүзілік соғыстан 
кейін туындаған кепілдік жүйесі халықтың өмірін жоғары 
деңгеймен қамтамасыз етеді. 
Корпоративті салық – Франция бюджетін толықтырудың ба-
сты көздерінің бірі: салықтық түсімдердің құрылымында оның 
үлесі − 15-19%-ды құрайды. Тікелей салық болып табылады жəне 
заңды тұлғалардан алынады жəне Франция территориясында 
басқарылатын компаниялармен төленеді. Салық базасы – Фран-
ция территориясында, сондай-ақ оның шегінде алынатын табы-
стар. Стандартты салықтық ставкасы – 33,(3)%. Корпоративті 
салық бойынша салық кезеңі – күнтізбелік жыл, салық төлеу 
мерзімі – 15 сəуір. Жыл сайын наурыздың 15-нен кешіктірмей 
мөлшері айналымға қатысты болатын ең төменгі корпоративті 
салық төленеді. Əр тоқсан сайын 15-ші наурыздан, маусымнан, 
қыркүйектен жəне желтоқсан кешіктірілмей аванстық төлемдер 
төленеді. 
Франция – қосылған құн салығының отаны: алғаш рет əлем 
бойынша осы елде 1954 жылы 10 сəуірде енгізілді. Шамамен 20 
жылдан кейін қосылған құн салығы еуропалық қауымдастықтың 
барлық елдерінде енгізілді, ал қазіргі уақытта əлем бойын-
ша 137 елде бұл салықтың түрі салынады. 2010 жылы Франция 
бюджетінде салықтық түсімдердің 49%-ы қосылған құн салығын 
құрайды. 
Францияда қосылған құн салығының негізгі ставкасы – 19,6%. 
Мынадай жеңілдікті ставкалар бар: 2,1% - БАҚ баспалары, дəрі-


123
дəрмек құралдары, жануарларға, кейбір мəдени шаралар үшін 
жəне 5,5% тамақтану өнімдері, өңделмеген ауыл шаруашылық 
өнімдері, жер өңдеу, жануарларға арналған жем, баспа өнімдері, 
авторлық құқық беру үшін жəне т.б. Францияның Мартиника, 
Гваделупа, Реюньон мекенінде негізгі қосылған құн салығының 
ставкасы 8,5%. Француздық Гвианада қосылған құн салығы са-
лынбайды. 
Жеке табыс салығының салық базасы болып жеке тұлғаларға 
барлық табысы болып табылады, яғни бұл жеті санатқа бөлінеді: 
өнеркəсіптік жəне коммерциялық табыстар; коммерциялық емес 
жəне ауыл шаруашылық табыстары; жерді пайдаланғаннан табы-
стар; жалақы жəне қаламақы; зейнетақы жəне басқа да төлемдер; 
жылжымалы мүліктен түсетін табыстар; капиталды өсіруден та-
быстар. Салық салу субъектілері резиденттер мен бейрезидент-
тер. Декларацияны табыс ету мерзімі 31 наурызға дейін.
Франциядағы салықтық құқық бұзушылықтарды бақылау ор-
гандары. Францияда салықтық қызмет үш деңгейден құралады. 
Ұлттық деңгейге: ұлттық жəне халықаралық тексерістер басқар-
масы, салықтық жағдайды тексеру басқармасы жəне салықтық 
зерттеулердің ұлттық басқармасы. 
Франциядағы ірі кəсіпорындар жалпы салық түсімдерінің 
40−50%-ын қамтамасыз етеді. Бұл кəсіпорындарда бақылауды 
ұлттық жəне халықаралық тексерістер басқармасы орындайды. 
Негізгі бөлінген бағыттары: банктер, сақтандыру компаниялары, 
ұшақ жасау, тамақ өнеркəсібі. 
Салықтық жағдайды тексерудің басқармасы жоғары табысқа 
ие немесе күрделі құрылымның табыстары: журналистер, əртіс-
тер, спортшылар, ірі кəсіпорындардың жетекшілері сияқты жеке 
тұлғалардан салық салудағы бақылауды орындайды. 
Салықтық зерттеулердің ұлттық басқармасы салық төлеушілер 
туралы ақпараттарды жинаумен айналысады. Негізінен салықтық 
полиция қызметін атқарады, алайда мұнда қарулы құрылымдар 
жоқ. 
Францияда 22 аймақ бар. Аймақтық деңгейде 20 аймақтық жəне 
10 аймақ аралық басқарма бар. Бұл деңгейде орта кəсіпорындарды 
(10-400 млн евро айналымымен)  тексеруді жүргізеді. Соңғы 
деңгейге департаменттердің салықтық басқармасы жатады. Бұл 
деңгейде  кіші  кəсіпорындардың  салықтық  тексерісі  жүргізіледі.       


124
2010 жылғы төменгі корпоративті салық
Компанияның жылдық айналымы, € млн
Салық төлемі, €
15-тен аз
0
15-75
20 500
75-500
32 750
500-ден жоғары
110 000
   
Жеке табыс салығы
Табыс мөлшері, €
Ставка, %
5 875-тен аз
0
5875-11 720
5,5
11 720-26 030
14
26 030-69 783
30
69 783-тен жоғары
40

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау