Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет442/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   610
Экономикалык теория

Филлипстің қисық сызығы
 деп атайды.
13.1-сурет. 
Филлипс қисық сызығы
Суреттен  көріп  отырғанымыздай,  инфляцияның  аса  жоғары 
қарқыны кезінде (9%) жұмыссыздық деңгейі төмен болады (2%) – 
бұл N нүктесі. Ал инфляцияның төменгі деңгейінде жұмыссыздық 
өседі – М нүктесі.
Сонымен, 
Филлипс қисық сызығы
 – бұл жұмыссыздық деңгейі 
мен  инфляция  қарқыны  арасындағы  кері  байланысты  көрсететін 
графикалық кескін.


262
Филлипс  қисығы  жұмыссыздық  деңгейінің  шығындардың 
бір  элементі  болып  табылатын  жалақының  көтерілу  мүмкіндігін 
шектейтіндігін  көрсетеді.  Жалақының  өсуінің  шектелуі  бағалар 
деңгейіне әсер етеді.
Филлипс қисығы инфляцияның қарапайым бір факторлы үлгісін 
көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың функциясы болып табылады:
π = ƒ (u)
, мұнда, π – инфляция; u – жұмыссыздық.
Алайда, бағалардың қозғалысына тек жалақы ғана әсер етпейді. 
Инфляция  теориясы  жалғыз  ғана  себеппен  шектелмейді.  Жалақы 
оның тек бір бөлігі ғана, және шығындардың аз көлемін қамтиды. 
Инфляцияның басқа да себептерін ескермеу Филлипс теориясына 
стагфляция деген құбылысты түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Егер 
Кейнс бойынша инфляция мен жұмыссыздықтың арасында таңдау 
болса,  онда  70-жылдары  екі  құбылыс  та  қатарынан  орын  алды, 
яғни жұмыссыздықпен бірге инфляция да өрши түсті. Сол кездері 
жұмыссыздықтың  жоғары  деңгейі  бағалардың  маңызды  түрде 
өсуімен ұласты. Ал 1983-1991 жылдары инфляция да, жұмыссыздық 
та төмендеді.
Стагфляция
 – бұл өндірістің құлдырауы (стагнация) жағдайында 
жұмыссыздық  пен  инфляцияның  қатар  орын  алуы.  1973-1975 
жылдары  орын  алған  дағдарыс  Халықаралық  мұнай  өндірушілер 
мен экспорттаушылар ұйымының (ОПЭК) мұнайға деген бағаның 
бірнеше рет өсуінен тауар бағаларының өсуімен сипатталды. Сол 
жылдары бірқатар елдерде астық шықпай қалып ауылшаруашылық 
өнімдеріне деген бағалар күрт өсті. 70-жылдары болған стагфляциялық 
құбылыстар  инфляцияның  бір  факторлы  үлгісінің  инфляцияның 
барлық  себептерінің  өзара  байланысын  есепке  алмайтындығын 
көрсетіп берді.
Стагфляция  жағдайында  мемлекет  өндірістің  құлдырауы  мен 
инфляцияны жоюдың аса күрделі мәселелерін бір уақытта шешеді. 
Инфляцияны басу үшін мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету 
қажет, несиелік белсенділікті шектеп халықтың табыстарын қысқарту 
керек. Бірақ мұндай саясат өндірістің әріқарай терең құлдырай беру 
қаупін туғызады, әсіресе, бұл экономикада шығындар инфляциясы 
дамығанда өте ауыр болады. Алдағы уақытта өндіріс шығындарын 
өтей  алмайтын  кәсіпорындар  мұндай  саясатқа  жауап  ретінде  өз 
істерін тоқтатады. Олардың жабдықтаушылар мен жеткізушілерге 
қарыздары өседі.
Өндірістің құлдырауымен күресу кезінде үкімет пен орталық банк 


263
кәсіпорындарды несиелеу арналарын кеңейтіп, бюджет тапшылығын 
ұлғайтуы мүмкін. Бірақ бұл инфляцияның серуендеуіне алып келеді.
Мәселенің ұшығуы оның шешілмейтіндігін білдірмейді. Мемле-
кеттің экономикалық саясаты өндірістің құлдырауы мен инфляция, 
инфляция мен жұмыссыздық арасында белгілі бір уақытта амалдай 
тұруды мәжбүр етеді. Осындай экономикалық жағдайлардың қарама-
қайшылығы  мен  күрделілігін  мойындау  инфляцияның  ушығып 
кетуіне жағдай жасайтын бір жақты әрекеттерді болдырмауы қажет. 
Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру халықты әлеуметтік қорғау 
бойынша мемлекеттік іс-шаралармен ұштастырылуы тиіс.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау