Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет440/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   610
Экономикалык теория

Инфляцияның зардаптары.
 Инфляция экономикаға қарама- қарсы 
түрде  әсер  етеді.  Бағалардың  қарқынды  түрде  өсуі  инфляцияның 
барлық жағынан ұдайы өндірілуіне алып келеді. Бағалардың өсуінен 
жалақы  өседі.  Жалақының  өсуі  өз  кезегінде  бағалардың  әріқарай 
өсуіне себепші болып табылады. 
Инфляция  амортизациялық  қорды  құнсыздандырады  және 
өндірістің жұмыс істеуіне қауіп төндіреді. Несиелер құнсызданады. 
Қалыпты  экономикалық  қатынастар  бұзылады.  Ақшаның 
қызметтері  істен  шығып  олардың  сатып  алушылық  қабілеті 
төмендейді. Қандай бағаларға және пайыздың қандай мөлшерлемесіне 
бейімделу керек екені түсініксіз болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар 
тиімсіз болып табылады. 
Әсіресе, гиперинфляция құбылысы өте қауіпті, мұндай жағдайда 
ақшадан қашу деген орын алады. Бартерлік келісімдер (тауарды тауарға 
айырбастау)  орын  алады,  бірақ  олар  кейбір  өндірілген  өнімдерді 
тұтыну  заттарына  айырбастауға  болмайтын  кәсіпорындарды, 
аймақтарды және қалаларды күйзеліске ұшыратады.
Инфляция  ұлттық  табыстың  қайта  бөлінуіне  алып  келеді. 
Инфляциядан табысы тұрақты болып табылатын адамдар (зейнет-
керлер,  қызметкерлер)  көп  зардап  шегеді.  Инфляция  кредиторлар 
үшін де қолайсыз болып табылады.


261
Инфляцияның дамуында инфляциялық күтімдер деген құбылыстар 
өте үлкен рөл атқарады. Инфляция тек экономикалық себептерден 
ғана емес, психологиялық себептерге де байланысты өрши түседі. 
Бағалардың өсуін күту тұтынушыларды ақшалардың құнсыздануынан 
сақтану үшін тауарларды молынан сатып алуға мәжбүрлейді. Мұндай 
жағдайда тұтынушылардың мінез-құлқы дүрлікпе сұраныстың пайда 
болуына алып келеді. Инфляциялық күтімдерді басу инфляциямен 
күресудің  дұрыс  бағытын  таңдауға  көмектеседі.  Инфляциялық 
күтімдерді алдын алу мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты дұрыс 
жүргізе алуына байланысты болып табылады.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау