Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет337/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   610
Экономикалык теория

Негізгі ұғымдар
макроэкономика, макроэкономикалық талдау, 
агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы 
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке 
табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы 
жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.
10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, 
мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық 
және  макроэкономикалық  талдау  тұрғысынан  қарастырылады. 
Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет-
кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш 
(1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы 
және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі 
Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, 
ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде 
макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға 
мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.
Макроэкономика
 – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді 
(жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын 


192
және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде 
зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Ұлттық  экономиканың  негізгі  мәселелері  –  елдегі  нарықтық 
шаруашылықтың  жалпы  бейнесін  көрсететін  макроэкономикалық 
талдаудың  саласы.  Макроэкономикалық  талдау  арқылы  ұлттық 
экономикада  болып  жатқан  күрделі  өзгерістер,  экономикалық 
саясатты  әзірлеу  шаралары  қарастырылады.  Макроэкономикалық 
үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, 
жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды 
көрсеткіші  ретінде  саналады.  Макроэкономикалық  талдау  тұтас 
алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға 
араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға 
тартады.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау