Пайыз мөлшерлемесі
– ақшаны немесе капиталды пайдаланудың
бағасы.
Позитивтік экономика
– нақты деректер мен фактілерге
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика
– ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган
әкімшілігінің саясаты.
Ренталық табыс
– экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз
ететін тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы
– үй шаруашылықтары ресурстарды сататын
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Ресурстардың шектеулілігі
– адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет
сияқты факторлардың жетіспеушілігі.
Сала
– ұқсас тауарларды өндірумен айналысатын фирмалар тобы.
Салық
– үй шаруашылықтары мен фирмалардың үкіметке заңдық
тәртіппен төлейтін міндетті төлемдері.
Достарыңызбен бөлісу: |