Өнеркәсіптік саясат
– экономикалық өсуді ынталандыру
мақсатында өнеркәсіптің құрылымы мен ұйымдастырылуын
қалыптастырудағы үкіметтің тікелей қатысуына және белсенді
араласуына негізделген саясат.
Өнімділік
– орташа өнім көлемінің немесе жұмсалған ресурстар-
дың бірлігіне шаққандағы нақты өнімнің көрсеткіші. Мысалы, еңбек
өнімділігі нақты өндірілген өнім шамасын жұмыс уақытына бөлу
арқылы анықталады.
Өспелі балама шығындар заңы
– өнім өндірісін ұлғайтқан сайын
сол өнімнің әрбір жаңа бірлігін өндіруге кететін балама шығындардың
және шекті шығындардың өсіп отыру үрдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |