Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов


«орындық»  деген мағынаны білдіреді. Банк



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет477/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   610
Экономикалык теория

«орындық»
 деген мағынаны білдіреді.
Банк
 – уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, 
оларды  үстеме  пайыз  арқылы  орналастырумен  айналысатын 
экономикалық институт. Банктің ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы 
ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. Ішкі қаржылар-
ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда 
жатады.  Банк  ресурстарының  негізгі  бөлігін  сырттан  тартылған 
салымдар немесе депозиттер құрайды.
Банк жүйесі
 – бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде 
орын алатын бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің 
жиынтығы.
Нарықтық  экономикасы  дамыған  әлемнің  барлық  елдерінде, 
сондай-ақ Қазақстанда Орталық банк және коммерциялық банктер 
түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк.
 Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта-
лады.  Бірінші  жағынан,  оның  қызметі  мемлекетпен  реттеледі,  ал 
екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде дербестілікке және 
тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі қызметтеріне
- банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген 
монополиялық құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;
-  коммерциялық  банктердің  минималды  резервтерін  шоғыр-
ландыруы, оларға несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің 
қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;
-  үкіметтің  бос  ақша  ресурстарын  депозиттер  түрінде  сақтау, 
үкіметті  несиелеуде  және  төлемдер  жүргізуде  делдалдық  қызмет 
атқару жатады.
ХVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда 
болған орталық банк деп санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін 


287
дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір 
елде орталық банктің өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар. 

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау