1. Тұрақты шығындар
– өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз
шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім
өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына
ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану
шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық
төлемдер, несиелік төлемдер жатады.
2. Өзгермелі шығындар
– өнім көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде
немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі
шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы
жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |