Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері



жүктеу 3,79 Mb.
бет101/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері




Атынан белгілі болғандай, бұл топырақтар əрбір зоналарда түзіліп, солардың арасында таңдақ-тандақ болып кездеседі. Зона аралық топырақтар ішінде негізінен: 1. Сорланған топырақтар; 2. Сортаң топырақтар; 3. Солодтар (кермектер) топырақтар типтері кездеседі.
Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар деп кұрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлерін айтады. Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бас- тап, мол болып кездессе, олар сор топырақтар (солончаки) болып саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге зиянды (улы) əсер ететіндіктен бұл топырақта өсімдіктер дүниесі жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген соршөптер (галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса көбейіп кетсе, жалаңаш сорға айналады. Сорланған топырақтар көлемі (сортаң топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің 5,4%-ы. Ескеретін жай, сорланған топырақтар, оның ішінде, əсіресе, сортаң топырақтар жеке түзілмей, көбінде зоналы топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.
Жалпы сорланған топырақтарды көп зоналарда кездесетін зона аралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен жауын-шашын аз түсетін, ауа райы жылы, булануы мол аймақтарда кездеседі. Олардың пай- да болу жолдары əрқалай: 1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза суларының жер бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ қабаттарында жəне оның бетінде су құрамындағы тұздардың шоғырлануынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ астындағы ыза сулардың жер бетіне жақындығы мен олардың тұздану деңгейі едəуір рөл атқарады.

    1. кесте



Төмендегі кестеде бұрынғы КСРО елдерінде қабылданған сулардың тұздану деңгейі жүйелері келтірілген
(М. А. Глазовская бойынша, 1981).


Жерасты суларының тұздану деңгейі

Судағы тұздар мөлшері, л/г

Тұщы сулар

<1

Аз тұзданған сулар

1-3

Орта тұзданған сулар

3-10

Мол тұзданған сулар

10-50

Аса мол тұзданған сулар

>50

Жерасты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын əрі оның тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық аймақтарда топырақтардың тұздану процесі соғұрлым жылдамырақ болады.



    1. Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.

    2. Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұрынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де өспейді.

    3. Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір жолы

  • адамның өндірістік əрекеттерімен байланысты. Оның мəнісі төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді суармалы егіншілікке пайдаланатынымыз белгілі. Осы алқаптарда жерас- ты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған жағдайларда топырақ астындағы ыза сулар суару кезінде жер бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады. Топырақтың сорлануының осы жолын екінші сорлану немесе адам əрекетінен сорлану деп атайды.

Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері 0,6- 2% жəне одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың мөлшеріне, құрамына жəне топырақтың қай қабаттарында шоғырлануына байланысты əртүрлі жүйеленетіні 19-кестеде келтірілген. Ал топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне қарай олардың
ауылшаруашылық дақылдарына əсері 20-кестеде келтірілген. Бұл мəліметтерден көрінгендей, құрамына байланысты ең зияндыла- ры содалы, хлорлы, сульфатты тұздар екен. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары ондағы тұздардың құрамына да тікелей байланысты екені байқалады. Жалпы топырақты мелио- рациялау мəселелерімен арнайы ғылым – топырақты мелиорация- лау шұғылданады.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау