Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет40/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Тау жыныстарының үгітілуі





      1. Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі

Тау жыныстары жəне минералдар өздерінің түзілу жағдайлары- нан өзгеше ортаға түскен кезде өзгере бастайды. Массивті- кристалдық, шөгінді жəне метаморфтық тау жыныстары жер бетіне шығысымен механикалық ұсақтануға, химиялық жəне биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Жердің беткі қабағында (қыртысында) өтетін осы процесті үгітілуі деп атайды. Үгітілуге ықпал жасай- тындар температура, су, көмір қышқылы, оттегі, əртүрлі тірі орга- низмдер. Жер қабығының минералдық бөлігіне осы факторлардың барлығы бір мезгілде жəне бірлескен түрде əсер етеді. Сондықтан олардың əрқайсысының қаншалықты əсер ететінін тап басып айту қиын. Əйтседе ең басты факторды əрқашан анықтауға болады.
Үгітілуідің: физикалық, химиялық жəне биологиялық сияқты үш түрін анықтайды. Олардың барлығы бір мезгілде жүріп жатады.
Физикалық үгітілу – тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертпей, тек қана механикалық жолмен өлшемдері əртүрлі бөлшектерге бөлінуін айтады.
Химиялық үгітілу кезінде тау жыныстарының құрамы өзгеріп жаңа минералдар түзіледі, көп жағдайда, алғашқы минералдарға қарағанда, олардың химиялық құрамы қарапайымдау болады.
Биологиялық үгітілу – тау жыныстарының тірі организмдердің əсерінен өздерінің химиялық құрамын өзгерте отырып, мүжіліп ұсақтануы.
Мұндай үгітілудің ең негізгі себебі – жер бетіндегі температуралардың тəуліктік жəне маусымдық өзгеруі. Күн сəулесінің əсерінен тау жыныстарының жоғарғы қабаттары өздерінің бұрынғы қабаттары қатты қызады, ал төменгі қабаттары, көлемін ұлғайтады, осының əсерінен кернеу пайда бо- лып жарықшақтар мен параллель беттерге бөлінуге əкеп соғады. Тау жыныстары жату сипатына жəне қызыну жағдайларына байланысты бұл жарықшақтардың тереңдігі əртүрлі болып, 2 мм-ден 10 мм-ге дейін жетеді. Күн сəулесі жынысты қыздыруын тоқтасымен жоғарғы қабат суына бастайды да, сығылу процесі басталады. Жыныстардың ішкі бөліктері өзінің температурасын ұзағырақ сақтайды. Сондықтан оның көлемі де көп өзгеріске ұшырамайды. Осындай жағдайда жыныстың жоғарғы қабатында пайда болған кернеу радиалдық бағыттағы жарықшаралардың құралуына əкеп соғады. Жарықшаларға түскен су қатқан кезде өзінің көлемін үлкейтіп, жарықшаларды керіп кеңейтеді.
Жыныстардағы көлденең жəне тік бағыттағы жарықшақтардың саны біртіндеп көбейіп, соңында əртүрлі мөлшердегі тау жыныста- рың сынықтары пайда болады. Бұл сынықтардың құрамында үлкен тастардан бастап майда түйіршіктерге дейін кездеседі. Кесектердің пайда болуына жеке жыныстардың жəне оларды құрайтын минералдардың көлемдік ұлғаюы коэффиценттері мынадай: кварц – 0,00031, ортоклаз – 0,00017, кальцит – 0,00020.
Күрделі жыныстар минералдарының ұлғаю коэффиценттері əртүрлі болғандықтан, олар қарапайым жыныстарға қарағанда, жылдамырақ үгітіледі.



      1. Физикалық үгітілу

Физикалық үгітілу процесі түйіршіктердің өлшемдері 0,001 мм-ге жеткенше жүреді. Үгітілуге ұшыраған түйіршіктердің өлшемдері 0,001 мм-ден кемігенде физикалық үгітілу тоқтатылады. Себебі 0,001 мм-ден кіші түйіршіктер бірқалыпты қызынып, суынатындықтан өздерінің өлшемдерін өзгертпейді, физикалық үгітілуге ұшырамайды.
Физикалық үгітілу, республика көлемінде алғанда, құрғақ, ыстық аймақтарда немесе өте суық жерлерде, таулы аудандар- да айқын байқалады. Құрғақ шөл далалық аудандарда күн мен түннің температураларының ауытқуы 600С, ал қыс пен жаздың
температураларының ауытқуы 500С-ге жетеді. Мұнымен қатар күшті желмен көтеріліп ұшатын құм, тасты жыныстарлы қайрап, тегістеп оларды физикалық бұзылуға əкеп соғады. Сондықтан шөл жерлерінде сынған тастардың, шағал тастардың, құмның үйінді түрінде жиналуы көптеп байқалады.
Физикалық үгітілу топырақ түзілу процесінде маңызды орын ала- ды. Осы үгітілу нəтижесінде химиялық жəне биологиялық үгітілуге негіз жасалынады. Жыныс бөліктері уатылғанда беттерінің үлестік ауданы артады да осы себепті олар химиялық жəне биологиялық үгітілу факторларымен оңай əрекеттеседі.




      1. жүктеу 3,79 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау