Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы. То- пырақтағы жəне тау жыныстарындағы радиоактивтік элементтер мөлшерлерінің арасында корреляция бар екені анықталды. Ең көп тараған литосфераның жыныстары гранит пен балшықта – (11-18)10- 6 n/n Ті, 7510-6 n/n Rb, 310-6 n/n 40К, (3-4)10-6 n/n жəне 10-12 n/n Ка бар. Басқа тау жыныстарының таралуы литосферада шамалы, сондықтан осы көрсеткіштерді бүкіл беткі литосферадағы Кларк көрсеткіштері деп есептеуге болады.
Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне əсер ететін жағдайдың бірі – топырақ түзілу процесінде аналық тау жынысының өзгеру деңгейі. Мысалы, элювиалды карбонатты жы- ныстардан түзілген топырақтарда ТРЭ мөлшері, топырақ түзуші басқа жыныстарға қарағанда бірнеше есе көп болады, себебі топырақ түзілу процесіндегі карбонаттардың үгілулері ТРЭ-нің көбеюіне əкеледі. Топырақ құрамы өзі түзілген жыныстардан айырмашылығы көп болса, топырақтағы жəне жыныстардағы радиоактивтік элементтердің мөлшерлері өте алшақ болады, мысалы, шымтезекті топырақтарды алсақ, ТРЭ-нің топырақ қабаттарында тереңдеген сайын өзгеруі топырақ түзілу процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Карбонатты топырақтардың жоғарғы гумус қабатында ТРЭ мөлшері жоғары болып келіп, төмендеген сайын азаяды. Күлгіндеу, сортаңдану, балшықтану процестері нəтижесінде ТРЭ эллювиалды қабаттарына немесе глей қабаттарына ауысады. оның; мөлшері 1,5-3 есе артады. Орманды- дала, қара топырақ, қара қоңыр, жартылай-шөл, шөл топырақтары
қабаттарында ТРЭ-нің таралу тəртібі анық белгіленбейді. Жалпы табиғи радиоактивті элементтердің топырақ қабаттарында таралуы балшықты бөлшектердің жəне бірлі жарым тотықтардың таралуы- мен байланысты.
Соңғы кезде топырақтағы радий мен уранның арасындағы, то- рий мен уранның арасындағы қатынасты топырақ түзілу процесінің көрсеткіштері ретінде пайдалану керек деген пікір айтылып жүр. Бұл қатынастарды гидроморфті жəне жартылай гидроморфті топырақтардағы процестерге пайдалануға болады. Басқа топырақтарда бұл көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалмайды, ТРЭ топырақтардағы процестерге қатысып, органикалық молекулалар- ды полимерлеу құбылысына катысып, топырақтың құрылымын жақсарта алады деген де ойлар бар. Ыдыраған радиоактивті сəулелердің реакциялық жоғары белсенділігіне байланысты, сон- дай құбылыстар өтуі мүмкін деп есептелді. Бірақ та мұндай əдіспен топырақтың құрылымын жақсартудың мүмкін еместігі, оған табиғи радиоактивті элементтер сəулелерінің дозасы бос радикалдарды құруға жетпейтіндігі дəлелденді. Топырақтың табиғи радиоактивтік қасиетін тау жыныстарының жəне топырақтардың жасын анықтау үшін пайдаланады. Радиоактивті əдістердің ішінен уран-қорғасын- ды, калий-аргонды, рубидий-строниий, радиокөміртегін пайда- ланады. Топырақтың жасын анықтауда радиокөмір-текті əдісті қолданады, себебі бұл əдістердің анықтайтын жасы ондаған млн жыл, кай топырақтың болса да жасынан артық.
Қазіргі кездегі топырақтардың жасы бірнеше жүз жылдан (күлгін) бірнеше мың жылдық (қаратопырақ). Яғни, көміртегінің айналымы күлгін топырақтарда қаратопыраққа қарағанда тезірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |