Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге əсері



жүктеу 3,79 Mb.
бет12/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге əсері. Түзілген топырақтың химиялық, минералдық жəне механикалық құрамы өзін түзген тау жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын топырақ түзуші аналық жы- ныс деп атайды. Осыдан топырақтың өзін түзген аналық жынысы- на ұқсас болуы занды нəрсе. Сонымен аналық топырақ түзуші тау жынысы өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физикалық- химиялық жəне физикалық қасиеттерін анықтайды. Тіпті, кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тəн емес құрамы басқа топырақты түзеді. Бұған мы- сал ретінде бұрынғы КСРО-ның кең алқапты, күлгінді топырақты аймағында кездесетін қара шірікті, əктасты топырақты айтуға бола- ды. Бұл жерлерде топырақ түзуші тау жыныстарының əкті заттарға бай болуы, аймақтың ішінде терістік аймаққа тəн емес, қарашірікті, əкті заттарға бай топырақ түзуге əсер етеді. Тау жыныстарының өзі түзген топыраққа əсері, əсіресе, шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал аз болғандықтан, топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып, тау жынысына оның əсері аз тиеді. Сондықтан тау жыныстарының құрамына күрделі өзгерістер енгізе қоймайды.
Топырақ түзуге, оның құнарлылығын арттыруға жер бедерінің тигізетін əсері маңызды орын алады. Жер бедерінің əртүрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік заттардың ілесе келуі,
тіпті, күн сəулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерге ауа ылғалы жақсы сіңеді. Ал беткейлі, дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, су ойпатты жерлерге жиналады. Жер бедеріне қарай күн сəулесі де бір тегіс түспейді. Мысалы, таулы алқаптарда терістік беткейлер- ге күн сəулесі аз, оңтүстік беткейлерге мол түседі. Жер бедерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге жəне олардың құнарлығына əсер етеді. Топыраққа жер бедерінің əсері туралы айтқанда, оның аса биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро) деп бөлінетін естен шығармағанымыз жөн. Аса ірі таулы алқаптарда топырақ-климаттық зоналық зандылықтар жазық аймақтардағы топырақтың таралу заңдылығына сəйкес келе бермейді. Бұл ірі биік таулы алқаптарда топырақ-климаттық жағдайлардың тау етегінен биіктікке қарай таралып, өзгерулері табиғаттың белдеулік заңына бағынады (ол жайында кітаптың соңғы тарауларында сөз болады). Ал топырақтың мезо жəне микро жер бедерлеріне қарай өзгерулері зоналық топырақтарға əртүрлі топырақ тіркестері мен кешендерінің қабаттаса кездесулеріне əкеледі.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау