61
4. ҒАЛАМДЫҚ ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Жерсеріктік навигациялық жүйелер
GPS, ГЛОНАСС, NAVSTAR, GALILEO деген сөздер бүгінде
баршаға мəлім. Біз олардың қалай жұмыс істейтіндерінен де ха-
бардармыз. Десек те ЖСНЖ (жерсеріктік навигациялық жұйелер)
туралы түсінік бергенді жөн көрдік. Қазіргі кезде ҒЖНЖ-нің
төменде көрсетілген түрлері бар:
1. GPS – (Global Positioning System), ғаламдық позиционирлеу
жүйесі, АҚШ;
2. ГЛОНАСС (ғаламдық навигациялық серіктік жүйе, Ресей);
3. GNSS - Global Navigation Satellite System), Еуропалық
ғарыштық агенттіктің (ESA) одақтың жүйесі. Бұл жүйе GPS-
тің де ГЛОНАСС-тың да сигналдарын өңдей алады. 2003 жылы
Еуропалық ғарыштық агенттігі (ESA) осы GNSS жүйесін тестен
өткізді.
2005 жылы ESA мен Ресей Еуропалық жүйені сынақтан өткізу
үшін ГЛОНАСС-М жер серігін пайдалану туралы келісімге қол
қойды. Еуропалық GNSS жобасы екі сатылы (GNSS-1 жəне
GNSS-2) сынақтадан өтуде. Жобаның негізгі бөлігі GNSS-2,
«GALILEO» атты жаңа ғарыштық жүйемен жүзеге асты.
GPS/NAVSTAR – (Navigation Satellite Timing and Ranging),
АҚШ-тың көпфункциялы ҒРНЖ-і. Дүниежүзілік келісім бой-
ынша барлық ғаламдық жерсеріктік позиционирлеу жүйесін
GPS деп атаған. Бұл жүйеге АҚШ да, Ресейдің де РНЖ-ы кіреді.
Америкалық NAVSTAR 1991 ж. бастап əскери салада (4.1, а-сурет)
қолданылса, 2000 ж. бастап əлем пайдалануда. Қазіргі таңда АҚШ
GPS-тің жетілдірген түрі іске қосылды (4.1,б – сурет).
Жер серігінің радинавигациялық жүйесінде 24 GPS жердің
навигациялық жасанды серіктерінің (соның ішінде 3-уі резерв-
те) бір-бірінен 60°-пен əрқайсысында 3-4 жер серігі бойынша
жылжытылған 6 шеңбер маңындағы орбиталарда орналасады.
GPS-тің навигациялық жасанды жер серіктері орбиталарының
62
биіктігі шамамен 20 200 км-ді құрайды. Айналу мерзімі 11 сағат
57 минут 58,3 с. Соңғы буын жер серігінің массасы 1044 кг.
ГЛОНАСС жер серігінің жүйесі (ғаламдық навигациялық
спутниктік жүйе, Ресей). ГЛОНАСС жүйесінің серіктері үш ор-
бита жазықтарында, əрқайсысы 8 данадан, экватор жазықтығына
64,8
0
-қа көлбеу бұрышпен орналасады. Шеңберлі орбитаның
биіктігі 19 100 км. Ал жер айналасындағы серіктердің айналу
периоды – 11сағ. 15мин. 44 сек. Жер серігінің массасы 1415 кг.
Жұмыс істеу мерзімі 3,5 жыл. Жүйедегі жердің навигациялық жа-
санды серіктерінің (ЖНЖС) жобалау саны – 24 жер серігі. 1982
жылдан бастап 74 ЖНЖС жіберіліп, қазіргі уақытта 18 жер серігі
жұмыс істейді.
Осылай ГЛОНАСС жер серігінің радионавигациялық жүйесі
қазіргі уақытта даму сатысында. Сонымен қатар, берілген жүйе
жер серігінің əрекет етуші шоқжұлдызы GPS жүйесінің ЖНЖС-
мен бір қолданылады. Ол екі жүйенің де ЖНЖС сигналдарын
қабылдауға есептелген пайдаланушы аппаратурасы (GPS қабыл-
дағыштары) арқылы позициялаудың қолайлы жағдайын құруға
мүмкіндік береді.
2004 жылы Ресейдің ЛОНАСС-К атты, салмақтары 750 кг,
пайдалану мерзімдері 10-12 жылдық 6 жер серігі ұшырылды
(4.2-сурет).
Биіктігі 23616 км, еңкістігі 56
0
GALILEO ғарыштық жүйе-
сінде 30 жасанды жұмыс серіктері кірген. Олар 75
0
cолтүстік
ендікке денйінгі территорияны қамтиды. GALILEO жүйесінің
қабылдағыштары GPS жəне ГЛОНАСС қабылдағыштарындай
4.1-сурет. а) бұрынғы жəне б)жаңаландырылған NAVSTAR
жер серіктері (АҚШ)
63
жұмыс істей алады жəне мəліметтерді жоғары жылдамдықтпен
бере алады.
GPS жəне ГЛОНАСС ЖСНЖ-не қарағанда Еуропалық бұл
жүйенің айырмашылығы əскери мекемелерге бағынбайтындығы.
Келешекте ГЛОНАСС жəне GALILEO жүйелерінің қосылып,
бір ғаламдық жүйені құрайтыны сөзссіз. Сөйтіп қазіргі таңда
GALILEO ЖСНЖ-інің - ғарыштық сегменті өрістеуде.
ГЛОНАСС ЖСНЖ-нің сипаттамалары 4.1-кестеде, ал GPS
жəне ГЛОНАСС сипаттамалары 4.2-кестеде келтірілген.
4.1-кесте ГЛОНАСС жерсеріктерінің техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштері
ГЛОНАСС
ГЛОНАСС-М
ГЛОНАСС-К
Жұмыс істеу мерзімі, жыл
3
7
10 - 12
Салмағы, кг
1400
1400
750
Жер серіктерінің ұшыру
саны
- ПРОТОН
- СОЮЗ
3
-
3
-
6
2
Энерготұтыну, Вт
1000
1000
1000
Азаматтық сигналдар
саны
1
2
3
Арнайы сигнал саны
2
2
3
Навигациялық ЖЖС орбиталарының биіктігі мен олардың
сандарын арттырады. Сондай-ақ, басқа факторлар Жердің кез кел-
ген нүктесінде, ауа-райының кез келген жəне барлық уақытында
нүкте орнын анықтау үшін ЖНЖ-нің қамту əрекетін ғаламдық
4.2-сурет. ГЛОНАСС жерсеріктері
64
деңгейде қажетті мөлшерінің радиокөрінушілігін қамтамасыз
етуде.
4.2- сурет. Ғарыштық жүйенің сипаттамасы
Сипаттама
GPS
ГЛОНАСС
Баллистикалық құрастыру
6 орбита 4
ЖЖС-тен
3 орбита 8
ЖЖС-тен
ЖЖС-тің дөңгелек орбитадағы ұшу
биіктігі, мың км
20,2
19,1
ЖЖС айналу периоды, град. мин
12
11-15
Орбитаның экваторге ылдилығы, град.
55
64,8
Жиіліктер (МГц)
(МГц)
1575,42
1227,6
1602
1246
Серіктер салмағы, кг
шамамен 430
Сандық ақпараттың берілу
жылдамдығы
50 бит/с
Координатты анықтаудың орташа
квадраттық қателігі, м
10-15
15-20
Жоғарыда аталып өткен үш жүйенің радионавигациялық
сигналдарын қабылдау, есептелген тұтынушы аппаратурасын
құру, геодезиялық жəне навигациялық мəселелерді шешу жəне
нəтижелердің дəлдігін жоғарылатуда барлық елдің ғалымдары
мен инженер-геодезистері іргелі ғылыми жұмыстар жүргізіп,
нəтижелерін жүзеге асыруда.
Жерсеріктік навигациялық жүйелер аспаптарын бірқатар
ком
паниялар шығарады. Қазақстанда бұл аспаптарды кеңінен
ұсынып отырған барлық əлемге танымал GPS – жүйелерін жасап
шығарушы фирмаға Trimble (США), Leica Geosystem (Швеца-
рия), Жапондық Topcon Positioning System, т.б. жатады. Бұл ком-
паниялар ГЛОНАСС жəне NAVSTAR Жер серігінің сигналдары
бойынша жұмыс істейтін Жерсеріктік геодезиялық аспаптарды
жасап шығаруда.
Кез келген ЖЖНСЖ-нің негізгі бөліктеріне: ғарыштық блок,
жер бетіндегі бақылау блогі жəне тұтынушы блоктар жатады.
Осының ішіндегі көп функциялы міндетті ғарыш блогі
атқарады (4.3-сурет). Ғарыштық группада 24 ЖЖС бар, олар
орбитада қатаң тəртіппен орналастырылған, өйткені кез келген
Достарыңызбен бөлісу: |