Эр белок өзіне тиісті матрица негізінде синтезделеді, соған
сэйкес өзінің РНК - сы болады. иРНК-ның бір молекуласы бір тенге
сәйкес келетін ДНК молекуласының бір бөлігіндегі нуклеотидтердің
тізбегін транскрипциялай алады.
Осылайша түзілген информациялық
РНК ядродан цитоплазмаға
өтіп барып рибосомаға бекиді. Содан соң белок синтезі басталады. Ол
төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - амин қышқылдарының активтенуі, соның
нәтижесінде олар бір бірімен оңай әрекеттесіп, полипептидтік тізбек
құруға бейімделеді. Клетка цитоплазмасында әрқашанда белок
синтезіне қажетті амин қышқылдарының жиынтығы болады. Олар
организмге сыртқы ортадан қорек арқылы келеді. Мысалы, тағамның
құрамындағы белок асқазанда ферменттердің
көмегімен амин
қышқылдарына ыдырап, олар қан арқылы клеткаға жеткізіледі.
Амин қышқылдарының активтенуіне АТФ-тың (аденозинтри-
фосфор қышқылы) қатысы бар. Оның молекуласы қосылған кезде
АТФ-тағы барлық энергия амин қышқылына беріледі, сөйтіп барып
ол активтенеді. АТФ-тың амин қышқылымен байланысын арнайы
фермент - аминоацил - РНК синтетаза катализдейді.
Екінші
кезең
-
активтенген
амин
қышқылдарыньщ
рибосомаларға тасымалдануына байланысты.
Бұл қызметті атқаратын
транспорттық РНК (ТРНК).
тРНК-ның молекуласы иРНК-ға
қарағанда шағын келеді, ол 70-80 нуклеотидтен тұрады. Оның
полинуклеотидті тізбегі орта тұсынан иіліп, екі жартысы өзара
спиральға оралады. ТРНК молекуласының
бір ұшында ИРНК
125
тізбегіндегі тиісті кодқа комплементарлы азотты негіз болу керек, ал
екінші ұшында белгілі бір амин қышқылын «танып алуға» қабілетті
азотты негіз болады.
Әрбір амин қышқылының өзіне тән ТРНК -с ы болады. Олай
болса ТРНК -ларды ң түрлері жиырмадан кем болмауы тиіс. Әрбір
ТРНК молекуласы өзіне тиісті амин қышқылымен қосылады. Сөйтіп
транспорттық
РНК белок
синтезінде
ИРНК - матрицаның
триплеттеріне сәйкес келетін амин қышқылдарын тасымалдайды. Бұл
процесті рекогниция дейді.
Үшінші
кезең - амин
қышқылдарының
ИРНК - дағы
нуклеотидтердің орналасу ретіне сәйкес тізбектелуінен басталып,
белок молекуласының түзілуімен аяқталады.
Бұл процесті трансляция
деп
атайды.
Ол
пептидполимераза
ферментінің
қатысуымен
рибосомаларда жүреді. Рибосома белок пен РНК-дан тұрады. Мұндай
РНК рибосохмалық РНК (рРНК) деп аталады. Оның қызметі ХРНК мен
„РНК - ны байланыстыруға қатысады деген болжам бар.
Рибосомалар өзара байланысып, полисомалар деп аталатын топ
қүрайды. Электрондық микроскоп арқылы
зерттегенде полисомадагы
рибосомалар бір - бірімен диаметрі 10-15 нм-дей РНК жіпшелері
арқылы байланысатындығы анықталған. ИРНК жіпшесінің бір үшына
бекіп алған рибосома ТРНК тасымалдап әкелген активтенген амин
қышқылдарынан полипептидті тізбек түзе бастайды. Ол белгілі бір
бағытта жылжи отырып, үш нуклеотидтен (триплет) шығарып тастап,
ал полипептидті тізбекке бір - бір
амин қышқылынан қосып алып
отырады. ИРНК тізбегінің екінші ұшына жеткен кезде рибосома одан
ажырап кетеді де, нәтижесінде жаңа белок молекуласы синтезделіп
126
шығады. Трансляция процесін және белок синтезінің механизмін
түсіндіруде. А.С.Спириннің жүргізген зерттеулерінің үлкен
маңызы
болды.
15-суретте бір полисомада бір мезгілде төрт полипептидті
тізбектің
синтезделуі
көрсетілген.
Олардың
арасындағы
айырмашылық тек жинақталған амин қышқылдарының санында ғана.
іьРНК
о
о
сз
Достарыңызбен бөлісу: