227
кезеңге келтірілген толық есепті кезеңдегі жыл сайынғы нəтижелердің сомасы
ретінде немесе келтірілген табыстардың келтірілген шығындардан асып түсуі
ретінде анықталады, яғни:
с
с
с
э
э
э
t
Т
t
с
t
Т
t
э
i
t
К
i
t
Д
ТДТ
)
1
(
)
1
(
+
×
-
+
×
=
å
å
;
мұндағы Дt
э
пайдаланудың t
э
-ші жылындағы табыс, теңге/жыл; Кt
с
құрылыстың t
с
жылындағы инвестициялар, теңге; Т
э
жəне Т
с
сəйкесінше,
пайдалану жəне құрылыс кезеңдерінің ұзақтығы, жыл; i дисконттаудың
пайыздық мөлшерлемесі, бірл. үлесі.
Кенорнын өңдеудің t-ші жылындағы табыс көлемі мынадай формула
бойынша есептеледі:
t
t
t
t
t
t
C
Ф
H
З
B
Д
+
-
-
-
=
;
мұндағы В
t
t-ші жылы өнімнің барлық түрлерін өткізуден түскен
қаражаттардың көлемі, теңге/жыл; 3
t
өнімнің барлық түрлерін өндіру жəне
өткізумен байланысты ағымдағы шығындар (амортизациялық төлемдерсіз),
теңге/жыл; Н
t
РФ заңнамасына сəйкес есептелген салық төлемдері,
теңге/жыл; Ф
t
қаржылық шығындар (несие пайызы); C
t
жер қойнауын
пайдаланушылар үшін белгіленген жеңілдіктер мен компенсациялар,
теңге/жыл.
Жылдық табыстың көлемі Г жыл пайдалануы барысында өзгеріссіз
қалады. Ал ТДТ көлеміне жылдық табыстар мен инвестициялардың
абсолюттік мəндері, олардың уақыт бойынша бөліну динамикасы, жобаның
жұмыс жасау мерзімі əсер етеді.
ТДТ көлемі кəсіпорынның жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін сатып, кейін
өкінбейтіндей бағасын сипаттайды.
Егер ТДТ > 0 болса, жобаны инвестицияландыру орынды болады.
Бірнеше нұсқаны салыстырған кезде, олардың ең жақсысы, ТДТ-сы көбірегі
болып саналады.
Бұл əдістің кемшіліктерінің қатарында ТДТ көлемінің қажетті
инвестициялар көлеміне тəуелді болмайтындығын атауға болады: ТДТ-лары
бірдей жобалардың инвестициялық қажеттіліктері əр түрлі болуы мүмкін.
Сонымен қатар, дисконттау мөлшерлемесін таңдау қажет болады. Ал бұл,
есептеулердің субъективтілігіне алып келеді.
Табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН немесе d) – бұл таза дисконтталған
табыс нөлге тең болатын, яғни инвестициялардың орны толатындай
дисконттаудың есептеу нормасының көлемі (пайыз нормасы). ТІИ (d) төмендегі
теңдеуді шешу арқылы табылады:
228
с
с
с
э
э
э
t
Т
t
с
t
Т
t
э
d
t
К
d
t
Д
)
1
(
)
1
(
+
×
=
+
×
å
å
.
Бұл теңдеу t дəрежесінің алгебралық теңдеуіне пара пар жəне d-ға
қатысты қандай да бір итерациялық əдіспен шешіледі.
ТІН көрсеткішінің экономикалық мəні, оның капиталды баламалық
пайдалану құнының шекті шамасын білдіретіндігінде. Ал ТІН мен банк
пайызының мөлшерлемесі арасындағы айырмашылық, инвестициялық
қызметтің нəтижесін көрсетеді. ТІН несиелік пайыздың шектес мөлшерлемесі
болады. Ол жобаларды тиімді жəне тиімсіз деп ажыратады.
ТІН-ді тек теңдеу шешу жолымен ғана емес, графикалық түрде де
анықтауға болады. Бұл үшін ТІН пайыздық мөлшерлеменің түрлі мəндерімен,
оның ішінде, ТІН кері мəнді болатындай мөлшерлеме үшін де есептелінеді.
Пайыздық мөлшерлеменің ТДТ нөлге тең болатындай мəні ТІИ көлемін
анықтайды. Мысалы, ТІН анықтау қажет, бұл жерде кеніштің жыл сайынғы
таза табысы 20 млн руб құрайды. Жұмыс жасау мерзімі – 6 жыл, ал салынған
күрделі қаражаттары – 55 млн руб.
Пайыздық мөлшерлеменің үш мəні – 10; 20; 30% үшін ТДТ анықтаймыз.
Оның көлемі, сəйкесінше, 32; 11,5 жəне 2,1 млн теңгені құрайды. ТДТ – пайыз
мөлшерлемесі кестесін құрамыз. ТІН 27% болған кезде, ТДТ нөлге тең болады.
Жобаның түрлі нұсқаларын бөлу барысында бағалаудың екі əдісі – ТДТ
мен ТІН бойынша - əр түрлі нəтиже алынуы мүмкін.
Пайыздық мөлшерлемелері əр түрлі болып келетін жобаларды бөлу
ақшалай қаражаттар ағымы барысында түрлі бөлінулер нəтижесінде іске асады.
Пайыздық мөлшерлеме төмен болған кезде, (А) жобасын таңдаған жөн. Ойткені
оның табыстарының көп бөлігі, кейін келіп түседі. Пайыздық мөлшерлеме
ұлғайған сайын, ақшалай қаражаттардың бастапқы ағымдары көбірек келетін
(В) жобасы қолайлырақ.
ТІН бойынша бөлу əдісі (В) жобасын (А) жобасынан жоғарырақ қояды.
Себебі оның ТІН-і артық. Егер пайыздық мөлшерлеме ТІН-ге тең, ал ТДТ нөлге
тең келсе, бұл нұсқалардың мəні бірдей болады. Егер ТДТ мен ТІН бойынша
нұсқаларды салыстыру қарама-қайшы нəтижелерге əкелетін болса, онда ТДТ
барынша артық нұсқаны таңдау керек. Себебі ТІН көрсеткіші шектеуші болып
саналады.
Инвестициялардың өзін ақтау мерзімі – бұл таза табыс сомасы,
инвестициялар сомасына тең болатын кезеңнің ұзақтылығы. Яғни, бұл
инвестициялардың жобаны жүзеге асырудан түсетін табыс есебінен
қайтарылатын мерзім.
Капиталдың қайтарылу мерзімін (Ток), дисконттауды ескере отырып
есептеу ұсынылады. Дегенмен, оны ескермей-ақ, есептеулерді жүргізе беруге
де болады. Тұрақты жылдық табыс (Т) барысында, капиталдың қайтарылу
мерзімін (Ток), дисконттауды ескере отырып анықтау, төмендегі формула
бойынша жүзеге асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |