Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет22/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85

67
• кооператив мүшелерінің құрамы жəне олардың үлеспұл жарналарын төлеу
тəртібі  туралы  жəне  олардың  үлеспұл  жарналарын  төлеу  бойынша
міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы ережелер;
• кооперативті  басқару  органдарының  құрамы  мен  құзыреті  жəне  олардың
шешім  қабылдау  тəртібі  туралы  мəліметтер (соның  ішінде  шешімдері
бірауыздан  немесе  білікті  дауыстардың  басымдылығымен  қабылданатын
мəселелер бойынша);
• кооператив  мүшелерінің  көрген  шығындарын  өтеу  тəртібі  туралы
ережелер.
Тұтыну  кооперативінің  атауының  құрамында  оның  қызметінің  негізгі
мақсатына, «кооператив» сөзіне  немесе «тұтыну  одағы», немесе «тұтыну
қоғамы» сөздеріне сілтеме қамтылуы тиіс.
Қоғамдық жəне  діни ұйымдар (бірлестіктер) ретінде рухани немесе басқа
да  бейматериалдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін, мүдделерінің
ортақтығы негізінде, заңмен белгіленген тəртіпте біріккен азаматтардың ерікті
бірігуі саналады. Қоғамдық жəне діни ұйымдардың қатысушылары (мүшелері)
аталған  ұйымдардың  меншігіне  берген  мүліктеріне (соның  ішінде  мүшелік
жарналарға) құқығын сақтамайды. Олар мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық
жəне  діни  ұйымдардың  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді, ал  аталған
ұйымдар өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қор ретінде азаматтардың жəне (немесе) заңды тұлғалардың ерікті мүліктік
жарналары негізінде құрылған, əлеуметтік, қайырымдылық, мəдени, білім беру
жəне  басқа  да  қоғамдық  пайдалы  мақсаттарды  ұстанатын, мүшелігі  жоқ
бейкоммерциялық  ұйым. Қорға  құрылтайшыларымен (құрылтайшысымен)
табысталған мүлік қордың жеке меншігі болып табылады.
4.4 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
4.4.1 Құнды қағаздар мен олардың жіктелуі
Құнды  қағаз — оны  ұсынған  кезде  ғана  жүзеге  асырылуы  немесе
тапсырылуы  мүмкін  болатын  мүліктік  жəне  міндеттемелік  құқықтарды
куəландыратын ақша құжаты. Құнды қағаздар жекеленген құжаттар немесе
шоттардағы  жазбалар  түрінде  болуы  мүмкін. Соңғы  жағдайда  құнды  қағаз
иесіне иелену құқығы сертификаты беріледі.
Құнды  қағаздың  басты  сипаттамаларының  бірі  оның  міндетті
деректемелерінің  бар  болуы  болып  табылады. Əдетте бұл  құнды  қағаз  атауы
(акция, облигация жəне т.б.), серия, нөмір, эмитент атауы, құнды қағаз иесінің
аты, оның атаулы құны жəне т. б. Құнды қағаздың келесі сипаттамасы - жалпы
белгісі  оларда  көрсетілген  құқықтарды  жүзеге  асыру  үшін  оларды  ұсыну
қажеттілігі болатын қатаң құжаттар түрінде болуы.
Құнды  қағаздар  тек  заңды  ұғым  ғана  емес, бұдан  жоғары  дəрежеде
экономикалық  санат  болып  табылады. Құнды  қағаздың  экономикалық
сипаттамалары мыналар болып табылады:


68
1) өтімділік— құнды қағаздарды нарықтық бағамен тез жəне шығынсыз сату
мүмкіндігі;
2) табыстылық — құнды  қағаздан  түсетін  табыстың (дивидендтің,
пайыздың, сыйақының) оған  салынған  инвестицияларына (шығындарына)
қатынасы; əдетте пайызбен көрсетіледі;
3) бағам— қор нарығында  құнды қағаздар  сатылатын жəне  сатып  алынатын
баға; əдетте  ақша  бірлігімен  көрсетіледі (бағамы  пайызбен  көрсетілетін
мемлекеттік жəне корпоративтік облигациялардан басқа);
4) атаулы  құн— шығару (эмиссия) кезінде  құнды  қағазда  белгіленген
тиянақталған құны. Атаулы құн — шартты баға, ал құнды қағаздар бағамы —
олардың нарықтық бағасы;
5) сенімділік— құнды  қағаздар  бағамдарының  нарық  жағдаятының
өзгерістеріне  тұрақтылығы; жалпылауыш  көрсеткіш, олардың  эмитентінің
(құнды  қағаздарды  шығарушылардың) сенімділігіне  аз  емес  дəрежеде
байланысты;
6) өздігінше  айналымның  болуы— құнды  қағаз  айналым  үдерісінің
кезеңдері  оның  шығарылуын  жобалауды, шығарылуын (эмиисияны),
орналастыруын, қайта  сатылуын (екіншілік  нарықта) жəне  өтелуін (жойылуы
немесе өтеуін төлеп алу) қамтиды.
Құнды  қағаздардың  басқа  да  экономикалық  сипаттамалары  бар (сыйға
тарту, мұралану, сақтау жəнет.б.). Мынадай да ұғым бар
құнды  қағаз  стандарты— құнды  қағаздарға  қойылатын  экономикалық,
заңды жəне техникалық шарттар жиынтығы.
Құнды  қағаздар  түрлер  мен  қосалқы  түрлерге  бөлінеді. Түр — бұл басқа
құнды  қағаздардан  ажырататын  қандай  да  бір  құнды  қағаздың  сапалық
анықтылығы. Қосалқы  түрлер — бір-бірінен  бірқатар  белгілер  арқылы
ерекшеленетін  бір  түрге  жататын  құнды  қағаздар. Мысалы, акция — құнды
қағаз түрі, ал кəдімгі немесе артықшылықты акциялар — акциялардың қосалқы
түрлері. Құнды  қағаздардың  жіктелуі — бұл  белгілі  бір  белгілер  бойынша
түрлерге (қосалқы түрлерге) бөліну (6.1-сурет).
Құнды  қағаздар  жіктелуінің  бір  белгісі  олардың  иелерінің  құқықтарын
растау  тəртібі  болып  табылады. Оған  сəйкес  құнды  қағаздар  үш  түрлі  болуы
мүмкін:
·ұсынушының  құнды  қағаздары — иесінің  аты  көрсетілмеген  құнды
қағаздар. Көбінесе олар төмен атаулы құнмен шығарылады жəне халықтың кең
топтары  арасында  таратылуы  үшін  тағайындалған. Олардың  басты  ерекше
өзгешелігі  еркін  қолма-қол  ауысуы, яғни  олардың  екіншілік  нарықта  еркін
айналуы болып табылады;
• атаулы  құнды  қағаздар — иелерінің  құқықтары  қағаз (немесе  оны
алмастыратын  сертификат) мəтініне  жəне  эмитент  жүргізетін  тізілімге
иесінің  атын  енгізумен  расталуы  тиіс. Мұндай  құнды  қағаздар  екіншілік
нарықта  сатыла  алады, бірақ  меншік  құқығын  ауыстыруды  тіркеу  үшін
ұсынбалы  құнды  қағаздарға  қарағанда  атаулы  құнды  қағаздардың  айналымын
қиындататын тізілімде жүргізілетін мəмілелерді тіркеу қажет;


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау