139
9. БӨЛІМ. ҰЙЫМДАРДЫҢ
ЕҢБЕК ҚОРЛАРЫ
9.1. Қызметтегі қызметкерлер
құрамының жіктелуі
Кадрлар (қызметкерлер) – кəсіпорын, сала немесе қызмет аясында жұмыс
жасауға арнайы даярланған қызметкерлердің негізгі тұрақты құрамы.
Геологиялық барлау кадрларын олардың кəсібі, мамандығы мен біліктілігі
бойынша жіктеудің маңызы өте зор.
Кəсіп жұмыстың орындалуына қажет білімдер мен ерекше
дағдылардың арнайы жиынтығын талап ететін өндіріс салаларының біріндегі
жұмыстың белгілі бір түрін сипаттайды. Кəсіптің өзін белгілі бір өндіріс
саласының жеке учаскесінде жұмысты орындауға қажет қосымша білім мен
дағдыларды талап ететін мамандықтарға ажыратады. Мысалы, тау-кен
инженер-геологы кəсібіне қатысты мына мамандықтар: геология жəне пайдалы
қазбалар кенорындарын барлау, геологиялық түсіру жəне
пайдалы қазбалар
кенорындарын іздестіру, гидрогеология жəне инженерлік геология, ал ұста
кəсібінде – электр ұстасы, бұрғылау жəне тау-кен жабдығын жөндеу бойынша
ұста, т.б.
Біліктілік деп жеке өндіріс учаскелеріндегі күрделілігі əр түрлі
жұмыстарды орындауға қажет білімнің, білік пен дағдылардың болуын
ұғынады. Жіктеменің міндетті, əрі маңызды элементі ретінде белгілі бір
мамандыққа қатысты өндірістік дағдылармен қатар, қызметкерге жалпы білім
беру мен жалпы техникалық дайындық саналады. Өндірістің техникалық
деңгейі жоғары болған сайын, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар
да жоғары болады. Ол тек өз жұмысын орындап қана қоймай, өзі басқаратын
машиналардың құрылысын, өндірістік үдерістің технологиясын, өндіріс
экономикасы мен оны ұйымдастыруды да білуі тиіс. Мысалы, кезекті
басқаратын бұрғылау шебері геология негіздерін, бұрғылау ісі мен машина
жүргізу негіздерін білуі тиіс. Ол бұрғылау мұналарын жинап, қайта
бөлшектеуді, бұрғылау агрегаттарын құрастыру мен қайта ажыратуды,
ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асырып алып, белгіленген бұрғылау тəртібін
орындауы тиіс.
Орындалатын
жұмыстардың
күрделілігінің
дəрежесіне
қарай,
геологиялық барлау өндірісіндегі білім, білік жəне өндірістік дағдылардың
болуына байланысты, біліктілік бөлінісін алты разрядқа ажыратады.
Орындалуы үшін арнайы дайындықты талап етпейтін жұмыстарда еңбек ететін
жəне 2- разрядты жұмысшыларды біліксіз жəне біліктілігі төмен жұмысшылар
деп атайды. Білікті жұмысшыларға (3 жəне 4-разрядты) сəйкес разрядтарды алу
үшін 2-2,5 жыл қажет. Жоғары білікті жұмысшылардың (5 жəне 6- разрядты)
көпжылдық оқу мен өндірістік тəжірибе барысында жинақтайтын білігі кирліғі
болады. Жалпы алғанда, геологиялық барлау өндірісінде тау-кен-барлау жəне
бұрғылау жұмыстарымен айналысатын білікті жұмысшылар басым болады.
Дегенмен, геологиялық барлау өндірісінің жан-жақта орналасуы мен
мерзімділігіне байланысты, біліксіз жұмысшылардың үлесі де баршылық.
140
Соңғы аталғандар жұмысшылардың жалпы санының 1/3 бөлігін құрайды. Олар
негізінен іздестіру-түсіру, геофизикалық жəне ашық тау-кен жұмыстарында
еңбек етеді. Біліксіз жұмысшыларды əдетте, дала жұмыстарына.
Геологиялық барлау өндірісі кадрларының құрамы мен құрылымының
сипаттамасы негізінде, жұмыс жасаушы жеке топтардың геологиялық
ұйымдардың өндірістік қызметіне қатысу қағидасы жатады. Геологиялық
барлау өндірісі жұмысшыларының жалпы саны арасында, ең алдымен,
өндірістік қызметкерлер тобын мен өндірістік емес жұмыстарда еңбек ететін
жұмысшылар тобын бөліп көрсетеді. Өндірістік қызметкерлер құрамы,
геологиялық барлау қызметкерлерінің негізгі бөлігін (90%-дан астам) құрайды.
Олардың қатарына мына қызметкерлер жатады:
1) тікелей геологиялық барлау жұмыстарын орындаумен айналысатын
геологиялық барлаудың барлық топтарының
қызметкерлері; 2) геологиялық
кəсіпорындардың қызмет көрсететін, көмекші жəне қолжеке цехтардың
қызметкерлері; 3) саланың ғылыми жəне өндірістік қызметінде жұмыс
жасайтын зертханалардың, зерттеу, жобалау жəне тəжірибелік ұйымдардың
қызметкерлері; 4) геологиялық ұйымдар мен кəсіпорындарын басқару
аппаратының қызметкерлері; 5) барлық күзет түрлерінің қызметкерлері.
Өндірістік қызметкерлер құрамына жатады: ИТҚ, жұмысшылар,
қызметкерлер, кіші қызметкерлер құрамы (КҚҚ).
Өндірістік емес қызметкерлер құрамына тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықта жұмыс жасайтын қызметкерлер, геологиялық ұйымдардан тыс
көлік, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, амбулаториялар, клубтар,
жеке
шаруашылықтары, т.б.
Орындайтын міндеттеріне қарай, барлық жұмысшыларды мына
санаттарға топтастырады: жұмысшылар, басшылар, мамандар, қызметкерлер,
КҚҚ, оқушылар, күзет жəне өрт қорғанысының қызметкерлері.
Жұмысшылар қатарына геологиялық барлау жұмыстарын орындау
бойынша өндірістік үдерістерге тікелей қатысатын жəне өндірістік үдерістердің
қалыпты барысын қамтамасыз ететін (қызмет көрсететін) тұлғалар жатады.
Орындайтын қызметтерінің сипатына қарай барлық жұмысшыларды негізгі
төрт топқа бөлуге болады: 1) геологиялық түсірумен, барлау ұңғымаларын
бұрғылаумен, тау-кен-барлау жұмыстарын жүргізумен, геологиялық жəне
гидрогеологиялық зерттеулермен, топографиялық-геофизикалық жұмыстармен
айналысатын жұмысшылар; 2) негізгі қорларды жөндеуді, машиналар мен
жабдықтарды алдын ала тексеруді, жөндеуге қажет бөлшектерді дайындауды
жүзеге асыратын жұмысшылар; 3) бұрғылау балшығын, тіреу жəне құрылыс
ағаштарын дайындаумен, жүктерді тасымалдаумен, т.б. көмекші жұмыстармен
айналысатын жұмысшылар; 4) уақытша ғимараттар мен құрылыстар
құрылысын жүзеге асыратын жұмысшылар.
Бірінші топтың жұмысшылары, негізгі өндірістік жұмысшылар қатарына
жатқызылса, қалған үш топтың жұмысшылары – көмекші жұмысшылар болып
саналады. Соңғылардың қатарына: кəсіпорындардың жылуэнергетикалық
шаруашылығында жүмыс жасайтындарды, зертхана қызметкерлерін жəне