79
(күнмен жəне сағатпен өлшенеді). Өндірістік цикл (Т екі кезеңге – тікелей өндірістік
үдеріс уақытына жəне өндірістік үдерістегі үзілістер уақытына бөлінеді (7.2-сурет).
Технологиялық цикл немесе
жұмыс циклі деп аталатын өндірістік үдерістің өту
уақыты келесілерден тұрады:
• дайындық-қорытынды операцияларға
жұмсалатын уақыт шығыны (Т
дқ
);
• технологиялық операцияларға жұмсалатын уақыт шығыны
(Т
техн
);
• табиғи технологиялық үдерістердің өтуіне кететін уақыт шығыны (Т
таб үд
);
• өндіріс барысындағы тасымалдауға
жұмсалатын уақыт шығыны (Т
тасым
);
• техникалық бақылауға жұмсалатын уақыт шығыны (Т
техн. б
).
Өндіріс барысындағы үзілістер уақыты, өз
кезегінде, келесілерден тұрады:
• операцияаралық
қажетсіздік уақыты(Т
опер. қаж
);
• ауысымаралық қажетсіздік уақыты (Т
ауыс.қаж
).
Өндіріс үдерісінің өту уақыты мен өндіріс барысындағы үзілістер
уақытының құрамдас бөліктерінен өндірістік цикл құралады:
Т
ц
=
Т
дқ
+ Т
техн.
+ Т
таб үд
+ Т
тасым
+Т
техн.б
+
Т
опер қаж
+Т
ауыс қаж
Дайындық-қорытынды
уақыт
қызметкердің (немесе
бригаданың)
өндірістік тапсырманы орындауға дайындалу, сондай-ақ оны аяқтау бойынша
барлық əрекеттер үшін жұмсалады. Ол нарядты, материалды, арнайы аспаптар
мен саймандарды алуға, жұмысты ретке келтіруге жəне т. б. жұмсалатын
уақыттан тұрады.
Технологиялық операциялар уақыты — бұл қызметкердің өзімен, немесе
оның басқаруы арқылы машиналармен жəне механизмдермен еңбек затына
тікелей əсер ететін уақыт, сондай-ақ адамдар мен техниканың қатысуынсыз
өтетін табиғи технологиялық үдерістер уақыты.
Табиғи технологиялық үдерістер уақыты — бұл еңбек заты адам мен
техниканың тікелей əсерінсіз өз сипаттамаларын өзгертетін (боялған немесе
қыздырылған бұйымның таза ауада кебуі немесе салқындауы, өсімдіктердің
өсуі мен жетілуі, кейбір өнімнің божуы жəне т. б.). Өндірісті жылдамдату
көптеген табиғи үдерістер жасанды түрде жасалған жағдайларда жүзеге
асырылады (мысалы, кептіргіш камералардағы кептіру).
Өндіріс барысындағы техникалық бақылау жəне тасымалдау уақыты
техникалық қызмет көрсету уақытын құрайды
. Техникалық қызмет көрсету
уақыты келесілерден тұрады:
• бұйымды
өңдеу сапасын бақылау;
• машиналар
мен жабдық жұмысын бақылау, олады икемдеу, ұсақ жөндеу;
• дайындамаларды, материалдарды əкеп жеткізу, өндімді қабылдау жəне
өңдегеннен соң жинау.
Жұмыстағы үзілістер уақыты — бұл еңбек затына ешқандай əсер
берілмейтін жəне еңбек затының сапалық сипаттамалары өзгермейтін, бірақ
өнім əлі де дайын болып табылмайтын жəне өндіріс үдерісін аяқталмаған
уақыт. Регламенттелетін жəне регламенттелмейтін үзілістерді ажыратады.