Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет122/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   168

378

18-кестенің жалғасы

артады. Тежелу үдерісінің 

басымдылығы байқалады. 

Жұмысқа қабілеттіліктері 

арта түседі. Жеке 

мүшелердің өсуі тоқтайды. 

Жыныстық тұрғыдан да 

толық жетіледі



3                                             Ересектік шақ

3.1


Кемелге келу 

3.1.1 Кемел жас немесе 

ересектік мерзімнің 

1-жартысы

22-35 жас 

(ерлер)


21-35 жас 

(əйелдер)

Адамның өсуі (ерлерде 

25, əйелдерде 23 жаста) 

тоқтайды, организмнің 

құрылымы мен қызметі 

толық қалыптасады, іс-

əрекеті белсенді жəне 

тиянақты болады. Қоғам 

алдындағы жауапкершілігін 

толық сезінеді

3.1.2 Кемел жас немесе 

ересектік мерзімнің 

2-жартысы

36-60 жас 

(ерлер)


36-55 жас

(əйелдер)

Жүйке жəне эндокриндік 

жүйелері өзгеріп, қайта 

қалыптасады, организм 

қызметі күрделі өзгерістерге 

душар болады, климакс 

кезеңіне сəйкес кейбір 

аурулардың алғашқы 

белгілері біліне бастайды

3.2

Егде жас немесе 



мосқалдық кезең

60-74 жас 

(ерлер)

55-74 жас 



(əйелдер)

Қимыл əрекеті баяулайды, 

зат алмасу қарқыны 

бəсеңдейді. Жүйке 

жүйесінде тежелу айқын 

басымдылық көрсетеді, 

реттеу қызметі де баяулайды. 

Кейбір гормондар бөлінуі 

азаяды. Сүйек құрамында 

бейорганикалық заттар 

мөлшері арта бастайды. 

Организм тез қартаяды, 

компенсациялық қабілеті 

азайып, бейімделу 

төмендейді. Сондықтан 

олар осы жас кезеңдерінде 

кездесетін ауруларға жиі 

шалдығады




379

18-кестенің жалғасы

3.3


Қариялық немесе 

кəрілік жас

75-90 жас 

(ерлер мен 

əйелдер)

Организм тозып, инволюция 

– кері даму, қайту байқалады, 

негізгі қызметтер күрт 

төмендейді, қызметтік 

қорлар сарқылып төтенше 

жағдайларда өлім қаупі 

төнеді


3.4

Ұзақ өмір 

сүрушілер

90 жастан 

асқандар

Организм қызметі əлсірейді, 

тірек-қимыл əрекеті 

үйлесімсіз болады, қол-аяғы 

қалтырайды, зат алмасу 

қарқыны төмендейді, 

жүйкесі қажиды, тежелу 

құбылысы дендейді, ұйқы 

нашарлайды, талдағыштар 

жүйесі кемшін келеді, есте 

сақтау қабілеті төмендейді. 

Дегенмен ширақ қарттар да 

кездеседі

Жоғарыдағы  классификациямен  қатар  балаларды  тəрбиелеу, 

үйрету жəне оқыту жағдайларын ескеріп, педагогтар:

1. Жаңа туған нəресте (1 ай);

2. Емшектегі бөбек (1 айдан 1 жасқа дейін);

3. Бөбекхана (ясли) жасы балбөбектер тобы (1-4 жас);

4. Мектепке дейінгілер тобы (5-6/7 жас);

5. Мектеп жасындағылар:

5.1. Бастауыш сыныптағы оқушылар (6/7-11 жас);

5.2. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);

5.3.  Жоғары  сыныптағы  оқушылар (14-18 жас)  сияқты  жас 

кезеңдерінің топтарын ұсынады.

Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте 

көп. 18-кестеде көрсетілгендей, əрбір жас кезеңдерінің белгілі бір 

ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын 

«өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Кейбір ғалымдар 

бұл мерзімді мүшелі жас деп те атап жүр. Бірақ оның жас кезеңдері 



380

қазақтың мүшелі жасымен сəйкес келе бермейді, дегенмен белгілері 

ұқсайды.  Өзгеру  мезгілі  əр  кезеңде  де  ауыр,  организм  көп  күш 

жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан 

бейімделу  уақыты.  Сондықтан  өзгеру  мезгілінде  адам  организмі 

біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерістерін қиналып 

өткізеді.  Бұл  кезде  жүрек,  қан  тамырлары  мен  жүйке  жүйелеріне 

түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның 

жасы  ұлғайған  сайын  қиын  келеді.  Жас  кезеңдерінің  уақыттары 

əртүрлі  шектелген.  Ол  организмнің  биологиялық  көрсеткіштеріне 

негізделген.  Жас  кезеңдерінің  уақыт  шектері  (хронологиясы)  бол-

сын,  оның  жеке  функциялық  көрсеткіштері  болсын  əлеуметтік 

жағдайларға байланысты ұмытпаған жөн (Қ. Дүйсембин, 2007)

Жеке-дара дамуды неғұрлым нақтырақ бағалау үшін күнтізбелік 

(төлқұжаттық)  жаспен  қатар  биологиялық  жасты  да  ескеру  

ұсынылады. Бұл əрбір организм үшін өзіңе ғана тəн даму темпінің 

болуымен  байланысты.  Сондықтан  да  биологиялық  дамудың  жеке 

жас  кезеңдерінің  мерзімдері  үнемі  күнтізбелік  жаспен  сəйкес  келе 

бермейді.  Биологиялық  жас  дене  дамуы  (бой,  салмақ  жəне  т.б.), 

қаңқаның  сүйектерінің  қатаю  мерзімі,  жыныстық  есею  дəрежесі 

сияқты көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бағаланады. 

Шынайы  жастың  нақты  сипатын  бұдан  да  едəуір  қиындататын 

фактор  акселерация  үдерісі  болып  табылады.  Бұл  үдеріс  дене 

дамуының жылдамдауы, мерзімінен бұрын ерте жыныстық жетілу, 

дене мөлшерінің артуы сияқты  негізгі ерекшеліктерімен сипаттала-

ды.  Мəселен,  Мəскеу  қаласының  жасөспірімдері  мен  бозбалалары 

1923-1925 жылдармен салыстырғанда 10-13 см-ге өскен, оларда дене 

салмағы 9-11 кг-ға артқан. 1979 жылғы 12 жасар ер балалардың бойы 

1930 жылдағылардан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. ХХ ғасырда 

өмір сүрген Алманиядағы балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір 

жас  кезіндегі  көрсеткіштері  ХІХ  ғасырдағылардан  артық  болған. 

Жыныстық жетілу көрсеткіштерінің бірі – алғашқы етеккір Ленин-

град (қазіргі Санкт-Петербург) оқушыларында 1927-1930 жылдары 

орта есеппен 14 жас 2 айда басталса, 80-жылдардың аяғында 12 жас 

11 айда байқалған. 

Қ.  Дүйсембин (2007) еңбегінде  мұндай  мəліметтердің  қазақ 

балаларының өсуінде де кездесетіні қарастырылған. Айталық, 1976 

жылғы  Алматы  қаласының 13 жастағы  оқушыларының  бойы  орта 

шамамен, 152 см,  салмағы 44,17 кг,  кеуде  шеңбері 78,13 см  болса 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау