Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет142/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   168

439

байланысты қалыптасқан. Бұлшық еттердің жұмысынсыз адамның 

кеңістікте қозғалуы, сыртқы тыныс алуды жүзеге асыруы, жүректің 

қан айдауы, ас қорыту жолдарымен тағамның жылжуы, несеп-жы-

ныс жүйесі жұмысы, есту аппаратында дыбыс толқындарының өтуі, 

көздің мəтінді оқу жəне іздеу қызметі, сөздің айтылуы тəріздес, т.б. 

көптеген қызметтер мүмкін болмас еді. 

Қазіргі  əлемде  қозғалыс  шектелуінің  қарыштауы  организмнің 

түрлі  жүйелері  қызметтерінің  бұзылуына  əкеліп,  жұмысқа 

қабілеттілікті төмендетіп  жəне денсаулық күйін нашарлата отырып, 

адамның биологиялық табиғатына қайшы келеді. Неғұрлым ғылыми-

техникалық прогресс адамзатты ауыр еңбек пен артық қозғалыстан 

босатқан  сайын,  соғұрлым  қозғалыс  белсенділігін  өтеу  қажеттілігі 

арта түседі. 

Бұл  жағдайларда  жаппай  дене  шынықтыруды  дамытудың  рөлі 

зор. 


Ертедегі  гректер: «Егер  сұлу  болғың  келсе – жүгір,  егер  сау 

болғың  келсе – жүгір,  егер  күшті  болғың  келсе – жүгір», – деген 

екен.  Дене  қимылы  организмнің  тіршілігін  қозғалтып,  жанданды-

рып  отырады.  Тыныс  алу  жақсарады,  қан  айналысы  жеделдейді, 

бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жи-

налып  қалған  улы  зиянды  заттар  сыртқа  шығарылады.  Академик                      

В. В. Париннің айтқанындай, дене қимылы  зат алмасуын тездетеді, 

тірек-қимыл  жүйесінің,  жүрек-қан  тамырлар  жүйесінің  қызметін 

арттырады,  ал  бұл  дененің  қуат  көзін  ашады,  жүйке  жүйкесінің 

қызметін қалыптастырады. 

Дене  шынықтыруға  əйел  адамдардың  тартылуы  өте  маңызды, 

себебі  олардың  денсаулығына  ұрпақ  сапасы  байланысты.  Балалар 

мен жасөспірімдер организмі дамуы қозғалыстың жоғары деңгейін 

аса  қажетсінеді.  Ал  егде  жас  тұлғалары  үшін  сергектік  пен  көп 

жасаудың бірден-бір факторы болып табылады. 

Аз қозғалып қызмет ететін, əсіресе, жасы ұлғайған адамдардың 

қанында  эритроциттер  төмен  болады,  ал  май  ұлпасының  мөлшері 

жоғарылайды.  Бұлшық  еттердің  массасы  азаяды,  ал  сүйектері 

опырылғыш келеді. 

Қара  жұмыстағы  адамдардың,  спортпен  шұғылданатын 

кісілердің  эритроциттерінің  мөлшері  қажетті  деңгейде  болады, 

оттегінің  жетіспеуінде  төзімді  болып,  тыныс  алу  жəне  бұлшық  ет 

жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.



440

Дене  шынықтыру  жаттығуларының  əсерінен  бұлшық  еттердің 

қан  айналысы  күшейеді  де,  жасушалардың  оттегімен,  амин. 

қышқылдарымен,  т.б.  қоректік  заттармен  қамтамасыздануы 

жақсарады. Жаттығу кезінде бұлшық еттің 1 мм көлемінде 2500 қан 

капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М. Се-

ченов осындай əсердің ми  жасушаларында да болатынын болжаған, 

ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дəлелдеді. 

Дене  шынықтыру  жаттығулары  ішкі  мүшелерге  де,  ішектегі 

лимфаның  түзілуіне  де  əсер  етіп,  лимфаның  қозғалысын  жыл-

дамдатады.  Соның  нəтижесінде    ішек-бауыр  лимфасы  арқылы 

зат  алмасуының  соңғы  қажетсіз  қалдықтары  организмнен  сыртқа 

мезгілінде шығып отырады. 

Қазіргі  уақытта  мезгілі  жетіп  дүниеге  келген  нəрестенің  дене 

салмағы  мен  бойы  қалыпқа  сай  болса  да,  функциялық  жағынан 

толық жетілмеулері байқалады. Бұл оның қозғалыс белсенділігінің 

төмендеуімен,  бұлшық  еттік  гипотониямен,  тез  қажумен,  суық 

тию  мен инфекциялық ауруларға төзімділіктің, яғни  иммунитеттің 

төмендеуімен,  эмоциялық  реакцияларға  əлсіз  жəне  тұрақсыз, 

жүйке  жүйесінің  əлсіз  типімен  көрініс  береді.  Физиологиялық 

жетілмеудің нəтижесі дене сапалары мен дағдыларының жеткіліксіз 

дамуы,  семіздік,  жақыннан  көргіштік,  омыртқа  жотасының 

қисаюы,  жалпақ  табандылық,  балалар  травматизмі  болып  табыла-

ды. Бұл құбылыс адам өмірінің келесі сатыларына да ықпал етпей 

қоймайды.  Физиологиялық  жетілмеумен  күрес  фармакологиялық, 

психологиялық  немесе  педагогикалық  шаралармен  шектелмейді. 

Аталмыш құбылысқа қарсы тұрудың бірден-бір негізгі қажетті ама-

лы қозғалыс белсенділігін арттыру. Бұл көп жасауға жəне салауатты 

өмір салтына ашылған жол. 

Жаппай  дене  шынықтыруды  дамыту  денсаулықты  сақтау  мен 

жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуды ғана қамтамасыз етіп қоймай 

халықты, əсіресе жасөспірімдерді зиянды əдеттерден – шылым шегу, 

маскүнемдік мен нашақорлықтан аулақ болуға əкеледі. 

Осыған  орай,  халықты  дене  шынықтырумен  шұғылдануға  тар-

ту  қажет.  Айтулы  спортшылардың  спорттық  жетістіктері  қалың 

қауымға  рух  беріп,  спортпен  жүйелі  түрде  айналысуға  əкеледі. 

Қазіргі олимпизмнің негізін салушы Пьер де Кубертен 100 адам дене 

шынықтырумен айналысу үшін 50 адамның спортпен шұғылдануы, 

50  адамның  спортпен  шұғылдануы  үшін 20 адам  жоғары  білікті 



441

спортшы болуы, ал бұл адамдар үшін 5 адамның керемет жетістіктер 

көрсетуі қажет екендігін дұрыс атап өткен. 

Біздің елімізде де Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Александр Вино-

куров, Илья Ильин, Бекзат Саттарханов сынды спортшыларымыздың 

жетістіктері  барша  жастардың  спортпен  шұғылдануына  түрткі  бо-

лары  сөзсіз.  Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаевтың  қазақстандықтарды 

бұқаралық  спорт  түрлеріне  тарту  барысында  атқарып  жатқан 

жұмыстарының да жемісін беріп жатқанына олимпиада жетістіктері 

дəлел болып табылады. 



Гипокинезия, гиподинамия жəне олардың адам организміне 

ықпалы

Қазіргі  заман  жағдайында  дене  жүктемелерінің  азаюы  адам 

организмі түрлі қызметтерінің нашарлауына əкеледі. 

Гипокинезия жəне гиподинамия

Адам  организмі  қалыпты  қызмет  етуі  үшін  қаңқа  бұлшық 

еттерінің  жеткілікті  белсенділігі  қажет.  Бұлшық  ет  аппаратының 

жұмысы мидың дамуына жəне ми орталықтары аралық пен сенсор 

аралық  өзара  байланыстардың  түзілуіне  əкеледі.  Қозғалыс  əрекеті 

энергия  өнімі  мен  жылу  түзілуді  жоғарылатады,  организмнің  ты-

ныс алу, жүрек-тамыр жəне т.б. жүйелерінің қызметін жақсартады. 

Қозғалыстың  жеткіліксіз  болуы  барлық  жүйелердің  қалыпты 

қызметінің  бұзылуына  əкеледі  жəне  нəтижесінде  гипокинезия  мен 

гиподинамия күйі туындайды. 

Гиподинамия  (грек.  гипо  –  төмен,  динамос  –  күш)  күштің  аза-

юы, дененің іс-қимылының төмендеуі. Жүріп-тұру, қозғалыс-қимыл 

азайған  сайын  бұлшық  еттер  босаңсиды,  жүрек  еті,  басқа  ішкі 

мүшелердің  жалпақ  еттері  əлсірейді.  Гиподинамияны  «гипокине-

зия» (гипо – төмен, кинезис – қимыл, қозғалу) деп те атайды. Бірақ 

бұл толық мəнді синоним емес. Гипокинезияны, яғни дененің неме-

се оның кейбір мүшелерінің қимылдамай қалуы не əлсіз қимылын 

тудыратын  себептердің  бірі – ортаңғы  ми  мен  жұлындағы  қимыл 

рефлекстерінің орталығының істен шығуы. 

Гиподинамия  ұзақ  отырып,  қызмет  ететін  адамдарда  жиі 

байқалады  немесе  гипстелген  аяқ-қол  біраз  уақыт  қозғалмауына 

байланысты,  ғарышта  ұзақ  болғанда  пайда  болады.  Мысалы, 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау