Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет75/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87

298
299
•  Əрбір  оқылып  отырған  шығармалардың  авторлары  туралы 
толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу.
Оқушылардың 
шығармашылығын, 
ізденімпаздығын 
қалыптастыруда  сыныптан  тыс,  жеке,  ұжымдық  жұмыстар 
ұйымдастыруда  шығармашылық,  пəндік  апталықтар,  пəндік 
үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. 
Осындай  жұмысты  үнемі  жүргізу  оқушыларды  шығармашы-
лыққа  баулуға,  шəкірт  бойындағы  қабілет  көзін  ашып,  тілін 
байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді. 
Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық 
əрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетінің  дамуын  ұқыпты 
қадағалап, тəжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап, 
зерттеуге  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  мектеп  психологының 
көмегі көп тиеді. Психологпен диагностика жүргізіліп, мониторинг 
жасалынып, қорытынды шығарылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын 
ұқыпты  қадағалау,  оқу  үдерісінің  тиімді  болуында  қандай  көрініс 
табады?  Жалпы  үлгерім,  яғни  олардың  шығармашылық  қабілетін 
дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына əсер етеді.
Қазіргі  уақытта  білімді,  қабілетті,  əдепті,  іскер,  мейірімді 
мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы 
білім бере алады. 
Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 
технологиясы  бойынша  өткізілетін  сабақ  құрымын  төмендегідей 
көрсетуге болады: 
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мəселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау үдерісінің ең жоғарғы сатысында мəселені 
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу үдерісін 
осындай үш сатыда ұйымдастыру. 
Сабақтарда  стратегияларды  оқу  бағдарламасына  сəйкес  бірізді 
жүйелі  түрде  қолдануға  болады.  Сабақта  жиі  қолдануға  болатын 
əдістер мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ – ой-толғаныс  фазасында  Венн  диаграммасы,  еркін  жазу, 
т.б.  стратегиялар  арқылы  баланың  дамуына,  оның  бойындағы 
жеке  қабілеттердің  ашылуына,  шығармашылықпен  ізденуіне  жол 
салынады.
Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту  сабақтарының  негізінде 
оқушылар арасында:
-  бір-бірінің  пікірін  тыңдау,  сыйлауға  ынтымақты  қарым-
қатынастың негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолда-
рын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Мектеп  өмірінде  мұғалімдердің  аталмыш  жобамен  жұмысқа 
дейінгі  жəне  кейінгі  кезеңін  (аралығын)  салыстыру  оқушылардың 
оқуға  деген  ынта-ықыласының  артқандығын,  адами  жақсы 
қасиеттердің 
қалыптасқандығын, 
мұғалімнің 
шыдамдылық, 
төзімділік  сияқты  сапаларымен  қатар  оқушылардың  басқаны 
қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың  осындай  жаңа  педагогикалық  технологияларын 
сабаққа  ендіру  бүгінгі  таңда  əрбір  ұстаздың  басты  мақсаты  болуы 
керек.  Себебі,  елімізге  заман  талабына  сай  қалыптан  тыс  ойлай 
алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл 
азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, 
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын 
қарастыру да дəстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын 
салыстыру  кестесі  арқылы  көрсетуге  болады.  Мұғалім  бұл 
жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан 
өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз 
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Əйтпесе, жаңа жүйенің 
құны  болмайды.  Енді  оқу  үдерісін  дəстүрлі  əдіспен  жəне  RWCT 
жаңа  жүйемен  өткізгендегі  мұғалім  мен  оқушының  іс-əрекеттерін 
кесте түрінде көрсетейік.


300
301
Дəстүрлі сабақтар
Мұғалімнің əдістері
Оқушының іс-əрекеті
Тақырыпты түсіндіреді
Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер 
туралы 
айтып 
береді
Кейіпкерге мінездеме береді
Мəтіннің идеясын анықтайды
Оқулық  бойынша  мұғалімнің 
түсіндіргенімен байланыстырып 
айтады
Мəтіннің көркемдік ерекшелігін 
мысалдар арқылы түсіндіреді
Мəтіндегі негізгі сөздерді тауып, 
айтып 
береді, 
дəптерлеріне 
жазады
Тақырыпқа  шығарма  жазуды 
тапсырады
Шығарма жазады
Сабақты  қорыту  сұрақтары 
жалпы қойылады
Жауап береді
RWCT  сабақтары
Мұғалімнің əдістері
Оқушының іс-əрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды
Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа 
қызықтырып 
бағыттайды
Мəтінмен өздері танысады
Мəтіндегі  ең  құнды  нəрсені 
анықтауды ұсынады
Əр түрлі əдістер арқылы мəтінді 
зерттейді
Кейіпкердің 
ерекшеліктерін 
тануға бағыттайды
Жеке  кейіпкерлерді  талдайды, 
өздерін  олардың  орнына  қойып, 
қарайды, салыстырады
Мəтіннің 
тілдік 
ерекшелігі 
туралы сұрақ қояды
Əр 
түрлі 
əдістер 
арқылы 
шығарманың  негізгі  мазмұнын 
анықтайды
Өз ойларын жазуды ұсынады
Ойларын  қорытып,  оны  қағаз 
бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды
Өз тұжырымдамасын жасайды
Осы салыстыру кестелерінен «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» 
бағдарламасының  негізгі  қағидаларының  шығармашыл  тұлға 
қалыптастыруға бағытталғандығы айқындалады. Академик Лернер 
бойынша білім-мəліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, 
шығармашылық  іс-əрекеттер,  көңіл-күй  құндылық  бағдарларынан 
тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы 
аталған  бағдарлардың  іске  асып,  нəтижесін  беретіндігіне  күмəн 
болмайды.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі  сабақтарында сыни тұрғыдан 
ойлау технологиясының тиімділігі
Қазіргі  кезде  мектептерде  жиі  қолданылып  отырған  қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологиялардың  бірі – оқушылардың 
жазу  мен  оқуда  сын  тұрғыснан  ойлау  қабілетін  қалыптастыруға 
бағытталған  əдіс-тəсілдер.  Осындай  əдістеме  негізінде  бастауыш 
сынып  оқушыларына  қазақ  тілі,  əдебиеттік  оқу,  дүниетану 
пəндерінен терең де тиянақты білім беруге болады.
Оқытуды  жеке  тұлғаға  бағыттау  арқылы  кез  келген  сабақтың 
дамытушылық,  тəрбиелілік  мүмкіндіктерін  пайдаланып  жəне  осы 
жүйені  қолдану  барысында  қазақ  тілі,  əдебиеттік  оқу,  дүниетану 
сабақтарында  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  сабақтарды  «Сыни 
тұрғыдан  ойлау»  технологиясы  стратегиялары  негізінде  құрып 
оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тəсілін бастауыш сынып мұғалімі 
іс-тəжірибесіне  енгізу  нəтижесі  оқушылардың  бойында  мынадай 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Əрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен 
жəне ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
•  Жеке  дауысты  (кейіпкер,  жазушы,  бірге  оқитын  оқушы) 
қабылдауға үйренеді;
•  Ойын  жаңа  ақпараттар  арқылы  білдіреді  /мағынаны  тану 
кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгіліні пайдалана алады;
•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мəселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын 
жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау