114
Егер тараптардың бірі мəміле бойынша құқықтарды мемлекеттік
тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мəміле бой-
ынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай
жағдайда құқықтар сот шешіміне сəйкес тіркеледі.
Мемлекеттік тіркеу келесідей мəмілелерге міндетті:
Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле;
Қозғалатын мүліктің жекелеген түрлерімен жасалатын мəміле;
Бағалы қағаздармен жасалатын мəміле;
Капиталдың ағымына байланысты мəмілелер;
Лицензиялық мəмілелер;
Жер қойнауын пайдалануға байланысты мəмілелер;
Заем туралы мемлекеттік шарттар.
Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiлелерді мемлекеттiк
тiркеу
ҚР АК 118-бабында белгіленгендей, қ
озғалмайтын заттарға
меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою,
олардың пайда болуы, ауысуы жəне тоқтатылуы мемлекеттiк
тiркелуге тиiс.
Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару
құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жыл-
дан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге
беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару
құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады.
Міне осылайша, жылжымайтын мүлікке деген барлық құқықтар
тіркелуге жата бермейді. Тек келесілері ғана тіркелуі тиіс:
меншік құқығы
шаруашылық жүргізу құқығы
оралымды басқару құқығы
бір жылдан артық мерзімге жерді пайдалану құқығы
мүлік кепілі
жылжымайтын мүлік рентасы
мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасалатын мəмiленi
мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң
өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру
арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы
тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған
мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асыру-
115
шы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты
кез келген адамға беруге мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын
мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз
жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қоз-
ғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi
тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
6.4. Жарамсыз мəмілелер
Заң шығарушы ҚР АК 157-162 баптарында мəмілелердің
жарамсыздық негіздерін, сондай-ақ мəмілелерді жарамсыз деп тануға
байланысты даулар жөніндегі талап қоюдың ерекше мерзімдерін ҚР
АК 159-бабының 9 жəне 10-тармақтарында бекіткен.
АК 157-бабында мəмілелердің жарамсыздығының келесідей
негіздері көрсетілген:
а) егер мəміленің мазмұны заң талаптарына сəйкес келмесе,
сондай-ақ құқықтық тəртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу
қайшы келген ретте;
б) егер мəміле оған қатысушылардың мəмілеқабілеттілік талапта-
рын бұзатын болса;
в) егер мəміле оған қатысушылардың тиісінше ерік білдіру жəне
шарт жасасу бостандығын бұзса;
г) егер мəміле өзінің нысаны туралы талаптарды бұзса.
Бірінші категориядағы жарамсыз мəмілелерге қылмыс жасауды,
заңнамалық актілерді орындаудан жалтаруды, тұлғаның азаматтық
айналымнан алынған тауарларды сатуын қарастыратын мəмілелерді
жатқызуға болады.
Уəкілетті банктерді, банктік емес уəкілетті қаржылық
мекемелерді жəне олардың айырбастау орталықтарын айналып өтіп,
резиденттердің арасында АҚШ долларына қатысты сатып алу сату
шартын жасасуы мəміленің жарамсыздығына əкеледі («Валюталық
реттеу жəне валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы).
Салық салынатын базаны азайту жəне салықты толықтай төлеуден
жалтару мақсатында бір заңды тұлғаның өз өнімдерін басқа заңды
тұлғаға қасақана төмендетілген баға бойынша сатуы құқықтық тəртіп
негіздеріне қайшы жасалынған мəмілелердің мысалы бола алады.
Адамгершілікке қайшы мəміле ретінде ерлі-зайыптылардың
116
бірінің екіншісін жыныстық құлдыққа сатуын немесе ата-анасының
өз баласын сату оқиғаларын айтуға болады.
Заң шығарушы заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не
оның органдарының құзыретiн бұзатын мəмiленi қасақана жасасқан
адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе
жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мəмiленi жарамсыз
деп тануды талап етуге құқығының жоқтығын бекітеді.
Мұндай мəмілелердің мысалы ретінде заңды тұлға мен ше-
телдік коммерциялық банктің арасында жасалынып, заңды тұл-
ғаның коммерциялық банктегі депозиттік шотқа ақша сома-
сын аударатындығы жəне банктің оған пайыздар төлейтіндігі
қарастырылған мəмілені атауға болады.
Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін депонент соманы пайыздары-
мен кері талап етті. Бұған банк депозитті орналастыру барысында
валюталық операциялар туралы заңнаманың бұзылғандығына сілтеме
жасап, төлемді төлеуден бас тартты. Осы ретте, аталған мəмілені жа-
рамсыз деп тану туралы банктің талап-арызы қанағаттандырылмайды.
Егер мəмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындау-
дан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен
жалтару ниетiмен жасалған ретте, ал мəмiленiң басқа қатысушысы
бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ
(мемлекет) мəмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң
мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мəмiле жарамсыз болады (қараңыз:
ҚР АК 159-бабы, «Лицензиялау туралы» Заң). Лицензияны мерзімінен
бұрын кері қайтарып алған жəне оның қолданысы тоқтатыла тұрған
реттерде де мəміле жарамсыз деп танылады.
Терiс пиғылды бəсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк əдеп та-
лаптарын бұзатын мəмiле жарамсыз болады (ҚР АК 159-бабы, «Теріс
пиғылды бəсекелестік туралы» Заң).
Соңғысының мысалы ретінде жергілікті нарыққа біртектес
өнімдерді шығаратын қос заңды тұлғаның бəскелестікті жоюға
əкелетін (бағаның ымыраға келуі) бағаны бірлесіп жоғарылату тура-
лы мəмілесін атауға болады.
Заңи күші бар мəмілелерді жасасуға қатысты азаматтың заңи
мойындалған мүмкіндігі мəмілеқабілеттілік ұғымын береді.
ҚР АК 159-бабының 3-7-тармақтарында қарастырылған жағ-
дайларды қоспағанда, əрекетқабілеттілікке ие барлық азаматтар
мəмілеқабілеттілігіне ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |