Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет35/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68

111
Міндеттемені  орындау  жəне  бұрын  жасалған  ірі  мəмілелерді 
жүзеге  асыру  жөніндегі  əрекеттер  жекелеген  мəмілелер  ретінде  са-
налмауы тиіс. Атап айтқанда, мысалы бұрын қоғамның банктен несие 
алатындығы жөнінде ірі мəміле жасалған болса, онда бұдан кейінгі 
барлық мəмілелер мен əрекеттерді аталған ірі мəміленің орындалуы 
ретінде қарастырған жөн. Бұған аталған мəмілені қамтамасыз ету, бо-
рышты аудару немесе несиелік берешекті өтеу жөніндегі əрекеттерді 
жатқызуға  болады.  Тиісінше,  директорлар  Кеңесі  ірі  несие  шартын 
жасасу  жөніндегі  шешімді  қабылдау  барысында  осындай  құқықтық 
салдарлары  мен  мəн-жайларды  ескеруі  жəне  айрықша  талқылауы 
қажет. Өйткені бұл болашақта акционерлік қоғамның экономикалық 
мүддесін  лайықты  түрде  қорғауға  мүмкіндік  береді  жəне  оның 
атқарушы органына тиісті өкілеттіктерді ұсынады.
Ірі мəмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызды кез келген 
мүдделі тұлға ұсына алады. Бұлардың қатарына тараптардың өздері, 
сондай-ақ акционерлер мен директорлар кеңесінің мүшелері жатады. 
Заңда  жəне  қоғамның  жарғысында  белгіленген  талаптарды  бұза 
отырып  қасақана  ірі  мəміле  жасаған  тұлғаның,  егер  мұндай  талап 
пайдакүнемдік  немесе  жауапкершіліктен  жалтару  ниетінен  туса, 
мəмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
6.3. Мəмiленiң нысаны
Мəмiлелер ауызша жəне жазбаша нысанда жасалады (жай немесе 
нотариалдық).
Заңдармен  немесе  тараптардың  келiсiмiмен  жазбаша  (жай  не 
нотариалдық)  немесе  өзге  белгiлi  бiр  нысан  белгiленбеген  мəмiле, 
атап  айтқанда,  олар  жасалған  кезде  атқарылатын  мəмiлелердiң  бəрi 
ауызша  жасалуы  мүмкiн.  Мұндай  мəмiле  адамның  мiнез-құлқынан 
оның мəмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп 
саналады.
Жетон, билет немесе əдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын 
белгi  арқылы  расталған  мəмiле,  егер  заңдарда  өзгеше  белгiленбесе, 
ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген 
реттерде мəмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
Мысалы ретінде ҚР АК 558 бабындағы ережелерді атауға болады. 
Оған сəйкес мүлікті жалдау шартының мерзімі өткеннен кейін жəне 
жалға  беруші  жағынан  қарсылық  болмаса  (үндемемесе)  шарт  жаңа 
мерзімге қайта жаңғырды деп саналады.


112
ҚР АК 152-бабына сəйкес мəмiленiң жазбаша түрi жасалуы ке-
рек:
1)  егер  мəмiлелердiң  жекелеген  түрлерi  үшiн  заңдарда  өзгеше 
арнайы  көзделмесе  немесе  iскерлiк  қызмет  өрiсiнiң  əдеттегi 
құқықтарынан  туындамаса,  мəмiлелердi  жасау  кезiнiң  өзiнде  орын-
далатындарынан басқа, кəсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асыры-
латын;
2) мəмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, 
жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де рет-
терде жазбаша түрде жасалуға тиiс. 
Атап  айтқанда,  келесі  шарттарға  мəміленің  жазбаша  нысаны 
міндетті болып табылады:
кепілге,
кепілдікке,
кепіл болушылыққа,
сыртқы экономикалық мəмілелерге,
банктік салымға,
банктік шотқа,
сақтандыруға,
айып төлеу туралы келісімге,
кепілпұл келісіміне,
алдын ала жасалатын шартқа,
құрылтай шартына,
лизингке,
кəсіпорынды жалға алуға,
банктік заемға жəне т.б.
Жай  жазбаша  нысан  белгілі  бір  құжаттарды  (хатты,  хаттаманы, 
шарт мəтінін) жасау жолымен көрініс табады жəне онда тараптар қол 
жеткізген келісімнің ережелері сипатталады. Ауызшаға қарағандағы 
жазбаша нысанның артықшылығы даусыз.
Жазбаша  түрде  жасалған  мəмiлеге  тараптар  немесе  олардың 
өкiлдерi  қол  қоюға  тиiс.  Бірқатар  ережелерді  сақтай  отырып, 
мəмілеге өзге тұлғалардың қол қоюына жол беріледі. Хат, жеделхат, 
телефонжазба,  телетайпжазба,  факс,  электрондық  құжаттар  немесе 
субъектiлердi жəне олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын 
өзге  де  құжаттар  алмасу,  жазбаша  түрде  жасалған  мəмiлеге 
теңестiрiледi.  Мəмiле  жасау  кезiнде  қол  қоюдың  факсимилелiк 
көшiрмесін  пайдалануға  жол  берiледi.  Заңда  немесе  тараптардың 


113
келісімінде мəміленің нысанын күрделендіре түсетін арнайы ереже-
лер қарастырылуы мүмкін (арнайы бланк, мөр).
Мəмiленiң  жай  жазбаша  түрiн  сақтамау  оның  жарамсыз  болып 
қалуына  əкелiп  соқтырмайды,  бiрақ  дау  туған  жағдайда  тараптар-
ды мəмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куəгерлiк 
айғақтармен растау құқығынан айырады.
Заң  құжаттарында  немесе  тараптардың  келiсiмiнде  тiкелей  көр-
сетiлген  реттерде  мəмiленiң  жай  жазбаша  түрiн  сақтамау  оның  жа-
рамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады.
Мəмілелерді  нотариалды  куəландыруды  мемлекеттік,  жеке  но-
тариустар,  қызмет  ету  аймағында  нотариалды  контора  жоқ  болған 
ретте  атқарушы  органдардың  лауазымды  тұлғалары,  шетелдегі  ҚР 
консулдық  мекемелері  жəне  заңмен  уəкілеттілік  берілген  өзге  де 
тұлғалар жүзеге асырады (қараңыз: «Нотариат туралы» ҚР Заңының 
1-бабы).
Нотариалдық куəлəндыру мəміленің бірнеше түріне ғана қажет:
 
- өсиет;
 
- мүлікке  билік  ету  сенімхаттары  жəне  нотариалдық  нысанды 
қажет ететін мəмілелер жасауда;
 
- рента шарты;
 
- қайта жасау тəртібінде берілетін сенімхаттар;
 
- неке шарты;
 
- алименттер төлеу келісімі;
 
- шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары.
Мəміленің  міндетті  нотариалдық  куəландыруын  сақтамау  оның 
жарамсыздығына əкеледі. 
ҚР  АК 394 бабында  егер  тараптар  белгiлi  бiр  нысанда  шарт 
жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл ны-
сан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден 
бастап жасалды деп есептелетіндігі бекітілген. 
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Бірқатар мəміле лер мемлекеттік тіркелуге жатады.
ҚР  АК 155 бабы  егер  заңнамалық  актілерде  өзгеше  көзделмесе, 
заңнамалық  актілерге  сəйкес  мемлекеттік  немесе  өзге  де  тіркелуге 
тиіс  мəмілелер,  сондай-ақ  ҚР  АК 118-бабының 2-тармағынның 
бірінші  бөлігінде  аталған  құқықтарды  туындататын,  өзгертетін  не-
месе  тоқтататын  мəмілелер  тіркелгеннен  кейін  жасалған  болып 
есептелетіндігін бекітеді.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рəсімделуге тиіс жəне заңнама 
талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау