Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет33/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68

104
5.3. Тестілер
1. Азаматтық айналымнан алынбаған заттарға жатады: 
а) қару-жарақ
b) радиоактивтік заттар
с) баспа құралдары
d) есірткі заттар
2. Азаматтық құқық объектісіне жатпайды:
а) заттар
b) бағалы қағаздар
с) заңды тұлғалар
d) іскерлік бедел
3. Атаулы бағалы қағазбен куəландырылған құқықтар тиесілі: 
а) онда аталған тұлғаға
b) онда аталған, сонымен қатар басқа құзыретті тұлғаға
с) онда аталған эмитент немесе тіркеушіге
d)  лицензиясы  бар,  бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіпқой 
қатысушысына
4. Бөліну кезінде өз мақсатын жоғалтпайтын мүліктер: 
а) бөлінбейтін 
b) күрделі
с) қозғалатын
d) бөлінетін
5. Құқықтар бұл қағазға берiлген жазу – индоссамент арқылы 
берiлетін бағалы қағаздар:
а) бланктік
b) ордерлік
с) атаулы
d) эмиссиялық
6. Коносамент – бұл:
а) дивиденттер алу құқығын куəландыратын бағалы қағаз
b) оның номиналдық құнын алу құқығын куəландыратын бағалы 
қағаз


105
с) банктік салымды алу құқығын куəландыратын бағалы қағаз
d) онда көрсетілген жүктерге билік ету құқығын куəландыратын 
тауарларды реттеуші құжат
7. Құқықтың қандай объектісі мүліктік кешен болып табыла-
ды:
а) ақша
b) кəсіпорын
с) интеллектуалдық меншік
d) бағалы қағаздар
8. Алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айна-
лым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттар:
а) айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар
b) айналымнан алынып тасталған
с) айналымнан алынып тасталмаған
d) қозғалатын
9.  Бiрiгу  мəнi  белгiлейтiн  мақсаты  бойынша  пайдалануға 
мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын əртектi заттар:
а) бөлінбейтін
b) күрделі
с) қозғалатын
d) қозғалмайтын
10. Коммерциялық жəне қызметтік құпия қорғалады:
а) егер ол құзыретті патентік органда тіркелсе
b) егер «құпиялы» немесе «қызметтік пайдалану үшін» деген жазу 
болса
с) егер заңды негізде оны еркін пайдалану мүмкін болмаса
d) егер ол коммерциялық немесе коммерциялық емес бағалы бол-
са
11. Азаматтық құқық объектілері болып танылады:
a) мүлікті жəне жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
b) жекеменшік нысанында құрылған заңды тұлғалар
c) жеке тұлғалар
d) əрекет қабіліттілігі бар азматтар


106
12.  Ол  бойынша  сыйақы  алу  жəне  оның  айналыс  мерзiмiнiң 
аяқталуы  бойынша  ақшалай  немесе  өзге  де  мүлiктiк  балама 
түрдегi нақты құнын алу құқығын куəландыратын бағалы қағаз:
а) акция
b) облигация
с) вексель
d) коносамент
13. Кəсіпорын азаматтық құқық объектісі ретінде – ол:
а) коммерциялық заңды тұлға
b) мүліктік кешен
с) акцияларының 100 % мемлекетке тиесілі АҚ
d) Мемлекеттік емес заңды тұлға
5.5. Нормативтік актілердің тізімі:
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы жəне ерекше бөлімдері) (өзгерістер 
жəне толықтырулармен бірге).
ҚР 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер  кодексі (өзгерістер жəне 
толықтырулармен бірге).
«Шаруа  (фермер)  қожалығы  туралы»  ҚР 1998 жылдың 31 нау-
рызындағы заңы (өзгерістер жəне толықтырулармен бірге).
«Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  ҚР 2010 
жылдың 24 қаңтарындағы  заңы  (өзгерістер  жəне  толықтырулармен 
бірге).
«Вексель айналысы туралы» ҚР 1997 жылдың  28 сəуіріндегі заңы 
(өзгерістер жəне толықтырулармен бірге)
«Валюталық реттеу жəне валюталық қадағалау туралы» ҚР 2005 
жылдың 13 маусымындағы заңы (өзгерістер жəне толықтырулармен 
бірге)
«Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  жəне  онымен  жасала-
тын  мəмілелерді  мемлекеттік  тіркеу  туралы»  ҚР 2007 жылдың 26 
шілдесіндегі заңы (өзгерістер жəне толықтырулармен бірге).


107
6-тақырып. Мəмілелер
6.1. Мəміле ұғымы
6.2. Мəміле түрлері
6.3. Мəміле нысаны
6.4. Жарамсыз мəмілелер
6.5. Тапсырмалар
6.6.Тестілер
6.7. Нормативтік актілердің тізімі
6.1. Мəміле ұғымы
Қазіргі  замандағы  нарықтық  экономика  жағдайында  азаматтық 
айналымды  талапқа  сай  қамтамасыз  ететін  азаматтық-құқықтық 
мəмілелер заңи актілердің негізгі түрі болып табылады. ҚР АК 147-ба-
бына сəйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары 
мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған 
əрекеттерi  мəмiлелер  деп  танылады.  Мəміле  жасау  субъектілеріне 
азаматтар  мен  заңды  тұлғалар  жатады.  ҚР  АК  мұндай  мүмкіндікті 
Қазақстан  Республикасы  мен  əкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiстерге  де 
береді.(ҚР  АК 111-114 б.)
Мəмілелер ретінде белгілі бір құқықтық нəтижеге қол жеткізуге 
бағытталған  əрекеттер  танылады.  Сондықтан  мəміле  ол  ерікті  біл-
діретін акті болып табылады. Ерік білдіру арқылы белгілі бір құқықтық 
нəтижеге қол жеткізуге бағытталған субъектінің еркін білдіретін іс-
қимыл мəміле болып табылады. Мəміленің оқиғадан айырмашылығы 
осында.
Мəмілелер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындатуға, өз-
гертуге жəне тоқтатуға бағытталған. Дəл осы арқылы ол, азаматтық 
құқықтар  мен  міндеттерді  туындатуға,  өзгертуге  жəне  тоқтатуға 
бағытталатын жəне құқықтың өзге де салаларымен реттелетін басқа 
ерікті  актілерден  ерекшеленеді  (мысалы,  жұмысқа  қабылдау  тура-
лы  өтінішті  ұсыну  жəне  жұмысқа  қабылдау  туралы  дирекцияның 
бұйрығы еңбек құқықтары мен міндеттерін туындатады).
Мəмілені  азаматтық  құқықтар  мен  міндеттердің  туындауына 
негіз болатын мемлекеттік органдардың жəне жергілікті мемлекеттік 
басқару органдарының актілерінен айыра білу қажет. Аталған актілерге 
қатысты ҚР АК мəмілелер туралы ережелері қолданылмайды.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау